• Басты
  • Қазақстандық стартаптар халықаралық деңгейде дамиды
22 Мамыр, 2020 09:01

Қазақстандық стартаптар халықаралық деңгейде дамиды

Қытай қазақстандық стартаптарды қолдауға ниетті. Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы аясында жергілікті Astana Hub технопаркі мен аспан асты елінің кеңге танымал Zhongguancun технологиялық ғылыми паркі арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Тараптар келісім аясында Қазақстандағы экожүйені дамытуға мүдде танытып отыр. Бұл орайда отандық инновациялық жобалар халықаралық алаңдарда ұсынылып, әлемге насихатталатын болады.
Қазақстандық стартаптар халықаралық деңгейде дамиды
«Осы саланың әлем қауымдастығы мен аймақ үшін инвестициялық мәдениетті жетілдіріп, бұған қатысты өзекті мәселелерді шешу бағытында бірқатар оқыту шарасын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл орайда жекелеген салалар бойынша бірлескен акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар, стартаптар және сарапшылармен алмасу көзделген», - делінген елордалық технопарктің баспасөз қызметінің хабарламасында. Бұған қоса, қытайлық технологиялық ғылыми парк халықаралық даму бағдарламасының аясында елімізде өз өкілдігін ашуды ұсынып отыр. Оны біздегі Astana Hub технопаркінің қабырғасында құру көзелген. Ондағы мақсат – қазақстандық IT бастамаларды қолдап, отандық жоғары технологиялық компаниялардың заманауи шешімдерін жүзеге асыруға демеу жасау. 

Айта кетерлік жайт, бүгінде аспан асты елінің технопаркі Жапония, Украина, Австралия, Германия, Сербия, Непал, Швейцария, Франция, Ресей және Канада сынды елдермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Енді осы тұрғыда жас қазақстандық ғалымдардың ойларын жаһандық деңгейде іске асыру үшін септесуде мүдделік танытуда.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды