- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жасалған экспорттық тікұшақ Тәжікстанға тапсырылды
Қазақстанда жасалған экспорттық тікұшақ Тәжікстанға тапсырылды
Қазақстанда жасалған экспорттық тікұшақты Тәжікстанға тапсыру салтанаты өтті. Бұл борт Тәжікстандағы Airbus Helicopters алғашқы тікұшағы болып табылады. Тікұшақты «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС (50%) мен Airbus Helicopters компаниясы (50%) бірлесіп жинады.
Еурокоптер зауытында өткен тікұшақты тапсыру салтанатына Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, Airbus Helicopters, Қазақстан инжиниринг, KazakhExport компаниялары басшылығының, әлеуетті/қазіргі тапсырыс берушілердің өкілдері қатысты.
«Бүгін ұсынылған тікұшақ – өз класындағы басқа бір қозғалтқышты тікұшақтардан асып түсетін сенімді және заманауи машина. Бұл модель Эверест тауына ұшу мен қонуды орындап, әлемдік рекорд орнатты», - деп өз сөзінде вице-министр атап өтті.
Аталмыш жобаны жүзеге асыру ««KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қатысуымен, қаржыландыруымен, қолдауымен мүмкін болғандығын айта кету керек.
Анықтама үшін: «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС – Airbus Helicopters тікұшақтарын сатумен, ЕС145, Н125, Н130 тікұшақтарын өндірумен, оларға техникалық қызмет көрсетумен, сондай-ақ, техниктер мен ұшқыштарды орыс және ағылшын тілдерінде оқытумен айналысатын ТМД және Орталық Азия елдеріндегі жалғыз кәсіпорын.
Тікұшақтардың ұшу жарамдылығын қолдау, сондай-ақ, оларды жөндеу және техникалық қолдау қызметтерін көрсету мақсатында зауыт жанынан сервистік орталық ашылған болатын. Орталық кәсіпорынның қоймасындағы бөлшектер мен құрал-саймандардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Мұнда жоғары технологиялық жабдық та бар. Білікті мамандардың жедел қызмет көрсетуі сапа, өндіріс және қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне кепілдік береді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда
-
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады
-
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды
-
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша
-
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады
-
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды
-
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады

