- Басты
- Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
2020 жылғы қаңтар-қараша аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 266,1 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 68,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 24,1 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 7,1 млрд теңге бағытталды.
2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 509,4 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны 159,2 мың адамды құрайды.
Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
2020 жылғы 1 желтоқсанға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 47 336 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 44 643 теңгені құрады.
-
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды
-
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді
-
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды
-
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді
-
А.Райымқұлова: Құжат - ЮНЕСКО жүйесiнде Қазақстанның бастамаларын iске асыруға ықпал етпек
-
Әскерге шақырту қағазы SMS түрінде жіберілмек
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті
-
1 млн қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатын шеше алады
-
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген онлайн аукцион қазынаға 61 млрд теңге әкелді
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,2 трлн-нан астам теңге зейнетақы төленді
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері

