• Басты
  • Қазақстандықтарда дәрігер кеңесін онлайн алуға мүмкіндік бар
7 Шілде, 2020 10:50

Қазақстандықтарда дәрігер кеңесін онлайн алуға мүмкіндік бар

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елдегі күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты үйден шықпай, дәрігерлермен онлайн арқылы байланысуға болады,-деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның телеграммдағы ресми каналына сілтеме жасап.

Қазақстандықтарда дәрігер кеңесін онлайн алуға мүмкіндік бар
Науқас дәрігердің қабылдауына  egov порталындағы жеке кабинеті арқылы немесе mgov, telegram, facebook және вконтакте әлеуметтік желілері арқылы жазылады. Егер науқаста смартфон немесе ноутбук болмаған жағдайда емхананың call-орталығына хабарласа алады. 

Емхананың учаскелік дәрігері қашықтықтан өтінімді қарастырып, науқаспен байланысқа шығады.

Учаскелік дәрігерге медициналық ақпараттық жүйе арқылы науқастың электронды құжаты қолжетімді болады.

Учаскелік дәрігер қажет болған жағдайда емдеу жоспарын құрады және дәрі-дәрмектерді үйге жеткізеді. Кви симптомдары кезінде оқшаулану өте маңызды.

Онлайн арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша нұсқаулық:

Еgov порталындағы жеке кабинет арқылы мемлекеттік қызмет алу туралы нұсқаулық:

https://youtu.be/P2HU4QNHWwo

Телеграм арқылы мемлекеттік қызмет алу туралы нұсқаулық: https://youtu.be/djnc63TTVRA

Facebook арқылы мемлекеттік қызмет алу туралы нұсқаулық:

https://youtu.be/bB35O9WTGmY

Вконтакте арқылы мемлекеттік қызмет алу туралы нұсқаулық:

https://youtu.be/gSNksIcwJy8



Барлық жаңалықтар