• Басты
  • Қазақстандықтардың жыл сайынғы балық тұтыну көрсеткіші төмен

Қазақстандықтардың жыл сайынғы балық тұтыну көрсеткіші төмен

18 Тамыз, 2020 11:10

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда балық шаруашылығы саласын дамыту перспективалары кең талқыланды. Үкімет пен бизнес өкілдері балық аулау, балық өсіру және балық өңдеудегі кейбір мәселелерді ашық айтып, жоспарлы жұмыстарды айқындады. Еліміздегі балық шаруашылығының даму перспективалары мен экспорт, импорт көлемі, балық өсірудегі проблемалар Strategy2050.kz материалында.

Еліміздің балық өнімдерінің жалпы көлемі 2019 жылы шамамен 65,9 мың тоннаны құраған. Балық аулау 45 мың тонна, балық өсіру 7,4 тонна, экспортқа шығару 30 мың тонна болса, импорт 43,5 мың тонна болған. Қазақстан мұхит балықтары мен теңіз өнімдерін импорттайды. Олар: майшабақ, скумбрия, креветкалар, миди және т.б. Импорт Норвегия, Исландия, Қытай және Балтық елдеріне тиесілі. Ал Қазақстан жылына шамемен 30 мың тонна балықты шетелге сатады. Құны шамамен 60 млн АҚШ долларына сәйкес балық өнімдерін Нидерланды, Ресей, Литва, Қытай, Германия және түб елдерге жібереді.

Біз балық филесін, кептірілген-ысталған өнімдерді және балықтың тоңазытылған етін экспорттаймыз. Мысалы, көксерке филесі Еуропалық Одақ елдерінде (Германия, Нидерланд) қазақстандық бренд болып табылады. Ал кептірілген-ысталған өнімдер Ресей, Украина, Литва, Қытай және басқа елдерге экспортталады, - деді ҚР Экология министрі.
Балықты экспорттау үшін Қазақстанда айтарлықтай потенциалды нарықтар бар. Бірақ, қазақстандықтардың өздері балықты аз тұтынады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адам бір өзі жылына 16 кг-нан кем емес балық тұтынуды ұсынады. Ал әрбір қазақстандық жылына тек 4 кг ғана балық тұтынады. Өз кезегінде, көршілес Ресейде адам басына 23 кг, Қытайда 45 кг балық тұтынылады. Осылайша, шекара маңындағы аудандарды ескергенде, балық өнімдерінің экспорттық потенциалы үш (3) млн.тоннадан асып түсуі мүмкін.

Бүгінгі таңда Қазақстанда мыңнан 1000-нан астам балық шаруашылығы субъектілері жұмыс істейді. Оларға 1646 балық шаруашылығы су айдыны мен олардың учаскелері бекітілген. Салада 11 мыңнан астам адам жұмыс жасайды. 2019 жылы 45 мың тонна балық ауланған. Республика бойынша балық аулау Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асады.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда балық өсіру саласының потенциалы өте жоғары. Соңғы 7 жылда өсірілген балық көлемі 9 есе, 800 тоннадан 7,4 тоннаға дейін өсті. Елімізде осы шаруашылықпен 180 балық өсіру шаруашылығы айналысады, онда 1126 адам жұмыс істейді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Жасанды балық өсіру шаруашылықтары бұдан да көп болуы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жан басына шаққанда 16 кг балық тұтыну нормасына қол жеткізу үшін шамамен 300 мың тонна балық өсіру қажет.

Балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Оның көлемі 5 мың тонна, яғни 68,7%. Ал Алматы облысында шамамен бір 1000 тонна 12,8%, Солтүстік Қазақстан облысында 380 тонна және Шығыс Қазақстан облысында шамамен 300 тонна балық өсіріледі.

Осы жылы министрлік бизнес өкілдерімен ашық диалог құрып, мынадай ортақ шешімдер шығарыпты:

1.     Бұл су қоймаларын балық аулаудан балық өсіруге бейімдеу.

2.     Заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу.

3.     Мемлекеттік қолдау шараларын арттыру.

Мырзағалиевтің айтуынша, ол басқарып отырған министрлік ғалымдармен, осы саладағы сарапшылармен бірлесіп еліміздегі су қоймаларын зерттеген.

Біз потенциалы жоғары деген су қоймаларын анықтадық. Өткізген зертеудің аясында осы жерлерде жылына 600 ың тонна балық өсіруге болатыны белгілі болды. Біз осыны негізге ала отыра, балық өсіруді өңірлерге бөліп, схемасын жасадық. Ол слайдта көрсетілген. Мысалы, Түркістан облысындағы Шардара су қоймасы карп және бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру үшін қолайлы болса, Шығыс Қазақстандағы Өскемен, Бұқтырма су қоймаларында форель, сиг тұқымдас балықтарды өсіруге болады. Ал Алматы облысындағы Бартоғай және Қапшағай су қоймалары мен Балқаш көлі форель, карп балықтарын, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары сиг және карп түрлерін өсіру үшін қолайлы. Өз кезегінде, Маңғыстау облысында лосось және бекіре балықтарын, Қызылорда облысындағы Арал теңізінде карп балықтарын өсіруге болады, - деді ол.
Сонымен бірге, өңірлер УЗВ, яғни тұйықталған сумен қамтамасыз етілген технологиясын пайдалана отырып, тоған және бассейндік шаруашылықтар сияқты балық өсірудің басқа да бағыттарын дамыта алады.

Экология министрі жиында отырған әкімдерге үндеу жариялады:

Құрметті өңір басшылары, қолда бар потенциалға назар аударуды сұраймыз. Және де балық өсіруді дамыту үшін жасалып жатқан жағдайды одан әрі күшейту керек. Бұл жерде субсидиялау, жер учаскелерін жедел бөлу, инфрақұрылым жүргізу және басқа да шараларды айтамыз. 2019 жылдың қорытындысы бойынша балық азығына 407 млн. теңге субсидия бөлінді. Субсидиялаудың жалпы көлемінің 81,5% немесе 332 млн. теңгесі Түркістан облысына тиесілі. Басқаша айтқанда, бұл балық саласын дамытудың бөлінетін субсидиялау көлеміне тікелей тәуелді екенін білдіреді. Осыған орай, балық өсіруді субсидиялау үшін өңірлерге трансферт көлемін ұлғайтуды сұраймыз, - деді М. Мырзағалиев.
Мағзұм Маратұлы атқарылатын жұмыстарды қысқаша баяндаған соң қандай нәтиже күтетінін де айтты:

Еліміздегі су ресурстарын ескере отырып, өсірілген балық көлемін алты 600 мың тоннаға дейін арттыруға, экспорт көлемін 10 есеге ұлғайтуға, шамамен 500 млрд. теңге көлемінде жеке инвестициялар тартуға балық шаруашылығының әлеуеті жеткілікті екенін айта кету керек. Бұдан басқа, 100 мың қосымша жұмыс орнын құруға және халықтың табысын көбіне ауылдық жерлерде арттыруға ықпал ететіні де бар, - деп қорытты.
ҚР Экология министрлігі балық шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

 Экология министрі баяндамасын аяқтаған соң Асқар Мамин сөзді Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаровқа берді.

Оның баяндамасын қысқаша мазмұндасақ, министрлік акваөсіруді дамытуды,  тұқы, бекіре, албырт сияқты балықтарды субсидиялауда. Осы жылы қолдау мақсатында 430 млн. теңге қарастырған. Министрлік Қазіргі уақытта 30-ға жуық балық өсіретін кәсіпорын субсидиямен қамтылуда. Көл-тауар шаруашылықтарына арналған жабдықтар мен техниканың құнын 25% - ға дейін субсидиялау қарастырылған. 2019 жылы 450,1 млн. теңге сомасына 6 шаруашылық субсидияланды.

ҚазАгро желісі бойынша тауарлы балық шаруашылығын дамытуға бағытталған, оның ішінде экспорттық әлеуеті бар инвестициялық жобаларға кредит беру көзделген.

Соңғы 10 жылда балық шаруашылығы бойынша жалпы өндірістік қуаты 3,26 мың тонна балық өнімін құрайтын 13,9 млрд. теңге сомасына 13 жоба қаржыландырылды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы «AGCO Corporation» американдық компаниясын тарта отырып, Ақмола облысында қуаттылығы жылына 500 тонна форель өсіру бойынша жабық үлгідегі балық өсіру кешенін салу жобасы мақұлданды. Қаржыландыру үшін бірінші транш бөлінді.

Ақтөбе облысында қуаты жылына 1500 тонна болатын «Мұрагер-2» ЖШС балық өсіру жобасының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 75% аяқталды. Жобаны қаржыландыру «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Министрлік қазіргі уақытта субсидияланатын балық түрлерінің тізбесін кеңейту, жемшөпті субсидиялау үшін сом және сига балық түрлерінің тізбесіне енгізу мәселелерін қарастыруда. Акваөсіру секторын ынталандыру үшін субсидиялауға республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді көздеу орынды деп санаймыз, өйткені жергілікті бюджеттер деңгейінде қаражат шектеулі, - деп сөзін аяқтады С.Омаров.
Қос министрдің балық шаруашылығына қатысты баяндамасынан соң елдегі жетекші балық өндіру компанияларының өкілдері сөз алды.

Шардара су қоймасындағы "Хамит" өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы Бақытжан Қыпшақбайұлы кәсіпорында балықтың 10 түрі әзірленетінін айтты. Сапалы өнім шығаратын кәсіпорын жылына 6 мың тоннаға дейін балық өңдейді. Жалпы өнімнің 70 пайызы Ресей, Германия және Израиль сынды елдерге экспортталса, 30 пайызы ішкі нарыққа саудаланып жатыр. Кооперативте 250 адам жұмыс істейді, орташа жалақы – 150 000 теңге. Түркістан облысының Шардара су қоймасында орналасқан бұл кәсіпорынның негізгі мақсаты: балық аулау, қайта өңдеу және сату. Кәсіпорын басшысының айтуынша, шикізатты Каспий, Аралдан немесе Ресейден алады.

Біздің жұмысымызда шикізат тапшылығы сезіледі. 2015 жылдан бастап балық өсіреміз. Тауарлы балық өндіру мақсатында 2019 жылдан бастап Түркиядан арнайы жабдық сатып алып, шарбақта балық өсіруді қолға алдық. Сондай-ақ біздің кәсіпорын балық шаруашылығын оқып жатқан студенттер үшін практикадан өтетін база. Кооператив балық өсіру мәдениетін дамытуда жұмыс істейді. Сондай-ақ жергілікті кәсіптік мектеппен бірлесіп, балық өсіру мамандығы бойынша студенттерді дайындап жатырмыз, - деді.
Кәсіпорын басшысы балық шаруашылығында кездесетін проблемаларды есепке ала отырып, оны шешудің жолдарын көрсететін ұсыныс тастады:

  1. «Акваөсіру туралы» заңды бекіту;

  2. Тауарлы балық өсіруге мемлекеттік қолдау көрету: инвестициялық субсидиялар, асыл тұқымды балықтарын ұстауды және балықтарға арналған дәрі-дәрмекті субсидиялау;

  3. Шардара су қоймасының жағалауынан жер бөлу;
  4. Су айдындарында жасанды балықтарды ұлғайту есебінен балық аулау көлемін көбейту бойынша заңға өзгеріс енгізу.

Осындай шараларды жедел іске асыру арқылы Шардара су қоймасынан өндірілетін балықтардың санын 10 000 тоннаға жеткізуге болады.

Бұдан кейін Ақтаудағы осетр балығы мен табиғи уылдырық(икра) шығаратын «Caspian Rivera» атты балық шығару зауыты мен Алматыдағы бекіре, сазан, форель шығаратын, сондай-ақ мұхит балықтарын Қазақстанға әкелетін «King fish» компаниясының басшылары өз жұмыстары туралы есеп беріп, Үкімет басшысына туындаған мәселелерді баяндап, қолдау мен көмек сұрады. бекіре, форель, сазан.

Отырыс соңында Асқар Ұзақбайұлы министрліктерге балық өндірушілер үшін әкімшілік кедергілерді азайтуды, бірқатар заңнама әзірлеуді бұйырды. Балық аулауға тыйым салынған жауапкершілікті қатаңдату қыркүйекте Парламентте енгізілетін болды. Тауарлы балықты өсіруге жеңілдетілген кредит беру қарастырылады. Осы салада кемінде 100 мың қосымша жұмыс орны ашылады. Жаңа алынған сапасы жоғары балық сататаын орындар ашылады. Балықты тұтыну ДДСҰ ұсынысына сәйкес жүзеге әрбір қазақстандық жыл сайын 16 кг-нан балық тұтыну тиіс. Экспорт көлемі 10 есеге артуы керектігін айтты.

Премьер-министр берген тапсырмаларды толық тізсек:

Облыс әкімдіктері Экология министрлігімен бірге балық өсіруді аймақтандыру схемасын ескере отырып, 1 қарашаға дейін субсидиялау, жер учаскелерін бөру, инфрақұрылымды дамыту бойынша нақты индектормен жұмыс шараларын жүргізу керек. Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлесін және бекітсін;

Экология министрлігі 1 айда мемлекттік органдармен, балық шаруашылығымен айналысатын бизнес өкілдерімен балық шаруашылығын субсидиялауды кеңейту жөніндегі сұрақтарды пысықтасын;

Экология министрлігі Білім және Ғылым министрлігімен бірге ЖОО-да балық өсіру туралы білімге назар аударып, тиісті шешім қабылдасын;

Қаржы министрлігі бүгінгі бизнес өкілдерінің айтқандарын ескере отырып, Сауда министрлігімен шетелден балықтың бағалы түрлерін әкелу, балық өсіруге қажетті материалдары жеткізу кезінде шекарадан өту рәсімдерін оңайлатуды қарастырсын, - деді Үкімет басшысы.

Фото: ашық дереккөз
Барлық жаңалықтар