• Басты
  • Қазақстандық ғалымдардың коронавируспен күресуге барлық мүмкіндігі бар – Е.Әбдірайымов
20 Наурыз, 2020 17:24

Қазақстандық ғалымдардың коронавируспен күресуге барлық мүмкіндігі бар – Е.Әбдірайымов

Қазақстандық ғалымдардың коронавируспен күресуге барлық мүмкіндігі бар. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары Ерғали Әбдіраимов Strategy2050.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Қазақстандық ғалымдардың коронавируспен күресуге барлық мүмкіндігі бар – Е.Әбдірайымов

-      Коронавирусты емдеуге Қазақстанның қандай қауқары бар?

-      Коронавирус COVID-19 індетінің бүкіл әлемге (20 наурыз 2020 ж. 157 мемлекетте тіркелген) кеңінен таралуы, экономикаға және қоғамға кері әсерін тигізуде. Қазақстандық ғалымдардың бұл аурумен күресуге барлық мүмкіндігі бар. Ол үшін бүгінгі күнге Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ғылыми зерттеу орталықтары тәжірибесі мен мүмкіндіктерін қолдануға дайын. Сондай орталықтың бірі Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Жамбыл облысы 40-шы әскери базасында орналасқан. Институттың 60 жылдан тарихында аса қауіпті ауруларға 30-дан аса вакциналар мен 40-қа жыуқ диагностикалық тест жүйелер әзірленіп еңгізілген.

  -      Жалпы,  әлем бойынша эпидемияны емдеудге арналған дәріні әр ел өздерінше дайындауға тырысып жатыр. Қазақстан әлемдік тәжірибені қолдана ма?

   -      Әлемнің ғылыми орталықтары эпидемия тоқтатуға және күресу үшін вакциналарын әзірлеуде, ал кейбіреулері БАҚ мәліметтеріне сүйенсек клиникалық сынақтарға кірісуде. Ғалымдар әрине барлық мәліметтерді зерттеп тұжырымдап әлемдік тәжірибе негізінде өз жұмыстарын жүргізеді. Оған себеп вакцинаны мүмкіндігінше жылдам әзірлеу өте маңызды.

  -      Карантин енгізілсе де, кейбір адамдар маскасыз жүр. Оларға індет әсер етпей ме?

-Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың ойынша, адамдардың бірінші қорғанысы маска немесе бетперде. Әрине маска 100% адамдарды қорғайды деп айту дұрыс емес. Ол тек қана вируспен жұқтырмауға алғашқы қорғаныс, соның өзінде маскаларды жиі 2-3 сағатта ауыстырған жөн. Сонымен бірге жалпы гигиеналық талаптарды сақтанған жөн. Ондай ұсыныстар Денсаулық сақтау министрлігі таратқан нұсқаулықтарда көрсетілген.

   - Алдын ала шараларды толық сақтау вирустың таралуына әсер ете ме?

-Міндетті түрде әсер етеді, Қытайда тек осы жолды қолдану арқылы ауруды тоқтатты.

  - Бұл вирустың өміршеңдігі қанша уақыт?

Қоршаған ортада вирустың сақталуына көп жағдайда ауа райының әсері бар, вирус таралған жерлердің және сол жердегі қолданыстағы заттардың әсерірінен бір неше минуттан бір неше сағатқа дейін болуы мүмкін. Сондықтан нұсқаулықта көрсетілген дей жиі қолды тазалап жуып жалпы санитариялық талаптарды сақтау керек.Сонымен қатар айтып кету керек Үкімет тарапынан, жауапты министрліктер мен ведомствалар барлық іс шараларды ұйымдастырып атқаруда, еліміздің азаматтары сол талаптарды орындап түсіністік пен қарауды сұраймыз.

-Сұхбатыңызға көп рақмет!  

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды