• Басты
  • 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, республикалық бюджет бөлінісі
19 Қараша, 2020 11:44

2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, республикалық бюджет бөлінісі

ҚР Парламентi Сенатының жалпы отырысында Ұлттық экономика министрi Руслан Дәленов «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021–2023 жылдарға арналған кепiлдендiрiлген трансферт туралы» заң жобасын таныстырылып, елдiң 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жөнiнде айтып бердi. Сонымен қоса Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ұсынды. Толығырақ Strategy2050.kz тiлшiсiнің материалында.

2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, республикалық бюджет бөлінісі

Руслан Дәленов сенат оытырысында елдiң 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жөнiнде баян еттi. Оның сөзiнше, болжам бiрқатар факторды ескере отырып жасалған.

1) 2019 жылғы жалпы iшкi өнiм бойынша есептiк статистикалық деректер

2) Әлемдiк экономиканың өсуi бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының жаңартылған болжамдары. Коронавирус пандемиясы аясында ағымдағы жылы әлемдiк экономика 5,0 пайызға төмендеп, 2021 жылы 4,9%-ке дейiн өседi деп күтiлуде

3) Әлемдiк тауар нарықтарындағы үрдiстер. Халықаралық қаржы ұйымдарының мұнай бағасы бойынша консенсус бағалауы - 2021 жылы бiр баррелiне 45 және 2022 жылы 55 доллар.

Жалпы ішкі өнім

Оның мәлiметiнше, консервативтi тәсiлдi ескере отырып, бюджеттiк жоспарлау үшiн негiз ретiнде базалық сценарий пайдаланылған. 2021-2025 жылдары мұнай бағасы бiр баррелiне 35 доллар деңгейiнде алынды.

Сонымен қоса ол жалпы iшкi өнiмнiң нақты өсуi 2021 жылы 2,8 пайыз деңгейiнде болжанып отырғанын атап өттi. 2025 жылы ол 4,6 пайызға жеткiзiлмек. Оның дерегiнше, жалпы iшкi өнiмнiң орташа жылдық өсуi 4,0 пайызды құрайды. Номиналды жалпы iшкi өнiм 2021 жылы 76,7 трлн теңгенi, ал 2025 жылы – 104,8 трлн теңгенi құрамақ.

«2021 жылы мұнай өндiру 86 млн. тоннадан 2025 жылы 100,7 млн тоннаға дейiн өседi. Барлық базалық салаларда оң өсу күтiлуде», - дедi министр.

Бұдан бөлек, Руслан Дәленов өңдеу өнеркәсiбi жылына орта есеппен 6,7 пайызға, кен өндiру өнеркәсiбi 2,9 пайызға өсетiнiн атап өттi. Орташа жылдық өсу қарқыны ауыл шаруашылығында - 6,2 пайыз, саудада - 5,5 пайызды құрайды.

Экспорт, иимпорт

Ал тауарлар экспорты, оның дерегiнше, 2021 жылғы 41,4 млрд доллардан 2025 жылы 51,5 млрд долларға дейiн өседi. Импорт 2021 жылғы 36,3 млрд доллардан 2025 жылы 37,8 млрд долларға дейiн өспек.

«Әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi басымдықтары инвестициялық және бизнес ахуалды жақсарту, сапалы адами капитал және теңгерiмдi өңiрлiк даму болады. Осы макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде келесi бюджет параметрлерiнiң болжамы қалыптасты. Республикалық бюджеттiң кiрiстерi (трансферттердi есепке алмағанда) 2021 жылы 6 926 млрд теңгенi, 2022 жылы – 8 566 млрд теңгенi, 2023 жылы – 9 217 млрд теңгенi құрайды», - дедi министр.

Ұлттық қордан кепiлдендiрiлген трансферт

Министрдiң мәлiметiнше, заң жобасында Ұлттық қордан кепiлдендiрiлген трансферт 2021 жылы – 2 трлн 700 млрд теңге, 2022 жылы – 2 трлн 400 млрд теңге, ал 2023 жылы – 2 трлн 200 млрд теңге сомасында көзделiп отыр. Сонымен қатар заң жобасында кепiлдендiрiлген трансферттi пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалмақ. 2021 жылы Ұлттық қордан 1 трлн теңге мөлшерiнде нысаналы трансферттi тарту көзделедi.

«Осы қаражаттар республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiне бағытталады. Аталған кепiлдендiрiлген трансферт Ұлттық қордағы қаражаттың жалпы iшкi өнiмнiң 30 пайыз мөлшерiнде төмендемейтiн қалдық бойынша шартты қамтамасыз етедi», - дедi ол.

Осылайша, оның айтуынша, болжам бойынша түсiмдер 2021 жылы 11,4 трлн теңге, 2022 жылы – 11,8 трлн теңге, 2023 жылы – 12  трлн теңгенi құрайды. Сонымен қоса республикалық бюджеттiң шығыстары 2021 жылы 14 049 млрд теңге, 2022 жылы 13 873 млрд теңге, 2023 жылы 13 889 млрд теңге көлемiнде болжанып отыр.

Жалпы, оның сөзiне сүйенсек, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға және нәтижелi жұмыспен қамтуға, сонымен қатар ұлттық экономиканы тұрақты және сапалы дамытуға бағытталған.

Бұдан бөлек, ҚР Қаржы министрi Ерұлан Жамаубаев «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ұсынды. Оның айтуынша, бюджет жобасын қарау барысында оның бағыттары мен мазмұны егжей-тегжейлi талқыланған.

«Атап айтқанда, 2021 жылға арналған республикалық бюджет түсiмдерi 11,4 трлн теңге 2022 жылға – 11,8 трлн теңге, 2023 жылға – 12,0 трлн теңге сомасында анықталды. Бюджет тапшылығы 2021 жылы жалпы iшкi өнiмнiң 3,4 пайызынан 2023 жылы кезең-кезеңмен 2,1 пайызға дейiн төмендеуiмен айқындалған. Бюджет шығыстары 2021 жылы 14 трлн теңгенi, 2022 жылы – 13,9 трлн теңге, 2023 жылы – 13,9 трлн теңге құрайды», - дедi ол.

Оның айтуынша, басымдық – халықтың әл-ауқатын арттыру, оны бюджеттiң әлеуметтiк шығыстарының динамикасы көрсетiп отыр. Мәселен, осы бағыт бойынша үш жылдық кезеңдегi шығыстар 23,4 трлн теңгенi, оның iшiнде 2021 жылы - 7,1 трлн теңгенi немесе шығыстардың жалпы көлемiнiң 50,5 пайызын құрайтын болады. Әлеуметтiк көмекке және қамсыздандыруға 12,6 трлн теңге, оның iшiнде 2021 жылға 4,0 трлн теңге жоспарланған. Оның 96,3 пайызы зейнетақылар, жәрдемақылар, атаулы әлеуметтiк көмек, жекелеген санаттағы азаматтарға бiржолғы қаржылай өтемақы төлеуге арналған.

«Денсаулық сақтауға арналған шығыстар  2021-2023 жылдары 5,1 трлн теңгенi, оның iшiнде  2021 жылы 1,6 трлн теңгенi құрайды. Осы қаражат шеңберiнде медицина қызметкерлерiнiң жалақысын ұлғайтуға шығыстар көзделген. Бiлiм және ғылымды дамытуға бюджет жобасында 5,2 трлн теңге, оның iшiнде 2021 жылға 1,3 трлн теңге көзделген. Ағымдағы жылмен салыстырғанда шығыстардың өсуi 457 млрд теңгенi құрады және бұл мұғалiмдердiң еңбекақысының ұлғаюына байланысты болды», - дедi министр.

Бұдан бөлек ол әлеуметтiк сала шеңберiнде «Еңбек», денсаулық сақтау, тiлдердi қолдануды дамыту, бiлiм мен ғылымды және туристiк саланы дамыту мемлекеттiк бағдарламалары iске асырылатыынын атап өттi. Оның айтуынша, бюджет шығыстарының келесi маңызды бағыты экономика салаларын қолдау және дамыту. Үш жылдық кезеңде осы мақсаттарға 3,2 трлн теңге, оның iшiнде 2021 жылға 1,7 трлн теңге көзделген.

«Осы бағыт бойынша «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», индустриялық-инновациялық даму, Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту және «Бизнестiң жол картасы-2025» мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыруға шығыстар көзделген», - дедi Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қоса оның дерегiнше, мемлекеттiң қорғаныс қабiлетi және құқық тәртiбiн қорғауды қамтамасыз етуге үш жылдық кезеңге 3,4 трлн теңге, 2021 жылға 1,3 трлн теңге көзделген.

Өңiрлiк саясат мемлекеттi дамытудың маңызды бағыттарының бiрi. Сондықтан үш жылдық кезеңде өңiрлерге субвенциялар 6,2 трлн теңгенi, одан 2021 жылы 2,1 трлн теңгенi құрайды.

«Бюджет жобасында нысаналы трансферттер 5,9 трлн теңге, оның iшiнде 2021 жылға 1,9 трлн теңге көлемiнде көзделдi. Жалпы үш жылдық кезеңде өңiрлерге республикалық бюджет қаражаты есебiнен 12,0 трлн теңге, оның iшiнде 2021 жылы – 4,0 трлн теңге немесе бюджеттiң жалпы шығыстарының 28,4 пайызы бөлiнетiн болады. Заң жобасын Сенатта талқылау барысында депутаттардың ұсыныстары бойынша халықтың өмiр сүру сапасын арттыруға және өңiрлердi дамытуға бағытталған бiрқатар түзетулер енгiзiлдi», - дедi ол.

Сонымен бiрге, депутаттардың ұсыныстарының бiр бөлiгi iшкi қайта бөлу есебiнен бюджеттi iске асыру туралы қаулыны дайындау кезiнде ескерiлетiнiн атап өттi.

Бұдан бөлек ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» мәселе бойынша баяндама жасады. Сонымен қоса ол әлемдiк экономика жоғары құбылмалылық пен белгiсiздiк жағдайларында сыртқы күтiлмеген өзгерiстердiң әсерiмен дамуын жалғастырып жатқанын тiлге тиек еттi. Оның сөзiнше, бүгiнде коронавирус пандемиясының екiншi толқынының дамуы әлемдiк экономиканың қалпына келу қарқынын айқындайтын негiзгi факторлардың бiрi. Бiрқатар жетекшi фармкомпанияның вакцинаны сәттi сынақтан өткiзу жөнiндегi жағымды жаңалықтарына қарамастан, оны толық өндiру, түпкiлiктi мақұлдау және логистикалық мәселелердi шешу үшiн ұзақ уақытты талап етедi.

«2021 жылдың ортасына дейiн пандемияны тежеу шектеулердi сақтаумен және қажет болған кезде, оларды күшейтумен жалғасатын болады, бұл әлемдiк экономиканың қалпына келуiн едәуiр тоқтата тұруы мүмкiн», - дедi ол.

Сонымен қоса, ол әлемдiк тауар нарықтары, әсiресе мұнай нарығы жоғары құбылмалылыққа ұшырап жатқанын атап өттi. Оның пiкiрiнше, Еуропаның бiрқатар iрi елдерiнде жаңа локдаундар енгiзу мұнайға сұраныстың қалпына келу қарқынына ықпал етiп, оның нәтижесiнде мұнай өндiру қайтадан сұраныстан асып кетуi мүмкiн.

«Мұнай бағасының серпiнi көп жағдайда ағымдағы жылғы 30 қараша - 1 желтоқсанда өтетiн ОПЕК+-тiң министрлiк кездесуiнiң қорытындысына байланысты болады, онда 2021 жылы мұнай өндiру квоталары туралы шешiм қабылданады», - дедi Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қоса, ол әлемдiк экономиканың қалпына келуi сауда шектеулерiн алуға және жеткiзу тiзбегiн қалпына келтiруге байланысты болатынын атап өттi. Азия-Тынық мұхит өңiрiнде Қытай мен 14 елдiң арасында әлемдегi ең iрi еркiн сауда аймағын құру  дұрыс шешiм болған, оның үлесiне әлемдiк экономиканың 29 пайызы тиесiлi екен. Жаңа келiсiм Қытайдың экономикалық өсуiн ескеретiн болсақ,  2020 жылы әлемдiк экономиканың қалпына келу қарқынына оң әсер етуi мүмкiн.

Ұлттық банк төрағасының пайымынша, осы жағдайларда әлемдiк экономиканың қалпына келуi 2021 жылдан басталады, бiрiншi болып дағдарыстан дамыған елдер шыға бастайды. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) болжамы бойынша төмен базаның аясында әлемдiк экономиканың өсуi 2021 жылы 5,2 пайызға жетiп, орта мерзiмдi перспективада 3,5 пайызға дейiн бiртiндеп баяулайды.

12020 жылы әлемдiк экономиканың дамуын және жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң параметрлерiн қалыптастыру үшiн Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты көрсеткiштерiнiң болжамын әзiрледi», - дедi Ерболат Досаев.

Ақша-кредит саясаты көрсеткiштерiнiң болжамы

1. Сыртқы күтiлмеген өзгерiстер инфляцияның серпiнiне терiс әсерiн тигiзудi жалғастыруда. Биыл қазанда инфляция жылдық көрсеткiшi 7,1 пайыз болды.

«Бiздiң бағалауымыз бойынша баға өсуiнiң негiзгi әсерi бiртiндеп аяқталып, 2021-2022 жылдары инфляция 4-6 пайыз дәлiзiне оралады», - дедi ол.

2. Iскерлiк белсендiлiктiң қалпына келуiне қарай депозиттер мен кредиттер 2021-2023 жылдары iшкi жалпы өнiмнiң номиналды өсу қарқыны деңгейiнде өседi.

3. Ағымдағы жылдың басынан берi халық пен бизнестiң тауарлар импортына кейiнге қалдырылған сұранысы iске асырылуына байланысты сауда балансы профицитi төмендеу нәтижесiнде төлем балансы жағдайының нашарлағаны байқалады.

«2020 жылғы 9 айда сауда балансының профицитi алдын ала дерек бойынша 9,1 млрд АҚШ долларына дейiн 35 пайызға төмендедi. Биылғы 3-тоқсанда сауда балансы 1999 жылдан бастап алғаш рет Ұлттық Банк төлем балансының әдiснамасы бойынша (-)1,0 млрд АҚШ доллары деңгейiнде терiс қалыптасты. Төлем балансының ағымдағы шотының дефицитi 2020 жылғы 9 айда 3,8 млрд АҚШ доллары болды», - дедi ол.

Оның пiкiрiнше, әлемдiк экономиканы одан әрi қалпына келтiру ұзақ, әркелкi және жоғары белгiсiздiкпен байланысты болмақ. Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамалары шеңберiнде Қазақстандағы iскерлiк белсендiлiктi қолдау үшiн Ұлттық Банк жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге жеңiлдiктi кредиттеу бағдарламаларын қаржыландырады, бұл дағдарысқа қарсы топтаманы қаржыландырудың 50 пайыздан астамын құрайды.

«2020-2021 жылдары экономикалық өсудi қалпына келтiру жөнiндегi кешендi жоспарды iске асыру шеңберiнде Үкiмет пен Ұлттық Банктiң үйлестiрiлген iс-қимылдары Қазақстан экономикасының орнықты өсу траекториясына шығуына мүмкiндiк бередi. Бұл жағдайларда Қазақстан экономикасын айтарлықтай әртараптандыруға, импортқа тәуелдiлiктi төмендетуге және жеделдетiлген цифрландыруға бағытталған жүйелi және ұзақмерзiмдi шараларды қабылдаудың маңыздылығы артады», - дедi ол.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бұл шаралар 2025 жылға қарай 3-4 пайыз деңгейiндегi тұрақты төмен инфляцияны қамтамасыз ете отырып, ақша-кредит саясатының елдiң экономикалық дамуына ықпал ету әлеуетiн күшейтуге мүмкiндiк бередi. Осы басымдықтар Ұлттық Банктiң ҚР Президентi Қасым Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша әзiрлеп жатқан Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейiнгi стратегиясында көрсетiлмек.

Барлық жаңалықтар
178.91.19.182, 192.168.88.100