- Басты
- Қазақстандықтар балкондарға туды ілді
Қазақстандықтар балкондарға туды ілді
16-18 желтоқсан аралығында Қазақстанның туын тұрғын үйлердің терезелері мен балкондарына орната отырып «Менің туым. Менің Отаным!» челленджі өтіп жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Мәселен, Шымкентте бұл шара әлеуметтік желіде қолдау тауып, екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Бүгін қорытындыланды. Бұл акцияның ауқымы кеңейіп, өзге облыстарда да жалғасын тапты. Қарағанды, Павлодар, Тараз, Қызылорда секілді еліміздің өзге өңір тұрғындары Көк байрақпен суретке түсіп, акцияға үн қосты, әлеуметтік желілерде челлендж ұйымдастырды, балкондарға көк туды ілді.
«Менің туым – Менің Отаным» деген атаумен мұндай челлендж Көкшетауда да өтті. Пәтерлерінің балконына еліміздің көк Туын іліп қойған Сарыарқа шағынауданы, 8/4 тұрғын үйінің тұрғындары қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні мерекесімен осылайша құттықтады. Шараны ұйымдастырушылар тұрғындардың балконға ту ілуді бұрыннан армандағанын айтты. Қалада тумен бірге автошеру де өтті.
Семей жастары да акцияға белсенді қатысты. Белсенді жастар автокөлікке жабыстыратын Қазақстан туын 100 көлік иесіне таратқан. Акцияны көпқабатты тұрғын үй тұрғындары да қолдады. Қарағайлы ықшамауданының жаңа тұрғындары балкондарға көк туды тізе ілді.
16 желтоқсан сағат 10.00 де Қарағанды қаласы «Менің туым. Менің Отаным!» челленджін бастау берді атлаған челленджді Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Шахтинск қалалары жалғастырады. Тұрғындар балконға ту ілді. Қарағанды қаласында «Қарағанды» қонақ үйінің балконына 20 жуық ту ілініп, жастар жалаушаларды алып атаулы челленджді Балқаш қаласына жолдады.
Акция Қазақстанның өзге аймақтарында да жалғасын тапты.
-
Цифрландыру: Әлеуметтік қызметтің 91%-ы электронды түрде көрсетілді
-
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді
-
Елордада Салық Зимановтың 100 жылдығы атап өтілді
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
Қазыбек Иса: Латын әліпбиі орыстілді және қазақтілді жастар арасындағы алшақтықты жояды
-
Салық және кедендiк әкiмшiлендiру: Енгізілген цифрлы технологиялар мен заңнаманы жетілдіру шаралары
-
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді
-
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
Партия лидерлері сайлау нәтижесіне байланысты пікір білдірді

