• Басты
  • Қазақстандық параспортшылар Манчестерде 5 медаль жеңіп алды
24 Ақпан, 2020 17:54

Қазақстандық параспортшылар Манчестерде 5 медаль жеңіп алды

2020 жылдың 20-23 ақпан аралығында Манчестерде пара пауэрлифтингтен Әлем Кубогы өтті. Оған әлемнің 25 мемлекетінен 120-ға жуық спортшы қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада Комитетінің маркетинг және байланыс бойынша департаменті.

Қазақстандық параспортшылар Манчестерде 5 медаль жеңіп алды

Жарыс Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының намысын Ұлттық паралимпиадалық құрама командасының 6 спортшысы қорғады. 

Олар жалпы 5 медаль ұтып алды: 3 – «алтын» және 2 – «күміс».
Гүлім Құрманбаева (45 кг дейін) – ересектер арасында «алтын»;
Ерболат Кәрібай (49 кг дейін) – юниорлар арасынла «күміс»;
Захар Буймов (54 кг дейін) – юниорлар арасынла «алтын», ересектер арасында «күміс»;
Максим Тен (59 кг дейін) – юниорлар арасында «алтын».

Келесі кезекте Паралимпиадаға лицензия ойнатылатын пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы (Fazza-11) «Токио жолы 2020». Жарыс сәуір айында Дубайда өтеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды