- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар карантин жағдайында ДСМ ұсыныстарын қалай орындап жүр
Қазақстандықтар карантин жағдайында ДСМ ұсыныстарын қалай орындап жүр
4 Мамыр, 2021 11:32
ҚР Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың карантиндік жағдайларда Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын орындай ма, жоқ па деген сауалнама нәтижелерін ұсынады. Толығырақ Starategy2050.kz порталынан оқи аласыздар.

Психология тұрғысынан алғанда, дені сау ересек адамның жеке басының критерийлерінің бірі – бұл өз өмірі мен қабылдаған шешімдері үшін жеке жауапкершілікті алу қабілеті. Бір жылдан астам уақыттан бері біз коронавирустық пандемияға байланысты карантиндік шектеулермен өмір сүріп келеміз. Осы уақыт ішінде әрқайсымыздың өміріміз, көзқарасымыз, тіпті құндылықтарымыз да өзгерді. Денсаулық сақтау тұрғысынан, ең алдымен, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Сондықтан да әлеуметтанушыларды қызықтырған маңызды мәселелердің бірі – ел азаматтарының Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын орындауы туралы мәселе болды.
Әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері бойынша респонденттердің жартысынан астамы сауалнама жүргізу кезінде карантин жағдайында әрдайым басты ұсыныстарды орындайтындығын айтқан. Қоғамдық орындарда қорғаныш масканы киіп жүру бойынша жағдай ең жағымды көрсеткішке ие. Респонденттердің 80,9%-ы әрдайым осы ережені ұстанады, ал 17,8%-ы кейде оны сақтайды, ал кейде сақтамайды. Ал қоғамдық орындарда маска кимейтіндер - барлық респонденттердің 1%-нан аз.
Барлық респонденттердің жартысынан астамы ауруға шалдыққан жағдайда өзін-өзі оқшаулайды, дезинфекциялаушы заттарды қолданады және туыстарымен жеке байланысын шектейді. Шамамен әрбір екінші респондент әрдайым басқалардан 1,5-2 метр қашықтықты сақтайды және көшеде жүруді шектейді.
Сондай-ақ, біздің арамызда қорғаудың қажетті нормаларын барлық кезде сақтамайтындардың да үлесі жеткілікті екенін атап өткен жөн. Мысалы, шамамен әрбір үшінші респондент отбасылық іс-шараларға қатыса отырып, туыстарымен араласуды жалғастырады, сонымен қатар ауырған жағдайда өзін-өзі оқшаулау режимін әрдайым сақтай бермейді.

Зерттеу әдістемесі:

Сауалнама әдісі – маршруттық квоталық іріктеме негізінде тұрғылықты мекенжайы бойынша респондентпен сұхбат. Іріктеме –республикалық маңызы бар З қала және 14 облыстағы 59 қалалық елді мекен және ауылдық жерлердегі 18 жастағы және одан асқан 2000 респондент. Статистикалық қателік 3,5%-дан аспайды. Өткізілу мерзімі – тамыз, 2020 жыл.
фото:
Ашық дереккөз
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады