• Басты
  • Қазақстандық донор шетелге шығарылмайды
17 Маусым, 2020 13:09

Қазақстандық донор шетелге шығарылмайды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында халықтың денсаулығына қатысты бірқатар шешімдер қабылданып, ұсыныстар талқыға салынды. Сенат пен мәжіліс мақұлдап, президентке жіберілген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салу және араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелген.

Қазақстандық донор шетелге шығарылмайды


Сондай-ақ, бұдан былай дәрігер жасаған заң бұзушылықтарға шағым түсіріп, қылмыстық іс қозғау үшін арнайы мемлекеттік орган жүргізген тексеріс актісін қоса ұсыну қажет болатын норма кірістірілді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың кейбір санаты Қылмыстық кодекстен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне ауысты.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламентке дәрігерлер қателігі үшін бірден қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасын қайта қарап, жан-жақты зерделеуді тапсырған болатын. Ол үшін дамыған мемлекеттердің тәжірибесін ескергенді жөн санайтындығын айтқан. Президен тергеу кезінде дәрігердің өз міндетін қаншалықты немқұрайлы орындағанын дөп басу қиын екенін, алайда, дәрігер мамандар бірден қылмыстық жазаға тартылып отырғандығын алға тартқан еді.

Халық денсаулығы туралы Заң жобасында марқұмның органын алу үшін жұбайының немесе жақын туыстарының жазбаша рұқсаты арқылы жүзеге асатын болады. Бұл шара азаматтар қайтыс болғанға дейін донор болуға келісіп я келіспейтінін көрсетпеген жағдайда іске асады. Еліміздің аумағынан адам ағзалары мен тіндері тек шет мемлекетте емделіп жатқан Қазақстан азаматына медициналық көмек көрсету үшін ғана жөнелтілетін болады.

Ілеспе заң жобасын талқылау барысында депутат Зәуреш Аманжолова мәжіліс қарауынан кейін де, сенат енгізген толықтырулар заң жобасының тұжырымдамалық мәнін өзгертпегенін алға тартты.

Ұлттық деңгейде қосымша карантин енгізілуі мүмкін

Депутат Меруерт Қазбекова Үкімет басшысы Асқар Маминнен ұлттық деңгейде қосымша карантин шараларын енгізуді сұрады. Биліктің пандемияға қарсы бірінші кезеңдегі іс-қимылдарын жоғары бағалаған депутат Меруерт Қазбекова басқа елдермен салыстырғанда пандемия айтарлықтай күшеймегенін мәлім етті.деген еді.

Үкіметтің пандемияға қарсы іс-шаралары басқа елдермен салыстырғанда құптарлық. Дегемен, бір уақытта, бірқатар өңірде шектеулер жойылғаннан кейін, коронавирусқа шалдығу бірден өсіп кетті. Біздерге халық тарапынан түрлі шағымдар келіп түсіп жатыр. Көбінесе коронавирусқа қатысты тестілердің тапшылығына арызданушылар көп. Мысалы, еліміздің астанасында тест тапсыруға кезекке тұру үшін екі күн керек»,- деді депутат.

Осындай арыз-шағымдар өңірлерден де келіп жатқанын айтқан депутат, аурудың таралуына адамдардың қауіпсіздік талаптарын сақтамауы әсер етіп, соған сәйкес, қауіптілік жағдайы жоғары өңірлерде карантиннің күшейтілуін қолдайтыны жеткізді.

Қосымша карантин шараларын ұлттық деңгейде енгізу мүмкіндігін қарастырумен қатар коронавирус жұтырғандарды аурухағана жатқызуға қатысты шұғыл шаралар қабылдау керектігі де сөз болды.

Айдана Абдрахманова

 

Барлық жаңалықтар