• Басты
  • Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина әлемдегі үздік 200 вакцина қатарына кірді
25 Тамыз, 2020 17:39

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина әлемдегі үздік 200 вакцина қатарына кірді

The Washington Post басылымы Қазақстанда әзірленіп жатқан COVID-19-ға қарсы вакцинаны пандемияны тоқтатуға қауқарлы экспериментті әрі нәтижелі болуы мүмкін 200 вакцинаның қатарына қосты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина әлемдегі үздік 200 вакцина қатарына кірді

The Washington Post жариялаған сараптамаға сәйкес Қазақстандағы «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларды ғылыми-зерттеу институты» жасап шығарған вакцина әлемді жаулап алған пандемияны жеңуге көмектесуі мүмкін. The Washington Post қазақстандық вакцинаны әзірленуі ұзақ, әлсіз әрі белсендірілмеген вирусты вакциналар тобына жатқызды. Алайда, бұл вакцинаның тиімділігін жоққа шығармайды.

Иә, бұл вакцина ескі жолмен дайындалған. Вирус әлсірейді де, ауруға айналмайды. Дегенмен, ағзаның иммундық жүйесіне қорғаныш механизмдерін жібере алады. Корь, эпидемиологиялық паротит және қызылша ауруларына қарсы екпе осындай тәсілмен жасалады. Белсендірілмеген вирусы бар вакциналардағы вирус өлі болып табылады. Ол адамдарға жұқпайды, десе де иммундық жүйенің инфекцияға қарсы қорғаныш реакциясын қалай құру керектігін көрсете алады. Мұндай тәсілді американдық вирусолог Джонас Солком полиомелитке қарсы вакцина жасауда қолданған. Солк вакцинасын қолданғаннан кейін АҚШ-та балалар арасындағы полиомелитке шалдығу 96%-ға азайған. Сонымен қатар бұл әдіс тұмауға қарсы вакцинаны әзірлеу барысында да қолданылады, - деп жазды басылым.

Басылымның атап өтуінше, қазірдің өзінде коронавирусқа қарсы 170-тен астам вакцина зертханаларда жануарларға, 7 вакцина дені сау жас адамдарға, 12 вакцина тәуекел тобына кіретін адамдарға салынып, сынқтан өтіп жатыр. Мұнан бөлек, тағы 7 вакцина тиімділігі мен қауіпсіздігін анықтау үшін 1 мың адамға салынған. Өкінішке қарай, әзірше бір де бір вакцина толыққанды қолдану үшін мақұлданған жоқ.

Тиімді вакцинаны іздеу осы жылдың қаңтар айында басталған болатын. Ол кезде қытайлықтар онлайн геном вирус жасап, нәтижесінде жұмбақ пневмонияның қозуы байқалған. Вакцина әзірлеу үшін бірнеше жыл уақыт кетеді. Бірақ, коронавирусқа қарсы вакцинада емес. Бүгінгі жер бетіндегі 813 мың адамды бұл вирус өлтіріп тынды. Сондықтан Қазақстан мен әлем ғалымдары үздіксіз еңбек етіп, адам өлімінен, қалалар мен елдердің экономикасын дағдарысқа ұшыратқан коронавирус пандемиясынан құтқаратын вакцинаны іздеп жатыр.

Естеріңізде болса, 2020 жылдың 26 шілдесінде қазақстандық вакцинаның 5 әзірлеушісі тірі вируспен жұмыс істеу барысында қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз еріктерімен вакцинаны өздеріне сынады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен рұқсат алынғаннан кейін 2020 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласындағы клиниканың базасында COVID-19-ға антиденесі жоқ 44 еріктіге клиникалық сынақ (І фаза) басталуы тиіс. 2020 жылдың қазан айының ортасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сай келетін 200 еріктіге клиникалық сынақ өткізудің ІІ фазасына шығу жоспарланған. Клиникалық сынақтың ІІ фазасы 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталмақ. Айта кеткен жөн, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген Covid-19 қарсы екінші вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтына тіркелген болатын. COVID-19 вакцинасын жасау бойынша жұмыстардың барысына қызығушылық танытқан азаматтар ДДСҰ веб-сайтында вакцинаға үміткерлер туралы жалпы шолуды оқи алады. Алдын ала болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар тәуекел тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынады. Вакцина әзірге 2 347 000 адамға салынады деп жоспарланып отыр.

Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар