- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын әзірлеуге қатыса алады
Қазақстандықтар "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын әзірлеуге қатыса алады
2020 жылғы 18 ақпаннан бастап, «Ашық диалог» порталында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасына көшу» тақырыбында сауалнама өткізілуде.
Аталған сауалнама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тұрғындар қалай қабылдайтынын және оған олардың тарапынан қандай ұсыныстар болатынынын білу мақсатында жүргізіледі.
Айта кеткен жөн, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасының басты мақсаты – билік пен халық арасында конструктивті диалог орнату болып табылады.
2019 жылы Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың барлық өтініштеріне жедел және тиімді жауап беруге бағытталуы керек екенін атап өткен болатын.
Жасыратыны жоқ, мемлекеттік аппарат қызметіндегі мәселелер көп жағдайда биліктегілер мен азаматтар арасында кері байланыстың жоқтығына қатысты болып келеді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл барынша ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру. Сондықтан, бұл тұрғыда тұрғындардың пікірі барынша ескерілуі тиіс.
Сауалнама «Ашық диалог» порталында 2020 жылдың 1 наурызына дейін өткізіледі. Әрбір азамат https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=1346 сілтемесіне өту арқылы тұжырымдамаға қатысты өз пікірін білдіріп, ұсыныстарын жолдай алады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады