- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстаннан үйренеріміз өте көп - Mr. Govind Singh Dotasra
Қазақстаннан үйренеріміз өте көп - Mr. Govind Singh Dotasra
-Қазір Раджастанда туризмді дамыту үшін қандай саясат қолданылып отыр?

- Біріншіден, Раджастан- шөлді аймақ. Алайда, ол тек шөл даласымен ғана емес, өзге де әсем жерлері және киелі орындарымен танымал. Өзен, тау, сулары да баршылық. Сонымен қатар, Раджастан Үкіметі туризмге ерекше көңіл бөледі. Бірінші орында – туристердің қауіпсіздігі. Қазірдің өзінде туристер полицияны іздемейді, арнайы дүңгіршектерге жүгіне алады. Туристерге көмек беру үшін арнайы осындай саясат ұстанып отырмыз. Осының барлығы елге келген туристер өздерінің қауіпсіздікте екенін сезініп, оларға қамқорлық әркез көрсетілетінін сезіну үшін жасалып отыр. Екіншіден, тазалыққа көп көңіл бөлінеді. Джайпур сынды қалалардың күзеті шаһардың таза болуын ерекше қадағалауда ұстайды. Себебі, туристер өздерін үйлерінде сияқты қолайлы сезінулері керек.
- PATA көрмесіне қатысуларыңыздың мақсаты қандай? Көрменің әлеуетіне қандай баға бересіз?
- Бұл шараға қатысып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Раджастан туралы адамдар кеңінен білсе екен деген ниетпен келдік. Бұл шақыртуды аса үлкен мүмкіндік деп қарсы алып, ыстық ықыласпен қабылдадық. Себебі, біз туризмді ілгерілендіргіміз келеді. Көрсететін, бөлісетін «дүниелеріміз» өте көп. Раджастанға келсеңіздер, түрлі қанық түстерден құралған киімдерге, ауқаттанған адамдарға көздеріңіз түседі. Демек, барлық колоритті дүниелерге қанығып, Раджастан туралы мәліметке толыққанды ие бола аласыз. Себебі, Раджастан – тек шөл дала емес, мәдениет пен этномәдениетке ие аймақ.
- Орташа есеппен бір турист Раджастанда қанша қаржы кетіреді?
- Раджастанға сапардың қаржылай сомасы әрбір туристің қалауы мен талғамына байланысты болады. Егер ол жайлы демалысты таңдап, «all inclusiveті» қаласа, оған әсем әрі қымбат қонақ үйлерді ұсынуға болады. Ең үздік сервистік қызметке ие болып,көркем жерлерді аралауына болады. Егер де, сапар бюджеттік болса, туристер арзан нұсқаларды таңдай алады. Қонақ үйлер өте қауіпсіз. Ол жағын алаңдамауға болады. Раджастан бойынша ұшақпен, көлікпен де саяхатауға болады. Раджастанда киелі орындар өте көп. Олар арнайы күзетке алынған. Джайпур - туристердің ошағы. Қазір көптеген туристер Джайпурға келіп жатыр.
- Жалпы, Қазақстанның туристік даму әлеуетіне қандай баға бересіз? Өз тарапыңыздан қандай тәжірибемен бөлісіп, кеңес бере аласыз?
- Тағы да айта кетейін, Қазақстанға келгенімізге өте қуаныштымыз. Нұр-Сұлтан – өте жас қала. Адам өмір сүруіне қолайлығы, ыңғайлығы таң қалдырды. Көшелері таза, ғимараттары әсем. Ерекше бір ләззат сыйлайды. Қозғалыстың өзі рет-ретімен. Қазақстанның өзінен үйренеріміз өте көп. Раджастанның туристері көбінесе Ресейге саяхат жасайды. Көп турист Қазақстан туралы аз ақпараттанған. Бұл аз ақпаратпен қамтылу бойынша өзара ұқсас тәжірибе деп ойлаймын. Себебі, Раджастан туралы да қазақстандықтар аса біле бермейді. Соны жолға қою үшін Қазақстанға келдік.
-Сұхбатыңыз үшін рақмет!
Айта кетейік, көрмеге 32 елден 250 селлер келген.
Аягөз Құрмаш
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу