• Басты
  • Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды

Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды

18 Мамыр, 2021 16:00

Алимент дегеніміз – «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексіне» сәйкес, бір адамға жүктелетін міндет. Ол ажырасқан жағдайда бұрынғы жұбайында қалған өз баласын материалдық асырауға Заңмен міндеттеледі. Көп жағдайда алименттерді төлеу немесе сұрату қажеттілігі туындауы мүмкін. Қазақстандықтардың алименттік жауапкершілік деңгейі қандай? Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.


Маңғыстау облысында жүргізілген алимент және салық қарыздарды жинау бойынша рейдтер нәтижесі бойынша, Мұнайлы ауданының прокуратурасы алимент қарызы бар борышкерлерден 7 миллион теңге өндіріп алған. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша борышкерлерге қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды. Тағы 11 материал қылмыстық іс қозғау үшін Ақтау қаласының прокуратурасына жолданды. Облыстық жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының орынбасары Исатай Абылаевтың айтуынша, жеке сот орындаушылардың жұмысында алименттік істер ерекше бақылауда, бұл бағытта барлық жұмыстар жүргізілуде. Қарызды өндіріп алу үшін рейдтік іс шаралар жыл соңына дейін жалғаспақ.

Осы рейд аясында екі аптада Маңғыстау облысындағы жеке сот орындаушылары мен Әкімшілік полиция басқармасы міндеттелген төлемнен жалтарған азаматтардың автокөлігін айыппұл тұрағына жіберді. Облыста мұндай автокөліктердің саны 20.

Осындай рейдтік жұмыс Алматы облысында да жүргізілді. Алимент бойынша 5 миллионға жуық қарызды Алматы облысының жеке сот орындаушысы Балпық Асқарбеков үш баласы бар ананың пайдасына өндіріп алды. Орындау кезінде ол борышкердің банктік шоттарына тыйым салып, елден шығуға шектеу қойған. Алайда, бұл жұмыссыз адамға әсер еткен жоқ. Қарызды өтемеген жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын сот орындаушы жеткізген кезде, әке қарызды толығымен жабуды шешті. Жартылай малмен, жартылай ақшамен қарызды толығымен өтеді. Өтініш бойынша атқарушылық құжат өндіріп алушыға қайтарылғанын айта кету керек. Бүгінгі күні еліміз бойынша мүлде алимент төлемейтіндер саны 12 000 адам. Жыл басынан жеке сот орындаушылардың ұсынысы бойынша 1016 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, ал 24 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген дәл осындай шаралар барысында облыстың тұрғыны әйелімен ажырасқаннан кейін 9 жыл бойы алимент төлемегені анықталды. Ол баласы барын ұмытып, алименттік міндеттерден бас тартқан. Бірақ тиісті Заңмен реттелетін бұл құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Жеке сот орындаушысы Рада Сыздықова алимент қарызының өндіріп алу үшін Заңға сәйкес тиісті шаралар қолданды. Қабылданған шаралар нәтижесінде алименттен жалтарған ер азамат Петропавлдағы пәтердің 1/6 бөлігін өз еркімен сатып, 1 554 833 теңге көлеміндегі қарызын төлеу жауапкершілігін мойнына алды.

Тағы бір борышкер 2016 жылдан бері 2 641 272 алименттік қарыз жинаған. Білімі болмағандықтан жұмыс істемеген.

Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мен қалалық жұмыспен қамту орталығы арасында жасалған Меморандумға сәйкес, қазіргі уақытта борышкер «Газбен дәнекерлеуші" мамандығы бойынша үш айлық оқудан өтіп жатыр, содан кейін оған ресми жұмыс беріледі. Сот орындаушысы Рада Сыздыкова іс жүргізу барысында борышкердің автокөлігін анықтап, бала мен анасына қарыз бөлігі ретінде берді. Көліктің құны 201 000 теңге деп бағаланды.

Павлодар облысында да 4 борышкерден алимент өндіріліп алынды. Қарыздың жалпы сомасы 3 423 702 теңгені құраған. Жеке сот орындаушының аты Тұрсынбек Ғаббасов. Бірінші іс бойынша ол қарызды өндіріп алуға мәжбүрлеу шараларын қабылдады және қарызды төлеу қажеттілігі туралы бірнеше рет ескерткен. Алайда, көп жағдайдағыдай, борышкер сот орындаушының сөзіне құлақ аспай, пәтердегі үлесінен айырылды. Сот орындаушы оны сатып, бірнеше жыл ішінде жиналған 1 358 079 теңге мөлшерінде алимент қарызды толығымен өндірді.

Тағы екі облыс тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған соң, қарыздарын төлесе, төртіншісі көлігін жоғалтпау үшін, 1 168 160 теңге алимент қарызын өтеген.

Алименттік іс, әлеуметтік маңызы бар категорияға жататындықтан, жеке сот орындаушылардың жұмысында бірінші кезекте. Сондықтан бұл бағытта жұмыс тынымсыз жүргізілуде. Алматы облысының жеке сот орындаушылары бір апта ішінде бес борышкерден 4 997 829 теңге өндіріп алды. Барлық іс проблемалы, яғни олар бойынша қарыз үш айдан асқан.

Жүргізуші куәлігін уақытша тоқтата тұру шарасы ЖСО Асхат Балтабаевқа тиімді болып шықты. Нәтижесінде 1 387 945 теңге көлеміндегі қарызды борышкер толығымен өтеді.

Балтабаев облыстың тағы бір тұрғыннан 502 000 теңге көлеміндегі алимент қарызын өндіріп алды.

«Менің сот орындаушысы Серік Байділдаевтың жұмысына шағымым жоқ», - деп жазды талапкер 769 961 теңге алимент қарызын алғаннан кейін.

Жеке сот орындаушы Ерлан Даткаев екі іс бойынша жақсы жұмыс атқарғанын айту керек. Біреуі бойынша 300 мыңдай , екіншісінде миллионнан астам теңге өндірілді.

Бейне ризашылығын аналардың бірі Ержан Мұқажанов істі сапалы орындағаннан кейін жазды. Сот орындаушысы медиатор мен нотариустың қатысуымен миллион теңгеден астам қарызын толығымен жабу үшін жер учаскесі бар үйді өндіріп алушыға берген.


Барлық жаңалықтар