• Басты
  • Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары

17 Наурыз, 2021 14:32

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 ақпандағы Жарлығымен бекітілген елдің 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспарын таныстырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.



Ұлттық жоспардың мақсаты

Осы жылдың 26 ақпанында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспары бекітілген болатын. Ұлттық жоспар Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімдік даму стратегиясын және Жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру үшін әзірленген Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейдегі құжаты болып табылады.

Қайрат Келімбетов өз баяндамасында жаңа Ұлттық құжатта коронакризис салдарын нивелирлеуге, тұрақты, инклюзивтік және сапалы экономиканы дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған түйінді саясатты жетілдіру бойынша аса маңызды салалар мен бағдарларды дамытудың стратегиялық пайымы көрініс тапқанын айтты.

Қайрат Келімбетовтің айтуынша, Ұлттық жоспар барлық саладағы міндетті құрылымдық өзгерістерге байланысты жаңа экономикалық ақиқатты ескере отырып әзірленді. Ол бірнеше маңызды міндеттемелерді атады.

Экономикалық трендтер мен технологиялық трендтер

Экономикалық трендтер. Пандемия нәтижесінде әлемдік ЖІӨ бейбіт уақыттағы рекордтық 3,5%-тік деңгейге дейін төмендеді. Бұл ретте жаһандық борыш жаңа тарихи шекке жетті.

Әлемдік мұнай және басқа да тауар нарығындағы жағдай айтарлықтай өзгерді.Пандемия өзін-өзі қамтамасыз ету және протекционизм трендін күшейте отырып, жаңа әлемдік сауда тәртібін қалыптастырады.

Өндірістік процестер жеткізілім сенімділігін арттыра отырып, өндіріс құнын азайтуға назар аударудың нәтижесінде аймақтық сипатқа ие болады.

Инвестициялық белсенділіктің жаһандық төмендеуі жағдайында сапалы инвестициялар тарту үшін бәсекелестіктің күшеюі байқалады.  

Технологиялық трендтер. Пандемия әсерінен қоғам мен экономиканы цифрландыру процесі тоқтаусыз жүрмек.

"Виртуалдық өзара іс-қимыл форматы күнделікті жәйтке айналды, ал цифрлық технология бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі себебі болмақ", - деді Келімбетов.

2018-2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары ел ішінде үшінші жаңғырту процестерін іске қосты. Алайда, пандемия әсер еткен жаһандық экономика дамуының күрт өзгеруі негізгі даму сценарийін түбегейлі өзгертіп, «жаңа ақиқатты» қалыптастырды. 

«Жоспар халықтың тұрғын үйге, дамыған инфрақұрылымға, сапалы білім беру мен денсаулық сақтауға, жұмыспен қамтуға және тұрақты табыс көзіне базалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру – бұл ел дамуының Ұлттық жоспарының негізгі стратегиялық міндеттері», - деді Ұлттық экономика министрі.

Ә.Ерғалиевтің атуынша, әлеуметтік қамсыздандыру жаңа Әлеуметтік кодекспен реттелетін болады. Жоспарға сәйкес, денсаулық сақтау саласы білікті кадрлармен қамтамасыз етілсе, ал емдеу мекемелері қазіргі заманғы жабдықтармен, диагностика және емдеу әдістерімен толық жарақтандырылады.

 Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы дамудың жаңа кезеңі

Білім беру модельдері өзгеруде, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері шиеленісіп, денсаулық сақтау жүйесін дамыту тәсілдері түбегейлі қайта қаралуда.

Барлық өңірде 20 заманауи медициналық орталық, 12 инфекциялық аурухана және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 2 ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынады. Дәрігерлердің жалақысы 2025 жылға қарай 2,5 есе өседі.

«Сапалы білім беру» жалпыұлттық басымдығы жаңа экономикалық бағытты іске асыру үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытуды көздейді.

Білім беру жүйесін жаңғырту аясында мұғалімдердің жалақысы 2023 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есе өседі. 2025 жылға қарай мектепке дейінгі мекемелерде балаларды 100% ықтимал қамту орындалады.Барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалатын болады. 2025 жылға дейін білім беруге қолайлы жағдай туғызу үшін 800 жаңа мектеп салынады. Бұл апатты және үшауысымдық мектеп, орын тапшылығы проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

«Бірыңғай интеграцияланған білім беру онлайн-платформасы» жобасы іске қосылады.

Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша ел өңірлерінде 2 жетекші ЖОО құрылатын болады.Ұлттық жоспар ШОБ-ты одан әрі дамытуға, салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз етуге, бәсекелес салалардағы мемлекеттің үлесін төмендетуге, өңдеуші өнеркәсіптегі қосылған құны жоғары өндірісті дамытуға бағдарланған.

АӨК-те 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын тарта отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйе құрылатын болады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,3 есеге артады. Барлық осы шаралар еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Цифрландыру, «жасыл технология», инфевтиция тарту

Экономика салаларын цифрландыру, жасанды интеллект және Big Data элементтерін енгізу жөніндегі шараларды іске асыру жалғасады. Ел халқының 99%-і сапалы Интернетке қол жеткізе алады. Барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтылады.    

Мемлекет «жасыл технологияны» енгізуге, отандық ғылыми-технологиялық және инновациялық базаны дамытуға күш салады. Туризмнің үлесі ЖІӨ-нің 8%-іне жеткізіледі.

«Сыртқы экономикалық саясатта инвестицияларды белсенді және таргеттелген тарту, сондай-ақ қазақстандық экспортты ілгерілету маңызды басымдыққа айналады», - деді Ерғалиев.  

2025 жылға қарай тікелей шетелдік инвестиция көлемін 30 млрд. долларға жеткізу көзделген. Бұл 2025 жылға қарай негізгі капиталға инвестиция деңгейін 30% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мұны әлемнің неғұрлым серпінді дамып келе жатқан экономикаларымен салыстыруға болады.

«Маңызды басты жұмыс елдің теңгерімді аумақтық дамуын қамтамасыз етуге арналады. Өңірлерді дамытудың жаңа әдістері әлеуетті көтеруге және олардың әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталады. 3500-ден астам ауыл жаңа өңірлік стандартқа сәйкес жаңғыртылатын болады. Елдегі барлық тұрғын сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізе алады. Елдің аумақтық және экономикалық тұтастығының нығаюы халық пен бизнестің бірігуін арттырады», - деді Ұлттық экономика министрі.

Ұлттық жоспардың жеті қағидаты

Келімбетов атап өткендей, «Жаңа нақтылық» жағдайында Ұлттық жоспар жеті негізгі қағидатқа негізделетін дамудың жаңа моделін қалыптастыруды қамтамасыз етеді:

-игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу;

-жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі;

-адал бәсекелестік;

-өнімділіктің өсуі,

-экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру; адами капиталды дамыту;

-қоршаған ортаны қорғау;

-мемлекеттің дәлелді шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілігі.

Дамудың жаңа траекториясына шығу халықтың өмір сүру сапасы мен табысының нақты өсуін қамтамасыз етеді.

"Еңбек нарығын қалпына келтіру және жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын жаңғырту және жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылданатын болады.Еңбек қатынастарының жаңа прогрессивтік нысандарын енгізу жұмыспен қамтудың икемді нысандарын дамытуды қамтамасыз етеді", - деп тоқталды Қайрат Нематұлы.

Тұрақты өз бетінше білім алу және біліктілікті арттыру үшін жағдайлар жасалады, сондай-ақ жұмыс орындарын болжау жүйесі жетілдіріледі. 

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы жаңа Әлеуметтік кодексімен реттелетін болады.

2025 жылға қарай қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,7%-тен аспайтын деңгейге төмендейді.

Мемлекеттің әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар бойынша барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

Инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу қамтамасыз етіледі, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсетудің өтінім нысанынан анықтау нысанына көшу жүзеге асырылады.

«Патриотизм құндылықтарын дәріптеу» жалпыұлттық басымдығы қайратты және жауапты адамдардың біртұтас ұлтының қалыптасуына, ұлттық бірегейлікті сақтауға және әрбір азаматтың санасын жаңғыртуға бағытталған шараларды іске асыруды көздейді.

Жастардың өзін-өзі танытуы, сондай-ақ қайырымдылық мәдениетінің деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасалады.

«Ұлттық қауіпсіздікті нығайту» жалпыұлттық басымдығы ҚР 2025 жылға дейінгі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы шеңберінде ұлттық мүдделерді тиімді қорғауды қамтамасыз етуді көздейді.

Оны іске асыру нәтижесі қоғамдық қауіпсіздікті 80%-ке дейін қамтамасыз ету, жасырын экономика үлесін 15%-ке дейін төмендету болады.

Экономикалық қатынастардың жаңа жүйесін қалыптастыру жағдайында әртараптандырылған және инновациялық экономиканы дамытуға бағытталған құрылымдық реформалар іске асырылатын болады.

 Ұлт жоспары аясында жүзеге асатын басымдықтар

Басымдықтардың бірі «жаңа парақтан бастау» және «реттеуші гильотинаны» реттеу тетіктерін енгізе отырып, қағидатты жаңа реттеушілік саясатты қалыптастыруды, бизнеске жүктемені төмендетуді, сондай-ақ қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуді көздейтін кәсіпкерлікті дамытудың «жаңа күн тәртібін» іске асыру болады.

Нәтижесінде экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі 15%-ке дейін, ШОБ-та жұмыс істейтіндердің саны 4 млн. адамға дейін өседі.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,3 есеге, қайта өңделген АӨК өнімінің үлесі 70%-ке дейін ұлғаяды.

Экономика салаларын цифрландыру, жасанды интеллект және Big Data элементтерін енгізу жөніндегі шараларды іске асыру жалғасады.

Салаларды технологиялық жаңарту және цифрландыру бойынша жағдайлар жасау үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасады. 

Ел халқының 99%-і сапалы Интернетке қол жеткізе алады.

Барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтылатын болады.  

Туризмді дамыту жөніндегі белсенді шаралар экономика саласының үлесін ЖІӨ-нің 8%-іне дейін өсіруге мүмкіндік береді.

Үйлестірілген макроэкономикалық саясат салық-бюджет тұрақтылығын сақтау және тиімді монетарлық саясатты іске асыру, сондай-ақ бәсекелі және тиімді қаржы нарығын дамыту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

«Жоспарды іске асыру қазіргі кезеңдегі сын-қатерлерді еңсеруге және ортамерзімдік перспективада халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының артуымен қатар жүретін орнықты және сапалы экономикалық өсу траекториясына шығуға мүмкіндік береді», - деп қорытты Келімбетов.

Спикерлердің баяндамасынан соң Strtategy2050.kz тілшісі бірнеше сауал жолдады.

«Стратегиялық жоспарлау агенттігінің жаңа реформалары нәтижесінде тағы жаңа мемлекеттік орган немесе агенттік құрылуы мүмкін бе» деген сауалға спикерлер реформалардың жүзеге асуына мониторин жасайтын орталық Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі жанынан құрылғанын атап өтті.

«Агробизнес 2020-2025» деген бағдарламаны мерзімінен бұрын аяқтап, қайтадан агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Ұлттық жоспарын жасаудың маңыздылығы туралы сұраққа Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері Президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асқанын мәлімдеді.


Барлық жаңалықтар