• Басты
  • Қазақстандықтар үшін баспана алудың тиімді жолы қандай
3 Қараша, 2020 17:50

Қазақстандықтар үшін баспана алудың тиімді жолы қандай

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының тиімді тұстары мен халық үшін қолжетімді бағдарлаалардың жүзеге асуы туралы баяндады. Қазақстандықтардың баспаналы болуы үшін ең тиімді бағдарлама қандай және оның талаптары қандай деген сұрақтардың жауабын Strategy2050.kz тілшісінің материалынан білуге болады.

 


Қазақстандықтар үшін баспана алудың тиімді жолы қандай

Мархабат Жайымбетовтың дерегінше, соңғы 15 жылда Қазақстанда пайдалануға берілетін тұрғын үйдің көлемі 2,6 есе өсті. Тұрғын үй құрылысына тартылатын инвестициялар көлемі 5,6 есеге артты. тұрғын үй құрылысына 3,6 трлн тенгеден астам жеке инвестиция тартылды.

 Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан билігі халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды іске қосты. Мәселен, 2005-2011 жылдары тұрғын үй құрылысын дамыту, «Қолжетімді баспана-2020», «Нұрлы жол» және Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламалары. Осы кезеңде 114 мыңнан астам отбасы әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 63 мыңнан астам үлескердің тұрғын үй мәселелері шешілді.

 Осы күнге дейін қазақстандықтар үшін ең тиімді бағдарлама, бұл – «Нұрлы жер». Ол 2017 жылдан бастап қазақстандық отбасылардың баспаналы болуына септігін тигізуде. Үш жылда осы бағдарламамен 89 000 отбасы баспаналы болды. Бағдарлама әрекет еткен 3 жылдың ішінде 36,8 млн шаршы метр немесе 330 мың тұрғын үй салынды. Қолжетімді тұрғын үй және жеңілдетілген несие беру арқылы мемлекеттік қолдау шараларымен 89 мыңға жуық отбасы қамтылды. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде «Салынған мемлекеттік инвестициялардың 1 теңгесіне жеке инвестициялардан 6 теңгеден келеді, - деді Жайымбетов.
Биыл 4 835 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда 530 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Көрсетіліп жатқан қолдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін осы жылы Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық базасы іске қосылды. Осы база мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған және онда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар мен кезекте тұрғандар бойынша анық мәліметтер бар, - деді ол. Аталған бағдарлама аясында негізгі екпін көпбалалы отбасыларға түседі. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірінші кезекте көп балалы отбасылар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетіндігін айтты.
Бағдарлама іске асырылған кезең ішінде 30 мың отбасына тұрғын үй беруді көздеп отырмыз. Оның ішінде биыл 4 835 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады, - деді Мархабат Жайымбетов.

Мархабат Жайымбетов жыл сайын Қазақстанда салынатын үйлердің құрылысына жұмсалатын қаражатқа есеп берді. Ауқымды тұрғын үй құрылысын салу үшін жыл сайын 130 млрд теңгеге дейін қаржы бөлу көзделген.

130 млрд теңгенің есебінен азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін бөлінетін 40 мың жер учаскесіне коммуникация тартылады. Тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші бүгінде бір тұрғынға шаққанда 0,71 шаршы метрге жетті. Бұл ТМД елдерінің ішіндегі ең жоғары көрсеткіш және экономикалық дамыған елдердің деңгейіне жақындады. Мысалы, тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын қарқынды шешу кезеңінде Жапонияда жыл сайын бір адамға 0,9-1 ш.м. тұрғын үй, АҚШ-та - 0,7-0,8 ш.м., Франция мен Германияда - шамамен 0,7 ш.м. салынды, ал Қытай ұзақ уақыт бойы бір адамға 1 ш.м. деңгейінде құрылыс белсенділігін сақтап келеді. Бүгінгі таңда тұрғын үйге мұқтаж 530 мыңнан астам азамат кезекте тұр, - деді ол.
Биылдан бастап база мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін нақты критерийлер қарастыруды тапсырды. Осы тапсырма негізінде 2020 жылдан бастап баспанаға мұқтаж отбасыдағы  әрбір азаматтың табысын ескере отырып, тұрғын үйге қолжетімділіктің сатылы жүйесі қарастырылған

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын әлеуметтік осал топқа жататындар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй - 32 700 теңге. Табысы екі АЕК-тен аспайтын көпбалалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасылар үшін жылдық 2%-бен жеңілдікті несиелер, табысы 3,1 АЕК-тен асатын кезекте тұрғандар үшін «5-10-20» бағдарламасы, «7-20-25» бағдарламасы және банктер мен тұрғын үй жинақтау жүйесінің өзге де нарықтық бағдарламалары. Елбасының және мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірінші кезекте көпбалалы отбасыларды сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етеміз, - деп түсіндірді Жайымбетов.

 Бағдарламаларды іске асыру кезеңінде 30 мың отбасына тұрғын үй беру көзделген, биыл соның 4 835-не баспана беріледі деп күтілуде.

29 қазанда іске қосылған «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша үй кезегінде тұрғандар тек жаңадан салынған баспана алуға құқылы. Бірақ баспанаға мұқтаж адамдар екінші санаттағы үйлерді сатып алуға рұқсат етуді сұрауда. Комитет басшысы Жайымбетов журналистің осы сауалына жауап беру барысында, шарттардың өзгеріссіз қалатынын айтты. Осы бағдарламамен 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында 5 мыңға жуық, Алматы қаласында шамамен 4 мың, сондай-ақ өңірлерде 200-600 пәтер беру жоспарланған.

 «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 390 млрд. теңге бөлінді, оның 180 млрд. теңгесі кредиттік пәтерлер салуға әкімдіктерге берілді. Ал 210 млрд. теңге 17 мың жеңілдетілген несие беруге бағытталды. Жаңа тұрғын үй қорын құруымыз керек. Мемлекет бюджетінен бөлінген қаржы тиімді пайдаланылуы тиіс. Жаңадан құрылыс саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталуы тиіс. Сондықтан бағдарлама жаңа тұрғын үй алуға бағытталып отыр. Пәтер жеткілікті, - деді ол.

Барлық жаңалықтар
149.27.116.15, 192.168.88.100