• Басты
  • Қазақстандық құс фабрикасы коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлді
20 Наурыз, 2020 16:16

Қазақстандық құс фабрикасы коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлді


«Aitas KZ» АҚ Бас директоры әрі иесі Серік Толықпаевтың шешімі бойынша компания дағдарыс уақытында бірқатар шара қабылдайды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 
Қазақстандық құс фабрикасы коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлді

COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрес үшін 200 млн теңге бөледі;

«Кус&Вкус» бренді өнімдерінің бағасын өсірмейді;

Төтенше жағдай уақытында өндірістік холдингті басқаруды ұйымдастыру бойынша компанияның құжаттарын ашық көзге - https://aitas.kz сайтына орналастырады;

Халыққа үздіксіз жеткізіп тұру үшін еттің 1000 тонналық қалдық мөлшерін қамтамасыз етеді;

Карантин аумақтарында және бизнес жоқ аумақтарда волонтерлік штабтарды құрады.

«Aitas KZ» АҚ компаниясы өз жұмысының негізі ретінде бизнестің әлеуметтік бағытын айқындап алған. Тұтынушылардың, қызметкерлердің, серіктестердің мүддесі – міне, компанияның күн сайынғы жұмысының бағыт-бағдары осы.

COVID-19 коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантин уақытында «Aitas KZ» АҚ денсаулық сақтау, тұтынушылар мен бизнес жүйесін қолдаудың бірқатар шарасын қабылдады.

Қазақстан Республикасының коронавирус инфекциясына қарсы күресі жолында компания медициналық құрылғылар мен препараттар үшін денсаулық сақтау органдарына көмек ретінде 200 млн теңге бөледі.

Сонымен қатар Аумақтарды дамытудың тұрақты даму базасында «Аitas KZ» АҚ компаниясының кәсіпорындары орналасқан ашық аймақта, сондай-ақ каарнтин аумақтарында халыққа көмек көрсету үшін волонтерлік штабтар құрылады.

«Біз өзімізге халықты 1 мың тонналық құс етінен кем түспейтін көлемде қамтамасыз ету міндеттемесін алып отырмыз. Бұл шаралар халықты үздіксіз құс етімен қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ ТЖ режімі уақытында «Кус&Вкус» брендінің өнімдерінің бағасы өспейтініне кепілдік береміз», - деді «Аitas KZ» АҚ бас директоры Серік Толықпаев.

«Бүгінгі күні бүкіл әлем күрделі жағдайда. «Aitas KZ» АҚ ауыл шаруашылығы саласындағы ірі өндірістік компаниялардың бірі бола отырып, жұмыстың жаңа шарттарына қарай бейімделеді», - дейді Толықпаев мырза. «Біз дағдарысқа қарсы іс-шаралардың бірқатарын енгіздік. Енді осы дағдымызды бизнеспен бөлісуге дайынбыз».

«Бүгінгі қалыптасқан жағдайда қазақстандықтар ең алдымен сабыр сақтап, коронавирус инфекциясына қарсы күресте төзім танытқаны (COVID-19) дұрыс. Бизнес өкілдері де әлеуметтік жауапкершілікті танытып, өз мүмкіндігіне қарай мемлекетке көмектесуі керек. Біз бірге кез келген қиындықты еңсере аламыз», - деді «Аitas KZ» АҚ басшысы Серік Толықпаев.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды