• Басты
  • Қазақстандық кәсіпкерлер Президент қолдауына ие - А. Мырзахметов

Қазақстандық кәсіпкерлер Президент қолдауына ие - А. Мырзахметов

30 Қазан, 2020 14:04

Осы аптада Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жетінші съезі өтті. Бұл съезд тұңғыш рет онлайн форматта өтті. Бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының Төрағасы Абылай Мырзахметов схъезде отандық кәсіпкерлермен талқыланған мәселелер жайлы айтты. Сол мәселелер Strategy2050 тілшісінің материалында.


Онлайн жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысқан. Ол отандық бизнесті дамытудағы басым бағыттарды айтты. Абылай Мырзахметовтың айтуынша, съездің ерекшелігі мемлекет басшысының тікелей қатысуы болған.

Президент айтқан 7 стратегияны съезд делегаттары мұқият тыңдады. Жеті қағидаттың бірі кәсіпкерлікті қолдауға, шағын және орта бизнесті дамытуға арналды. Президент кәсіпкерлердің алдына жаңа міндеттер қойды. Президент әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, жаңа форматта, ең бастысы цифрландырылған форматта реттеу алаңын түгелдей қайта құру керектігін айтты, - деді Мырзахметов.
Оның айтуынша, келер жылы Үкімет пен Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер, сарапшыларды тартып, ортақ жұмыстар атқарылады.

Алдағы жылды еліміздің кәсіпкерлңк саласы үшін мазмұнды жыл етіп өткізуді көздейміз. Агроөнеркәсіп саласын дамыту арнайы жоспар құрылып, сол бойынша нақты шаруалар тындырылады. Мемлекет басшысы пандемия жағдайында дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу бойынша Үкімет пен «Атамекен» палатасының бірлескен жұмысының рөлін айтқан болатын. Ол оң бағасын беріп, алдымызға күту міндетін қойды. Мемлекет басшысы дағдарыс мүмкіндіктер кезеңі екенін де айтып өтті. Икемді болып, уақытпен бірге қадам басып, бәсекеге қабілетті болу керек. Съезд делегаттары жақсы ақпарат, қолдау және бағдар алды деп ойлаймын, - деді ол.
Айтпақшы, Қазақстанның өңірлеріндегі бизнестің 5 жылдық бағдарламасы әзірленген. Бұл бағдарлама әр өңірдің ерекшелігіне, бәсекеге қабілеттілігіне сай дайындалады. Бағдарламада көрсетілген шараның бірі субсидия алу. Абылай Мырзахметовтың айтуынша, кәсіп ашып, оны дамытқысы келетіндер үшін бұл мүмкіндік болмақ.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері Ресейдің Омск қаласына сүт апарып, сатқысы келеді делік. Бірақ Омскінің базарларына еркін өту үшін субсидия керек. Бұл ретте жергілікті бюджеттен көмектесу арқылы сүт сатуға, сүт шаруашылығын, сүт бизнесін сол өңірде дамытуға жағдай жасалады. Мұндай бес жылдық бағдарлама өз нәтижесін береді деп ойлаймын, - деді ол.
Абылай Мырзахметов баспасөз мәслихатында қазақстандық кәсіпкерлерге көмек ретінде тексерушілер тарапынан болатын жемқорлық жағдайдың алдын алу мәселесін шешу үшін жұмыстар жасалып жатқанын айтты

Кәсіпкерлер көп қиыншылық көреді. Кейбір кәсіпкерлердің қарамағында заңгерлері жоқ. Түрлі органдардан тексеру келгенде, олар қандай әрекет жасайтындарын білмей жатады. Мұндай ағдай парақорлыққа әкеледі. Соны ескере отырып, осыдан екі жыл бұрын пилотты жоба ретінде жедел көмек құрдық. Сол жобаның арқасында қажет мәліметтерді жинап, оны сараптап цифрлық экожүйеміздің ішіне кәсіпкерлер қалай жұмыс істейтінін қарап шықтық, – деді Кәсіпкерлер палатасының төрағасы.
 Осындай қоғам үшін зиянды әрекеттердің орын алмауын алдын алу мақсатында мобильді топтар құрылатынын айтты. Палата Үкіметпен бұл туралы келіссөздер жүргізген.

Үкіметпен арадағы келісімге сәйкес, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары атсалысады. Яғни барлық база бір-бірімен интеграцияланып, байланыста болады. Кез келген кәсіпкер болған жағдайды телефон камерасына суретке түсіріп, келген тексерушіні немесе оның дұрыс емес толтырған қағазын толтырып, экожүйеге жіберсе, міндетті түрде жылдам арада шешім қабылданып отырады. Сол арада Прокуратура қосылады немесе біздің call-орталықтың заңгерлері араласады. Осы экожүйе арқылы кәсіпкерге дереу көмек көрсетіледі, – деп түсіндірді Мырзахметов.
Абылай Мырзахметов Ұлттық Банктің кәсіпкерлерге арналған несиелік саяатын өзгерту керек екенін айтты. 2015 жылы ресейлік рублтдің тиімділігінің арқасында қазақстандық кәсіпкерлер несиені рубльмен алған.
Ұлттық банк Ресейдің валюталық саясатына мән беру керек. Ресей біздің алып серіктесіміз, қазір шекара ашық. Қазірдің өзінде ресейлік Центробанктің пайыздық көрсеткіші 4,5%, ал қазақстандық Ұлттық банкте – 9 %. Бұл үлкен айырмашылық. Кәсіпкерлер несиені рубльмен алуды құптайтыны осыдан, - деді ол.

Брифинг барысында ауылдағы кәсіпкерлік туралы сөз болды. Мырзахметов шекаралық аймақтардағы ауылдар тұрғындарының жаппай көшуінің себебін түсіндірді.

Ауылдағы халық сол жерде тұрақтап қалуы үшін кәсіпкерлікті дамыту қажет. Ауыл тұрғындарының табысы қаладағы тұрғындармен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бірақ, шекаралық аймақтардағы ауылдарда кәсіпкерлікпен айналысу үшін мүмкіндік көп. Шекарадағы елді-мекендерден көшіп кету әсіресе жастар арасында жиі кездеседі. Жастардың басым бөлігі қалада тұруды армандайды, - деді.
Мырзахметов осы тұста Ресейдің оқушылар үшін тағайындайтын гранттары туралы айтты.

Ресеймен шекаралас елді-мекендердегі жоғары сыныпта оқитын озат оқушыларды Ресей жақ жоғры оқу орындарынан грант бөлу арқылы білікті мамандарды дайындауды бастап кеткен. Бұл ретте біз өз жастарымызды елде ұстап қалу үшін әр өңірде бес жылдық бағдарламалар жасалуы қажет. Әр өңір өзіне тән кәсіпкерлікті дамытып, бәсекеге қабілетті болуға тырысу керек, – деді ол.
«Атамекен» төрағасы елдегі кәсіпкерлік пен ғалымның арасындағы алшақтықты жақындату шаралары туралы да баяндады. Ол бірнеше мысал келтірді.

Шығыс Қазақстан облысынан шыққан кәсіпкер Фарид Абитаев күнбағыс егіп, мал шаруашылығымен айналысады. Бұған қоса ол шаруа қожалығын ашып, шетелден әкелген жетістіктерді климатымызға, жерімізге бейімдеп, өнімділікті 5-6 есеге арттырып отыр. Сонымен қатар, Алматы облысы Талдықорған қаласының тұрғыны Алмазбек Садырбаев та ғалымдармен келісіп жаңа эмбрион ашып жатыр. Осындай жетістіктер бар. Соның барлығын нақты жолға қоюымыз керек. Біздің әсіпкерлер қандай да болмасын ғылыми зерттеулерге немесе ғылыми жұмыстарға өз бизнесі үшін пайдалы болса ғана қатысады, - деді ол.

Барлық жаңалықтар