• Басты
  • Қазақстандықтар прототиптер жасауға Coca-Cola-дан 4.5 миллион теңге ұтып алды
10 Маусым, 2020 17:23

Қазақстандықтар прототиптер жасауға Coca-Cola-дан 4.5 миллион теңге ұтып алды

Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі осы жылдың ақпан айында жарияланған прототиптерді әзірлеуге арналған Coca-Cola-мен бірге ұйымдастырылған байқаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлады Astana Hub PR және маркетинг департаменті.

Қазақстандықтар прототиптер жасауға Coca-Cola-дан 4.5 миллион теңге ұтып алды

Байқау екі кезеңнен тұрды: біріншісі – идеялар байқауы, екіншісі – прототип жасау. Қатысушылар өз өтініштерін мынадай үш бағыт бойынша жібере алды: «тұтынушылармен байланыс», «тұтынушыларды қызықтыру» және «қалдықтарсыз әлем».

Байқаудың бірінші кезеңінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінен 138 өтініш қабылданды. Әділқазылар алқасы үздік деп санаған 9 идея іріктеліп, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Байқаудың екінші кезеңіне 37 өтініш жіберілді. Ақтық байқаудың қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталды, әрбір қатысушы байқау ұйымдастырушыларынан 1 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты жеңіп алды: Бекболат Азамат (Павлодар қ.), Мамен Ерболат (Алматы облысы) және Қалдыбаев Нұрбол (Шымкент қ.).

Astana Hub баспасөз қызметі хабарламасында қатысушылар байқаудың екінші кезеңінде прототиптердің әзірлемесін ұсынғаны белгілі болды.

Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Бекболат Азамат Coca-Cola клиенттеріне арналған әлеуметтік желі ретінде көрініс тапқан Android/IOS операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін кросс-платформалы қосымшаны ұсынған болатын. 


«Пайдаланушы қосымшада басты суретін өзгерте алады, достарын қосып, хабарламалармен алмасып, 4 адамға дейін видеомен байланысқа шыға алады, сонымен қатар, әуен де тыңдай алады. QR-кодты сканерлеу функциясы арқылы қолжетімді музыкалық хиттерге бонус ретінде балл жинауға мүмкіндік бар. Елдегі карантин режиміне қарамастан, барлық қатысушылардың жобаларын онлайн қорғауына мүмкіндік берген Astana Hub және Coca-Cola-ға алғысым шексіз», - деді ол.

Ал Шымкент қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика мұғалімі компания тұтынушыларын қызықтыруға арналған қосымша ойлап тапты.
«Өзім ойластырған қосымша арқасында компания клиенттері қақпақтағы QR-кодты сканерлеп балл жинай алады, кейін оларды компания сыйлықтарына айырбастауға мүмкіндіктері болады. Одан бөлек, қосымшада акциялар, өнім жарнамасы және мобильді ойындардар да бар. Байқаудың ұйымдастырушылары ретінде Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі мен Coca-Cola компаниясына алғысымды білдіремін», - деді деді ол.


Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті инженерлік факультеттің магистрі Мамен Ерболат Coca-Cola өнімін төлеудің сатушысыз іске асатын шешімімен таныстырды.

«Өзім студент болған соң, тек қолма-қол ақшасыз төлемді қолданамын. Сонымен қатар, біздің елде қолма-қол ақшасыз төлемді іске асыратын автоматтар жоқ-тың қасы. Сондықтан IT-маман ретінде білімімді пайдалана отырып, Astana Hub және Coca-Cola ұйымдастырған байқауға қатысуға шешім қабылдадым және «Smart холодильник» атты өнімімді де ұсындым. Қосымшаның көмегімен тұтынушы QR-кодты сканерлеп, өзіне сусын сатып ала алады, ал төлем автоматты түрде клиенттің картасы я әмиянынан төленеді, одан бонус та ұтып алуға болады», - деп атап өтті.
Барлық жаңалықтар