- Басты
- Қазақстандық аффинаж зауыты «GOOD DELIVERY» сертификатын алды
Қазақстандық аффинаж зауыты «GOOD DELIVERY» сертификатын алды

«Good Delivery» сертификаты бар бағалы металлдар барлық әлемдік биржа саудаларында шектеусіз қабылданады. Бұл инвестистиция объектісі ретінде «Тау-Кен Алтын» таңбасымен шығарылатын тазартылған алтынның бағасын едәуір жоғарылатады.
Сертификатты алу рәсімдері едәуәр күрделі және ұзақ: «Тау-Кен Алтын» бірнеше кезеңдің аудиторлық тексерістен өтті, лондондық биржа сарапшылары технологиялық процесстерді, зауыт зертханасының халықаралық талаптарға сәйкестігін, мамандардың біліктілік деңгейін тексерді. Бұдан басқа, кәсіпорын қызметінің тарихына, оның қаржылық ахуалына қатысты, сондай-ақ, «LBMA жауапты алтын бойынша нұсқаулық» талаптарының орындалуына қатаң тексерулер жүргізілді.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Баспасөз қызметі хабарлағандай, «Good Delivery» сертификаты – бұл алтынның тек халықаралық стандарттарға (сынамасы, мөлшері, салмағы, құймасының сыртқы түрі) сәйкестігін растау ғана емес, сонымен қатар, оның кіршіксіз заңды тазалығына, сондай-ақ, кәсіпорын қызметінің сенімділігіне, ашықтығына және жақсы беделіне кепілдік болып табылады.
Айта кетейік, «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың индустриалдық паркінің аумағында орналасқан. Өндірістік қуаты – жылына 25 тонна тазартылған алтын және 50 тонна тазартылған күміс.
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
-
ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталды
-
Сайлау науқаны алдындағы шаралар қорытындыланды
-
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда
-
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі
-
Балалар арасында мүгедектік азайту жолдары қаралды
-
Коронавирус әлемде: Еуропада жаппай вакцинациялау басталды, АҚШ пен Үндістанда аурудың таралуы күрт өсті
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу
-
1 млн қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатын шеше алады
-
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда

