• Басты
  • Қазақстандықтарға әмбебап әлеуметтік ID-карталар тегін таратылады
9 Сәуір, 2020 11:14

Қазақстандықтарға әмбебап әлеуметтік ID-карталар тегін таратылады

Бірыңғай карта әлеуметтік және көлік карталарын алмастырады, сондай-ақ тауарларды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді.



Қазақстандықтарға әмбебап әлеуметтік ID-карталар тегін таратылады

2020 жылдың соңына дейін «Қазақстан азаматының әлеуметтік ID» жобасы аясында қазақстандықтарға тегін әмбебап әлеуметтік карталар беріледі. Бірінші кезекте карталармен зейнеткерлерді және мемлекеттен әлеуметтік көмек алушыларды қамтамасыз етіледі.

«Әртүрлі нұсқалар қарастырылды, соның ішінде NFС технологиясы бар QR-кодтар мен смартфондарды пайдалану. Алайда, мұндай шешімдер белгілі бір қиындықтарға байланысты қабылданбады. Біріншіден, көптеген зейнет жасындағы азаматтар смарт-құрылғыларды толық қолдана алмайды. Екіншіден, барлық өңірлердің тұрғындары интернетпен қамтылмаған. Сондықтан ID картаны – онлайн және офлайн пайдалана алу үшін пластикалық карта түрінде шығару туралы шешім қабылданды. Барлық азаматтар оны қалай пайдалану керектігін біледі», - дейді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша АЖ дамыту және сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары Әлішер Елубаев.

Әмбебап картада бірқатар мемлекеттік қызметтер біріктіріледі: зейнетақы мен жәрдемақы алу, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу, сауда, медициналық және басқа да желілердегі тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысуға болады. Әлеуметтік карта бойынша жол жүруге 50% жеңілдік, шипажайда демалуға 100% өтемақы алуға болады.

Бұл ретте картаға «мақсатты бақылау» деп аталатын жүйе енгізіледі. Бұл мемлекеттің заттай жеңілдіктердің орнына ақшалай берілетін қаражатты (мысалы, балалар тағамы, қалалық көлікте жүру) басқа мақсаттарға жұмсауға мүмкін  болмайды.

Әмбебап картаны енгізу ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жүзеге асыратын «Қазақстан азаматының әлеуметтік ID» жобасы аясында жүргізіледі. Жоба Ақтөбе қаласында сәтті сынақтан өтті, енді оны еліміздің барлық өңірлерінде енгізу басталды.

ID картаны барлық қазақстандықтар ала алады. Бірінші кезекте оларды зейнеткерлерге, мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрлерін алушыларға, сондай-ақ оқушыларға беретін болады. Әмбебап әлеуметтік карталар тегін беріледі. Карта берумен «Қазпошта»АҚ айналысатын болады.

Бұл ретте бірнеше жыл бойы «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің кассаларында жәрдемақы мен зейнетақы алудың баламалы тәсілі сақталатын болады. Үкімет шешіміне сәйкес әмбебап картаға толық көшу 2023 жылға қарай аяқталуы тиіс.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды