• Басты
  • Қазақстандық журналистика шығармашылық тұрғыда жаңа деңгейге шығады – А.Байтасов
20 Желтоқсан, 2019 14:42

Қазақстандық журналистика шығармашылық тұрғыда жаңа деңгейге шығады – А.Байтасов

Кәсіпкер Арманжан Байтасов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысының кулуарында 130- бапты қылмыс деп танымауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстандық журналистика шығармашылық тұрғыда жаңа деңгейге шығады – А.Байтасов

«Бұл бапты қылмыс емес деп танымау өте маңызды қадам. БАҚ пен журналистер жұмысына жаңа серпін береді деп ойлаймын. Баспасөз бостандығы, еркін БАҚ мемлекеттің тұрақты дамуының негізі деп әрқашан айтып жүрмін. Қазақстан одан әрі қарқынды дамуы үшін бізге баспасөз бостандығы, еркін бұқаралық ақпарат құралдары қажет», - деді А.Байтасов.

Сонымен қатар, аталған бапты қылмыс деп танымау , журналистердің еркін жұмыс істеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіндік береді.

«Журналистік зерттеулер көбейіп, сапалы контент артады. Қазақстандық журналистика шығармашылық және техникалық тұрғыда жаңа деңгейге шығады. Маған осы тармақ ерекше ұнады», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды