• Басты
  • Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс
19 Тамыз, 2020 12:19

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс

Елімізде осы дүйсенбіден бастап карантин талаптары жеңілдетілді. Бұдан былай санитарлық нормаларды сақтай отырып бірқатар нысандар, атап айтсақ, сауда орталықтары, сән салондары, шаштараз, балаларға арналған түзету мекемелері және тағы сол сияқты мекемелер жұмысын жалғастырады. Осылайша азаматтар бұрынғы өміріне кезең-кезеңімен қайта орала алады. Сондай-ақ енді тек ел аумағында ғана емес, қазақстандықтар шет мемлекеттерге де шығуға мүмкіндік алып отыр. Осы орайда ҚР азаматтары қай елдерге саяхаттай алады, ПТР тесттің анықтамасы қай елдерге қажет, сонымен қатар қай елдерден келген жолаушылар тест тапсыру керегін Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс

Жаңа қаулы не дейді

Осыдан бірер күн бұрын бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысы шықты. Жаңа жарлыққа сәйкес, жолаушылар келген елдер үш санатқа бөлінеді:

Бірінші санат - Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Таиланд, Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Египет, Украина, Нидерланды, Ресей. Аталған елдерден келген жолаушылар термометрия мен сауалнамалардан өтуі тиіс.

Екінші санат - Польша, Өзбекстан, Тәжікстан. Сонымен қатар бұл санатқа үшінші санаттағы елдерден жоспардан тыс, яғни эвакуация және чартерлік рейстер де кіреді.

Жоғарыда аталған мемлекеттерден келген жолаушылар өтуі керек:

-        Термометрия

-        Сауалнама

-        COVID-19 вирусына ПТР әдісі арқылы өткен сараптаманың теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болған жағдайда, ол алынған сәттен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен уақытта бес күннен аспаған болуы керек

-        Мұндай сертификат болмаған жағдайда, ПТР әдісі бойынша тұратын жерінде (шетелдік азаматтар үшін), тұрғылықты жерінде (Қазақстан азаматтары үшін) келген күннен бастап 48 сағат ішінде міндетті түрдезертханалық сараптамадан өтуі тиіс немесе14 күнге үй карантинінде болады.

Үшінші санатқа қалған барлық елдер кіреді. Сонымен қатар айта кету керек, тұрақты рейстерге тыйым салынады.

Сонымен қоса еске салайық, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Қазақстан бірқатар мемлекетке әуе рейстерін ашты. Олар:

-        Біріккен Араб Әмірліктері

-        Беларусь Республикасы

-        Германия

-        Нидерланды

-        Египет

-        Украина

-        Ресей Федерациясы

Министрліктің мәліметінше, халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылатын болады.

Сонымен қатар айта кету керек, министрлік жоғарыда аталған елдердің авиация органдарымен біргетұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін алдын-ала пысықтаған. Осылайша, бұл мемлекеттер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, атап айтса, термометрия, ПТР тестілеу, әлеуметтік дистанция, маска режимі сақтай отырып, Қазақстанмен ұшуды қалпына келтіруді қолдап отыр.

Сонымен бірге Ресейге ұшу үшін Ресей тарапынан рұқсат талап етілетінін атап өткен жөн.

Еске салайық, рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты іске асады.

 

Қазақстандықтар Египетке қашан ұша алады

SCAT-тың еншілес әуе компаниясы Sunday Airlines 14 қыркүйектен бастап Египетке астана мен Алматы қаласынан рейстерін қайта бастайды.

SCAT авиакомпаниясының мәліметінше, нақтырақ айтсақ, 14 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан - Шарм-аль-Шейх және Алматы - Шарм-аль-Шейх сияқты рейстер қалпына келеді. Аталған рейстер аптасына екі рет орындалмақ.

Ал 2020 жылдың қазан айынан бастап Шымкент - Шарм-аль-Шейх және Қостанай - Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша тікелей рейстер қайта басталады.

Сонымен қатар айту керек, турлардың құны өзгерген жоқ. Баға өткен жылғы ұсыныстар деңгейінде қалды.

«Египет үкіметі тікелей чартерлік және тұрақты рейстермен келетін туристерге ПТР тестсіз Шарм-эль-Шейх және Хургада курорттарына баруға рұқсат берді. Ал Шарм-эль-Шейх немесе Хургадаға тікелей рейстермен келіп, елде саяхаттағысы келетін туристер (басқа қалалар мен облыстарға) сапар басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей COVID-19 үшін теріс ПТР тестін өткізу міндеттелді», - делінген авиакомпанияның хабарламасында.

Сонымен қатар еске салайық, үшінші санаттағы елдер немесе қалалар арқылы транзитпен жүрген кез-келген адамда коронавирусқа арналған ПТР тестінің анықтамасы болуы керек.

 

Түркия мен Қазақстан арасындағы рейстер қашан ашылады

Екі ел арасындағы рейстер 1 қыркүйектен бастап ашылмақ. Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Түркия рейстерді қалпына келтіру үшін 92 елмен келіссөздерді аяқтады. Қазақстан солардың қатарында. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиямен қыркүйек айында рейстердің қайта басталатыны туралы ақпаратты әлі растаған жоқ.

    

«Эйр Астана» әуе компаниясы санитарлық талаптарды сақтамағандарға айыппұл салмақ

«Эйр Астана» авиакомпаниясы бортта санитарлық нормаларды кемінде бір рет бұзған жолаушылар бұзушылықтың салдарынан авиакомпания шеккен шығындар үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын хабарлады.

«Бір кездері санитарлық нормаларды бұзған жолаушылар келесі сапарда санитарлық талаптарды сақтауға жазбаша келісім беруі керек және осындай бұзушылықтың салдарынан авиакомпания шеккен шығындар үшін жауапкершілікті өз мойнына алады», - деді «Эйр Астана» баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін «Эйр Астана» әуе компнаиясында санитарлық нормаларды бұзудың 23 фактісін тіркелді, олардың 18-і маска киуден бас тарту болып отыр. Сондықтан да әуекомпания осындай шешім қабылдауға мәжбүр.

Жақын маңдағы әуежайға ұшақты жоспардан тыс қондыру ондаған мың долларға бағаланады. Сонымен қатар жолаушыларға 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынатын болады.

Осыған байланысты «Эйр Астана» жолаушыларды бортқа мінер кезде бетперде кию керегін ескертіп отыр. Хабарламада былай делінген: «Бетперде сізді, сіздің жақындарыңызды және экипажды коронавирусты жұқтырудан қорғайды. Сонымен қатар жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитарлық нормаларды сақтау авиакомпанияның міндеті».

Ұшу кезінде бетперде режимі мен әлеуметтік арақашықтықты әуе кемесінен түсу және міну сақтау керек екені баса айтылды. Бетперде режимін және санитарлық талаптарды бұзғандар құқық қорғау органдарына тапсырылатын болады.

Барлық жаңалықтар