• Басты
  • Қазақстанда жас отбасылардың фестивалі өтеді
8 Қыркүйек, 2020 18:55

Қазақстанда жас отбасылардың фестивалі өтеді

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісі Қазақстанда отбасы күні атап өтіледі. Осы жылы отбасы күні 13 қыркүйекпен тұспа-тұс келіп тұр. Осыған орай «Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты» ОTAUFES жас отбасылардың фестивалін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stratgy2050.kz тілшісі.


Қазақстанда жас отбасылардың фестивалі өтеді

Фестиваль 12-13 қыркүйекте онлайн форматта өтеді. Жасы 29-дан аспаған кез келген ерлі-зайыптылар бұл шараға қатыса алады.

Өтінімді электрондық түрде беруге болады. Өтінім нысаны www.arasha.com сайтында орналасқан. Фестиваль бағдарламасын ZOOM платформасындағы танымдық және ойын-сауық контентіне сілтеме жасай отырып жүктеп алуға болады.

Фестиваль үйлестірушісі Татьяна Резвушкинаның айтуынша, қатысушыларды әр түрлі тақырыптағы шеберлік-сыныптар; гендерологтардың, отбасылық психологтардың, балалар психологтарының, педиатрлардың, андрологтардың кеңестері және тағы басқа шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Байқау жеңімпазына 100 000 теңгенің сертификаты беріледі. Ал өңірлердегі жеңіске жеткен 3 отбасына да ақшалай сый тағайындадық. Фестивальге еліміздің таныма тұлғалары, оның ішінде Нұртас Адамбай, Супер Папа Серік және Луина бар. Олар әлеуметтік желіде өз аудиториясына фестиваль жайлы айтып отырады, - деді Татьяна Резвушкина.

Фестивальді «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ «Бөпе» отбасы және неке институтын жаңғырту қоғамдық қорымен» серіктестікте «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шаралар кешені» мемлекеттік гранты шеңберінде өткізеді. Сондай-ақ, жобаға «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (гранттық қолдау), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсеткен.

Фестиваль бағдарламасы бойынша отбасылық психологиялық мәселелер жөніндегі коуч Елжас Ертайұлы ауқымды тренинг өткізеді. Балалар неврологы Константин Пушкарев «Балалардың иммунитетін көтеру» тақырыбында шеберлік сағатын өткізеді. «Әйелдер ресурсы орталығының» басшысы Гүлнәр Қарақұлова отбасылық бюджетті басқару туралы дәріс оқиды. НТК телеарнасының стилисі Райхан Қорған киім кию туралы «Базалық гардероб» атты сабақ өткізеді.

otau.jpeg

Жоба үйлестірушісінің айтуынша, фестивальдің ерекшелігі көп.

Фестивальдің ерекшелігі әлеуметтік белсенділігімен, ерекшеленетін, спортпен, шығармашылықпен және сүйікті ісімен айналысатын, балалардың, оның ішінде қамқорлықтағы балалардың білім алуына көп көңіл бөлетін 29 жасқа дейінгі қазақстандық жас отбасыларға баса назар аударамыз. Біз белсенді әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын көпбалалы, ауылдық жерде тұратын отбасыларға қолдау көрсетіп, көмектескіміз келеді. Мұндай отбасылар қарапайым, өмірге құштар, көңілді болып келеді. Отбасы олардың өмірінде басты орында. Оларға ресурстар, жетістікке жету үшін мүмкіндіктер берген дұрыс, - дейді «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша іс-шаралар кешені» жобасының үйлестірушісі Татьяна Резвушкина.

Фестивальдің мақсаты - жастар арасында отбасы институтын және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ету, оларды насихаттау, бір отбасының мүшелерін жақындастыру және біріктіру. Іс-шара «қарым-қатынас дағдарысынан» сәтті өткізуге көмектеседі. Фестиваль жайлы маңызды ақпараттар Facebook, Instagram, Telegram-дағы ҚҚ беттерінде жарияланады.

Осы күнге дейін біз көптеген шараларды онлайн форматта өткіздік. Алғашқы конкурс – отбасылық фотолардың көрмесі болды. Қазақстанның әр түкпірінен отбасы құндылықтарын көрсететін фотолар жарияланды. Біз жеңімпаздарды анықтап, оларға ақшалай сыйлық бердік. Екінші конкурс «Қазақстандық отбасылардың сүйікті асы» деген атаумен өтті. Қатысушылар өздерінің сүйікті асының рецепттерімен бөлісті. Біз 5 жеңімпазды анықтадық. Оларды салтанатты түрде 12-13 қыркүйекте марапаттаймыз, - деді жоба үйлестірушісі.

Айта кету керек, фестиваль аясында Ресей мен ТМД, Орталық Азия мен Кавказдағы «Ата-ана коуч ретінде» бағдарламасының сертификатталған тренері, PCC (ICF) кәсіби сертификатталған коуч, ECPC кәсіби сертификатталған коуч, «Erickson International» сертификатталған бизнес-тренері. Мария Ковцурдың және «International Coaching Federation» (ICF), «5- Модуль». халықаралық сертификацияға кәсіби коучтарды даярлау бойынша бағдарламаның үйлестірушісі және менторы. «Erickson International» сертификатталған командалық коуч шеберлік сағатын өткізеді. Қазақстандағы тұңғыш «АНГЕЛ» Балалар қауіпсіздігі орталығының жетекшісі, балалар қауіпсіздігі бойынша машықтанушы жаттықтырушы, ISPCAN балаларға зорлық-зомбылықты және немқұрайды қарауды болдырмау жөніндегі Халықаралық қоғамдастықтың мүшесі, «PRO Жеке қауіпсіздік және Антибуллинг» бірегей әдістемесінің авторы Зарина Жұмағұлова «Балаларға арналған қауіпсіздік ережелері» тақырыбында дәріс оқиды. Неліктен әдеттегі «бейтаныс адамдармен сөйлеспе», «бөтен адамнан ештеңе алма», «бейтаныс адамға сенім артуға болмайды» ережелер - ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ. Баланы қауіпсіздік ережелеріне үйрету кезінде ата-аналар неге назар аудару керек.

Бала оларды қолдана алатындай етіп жұмыс істейтін қауіпсіздік ережелерін қалай тұжырымдауға болады.

Салтанатты шараға Ғалымжан Молданазар, Бейбіт Құшқалиев сияқты эстрада әншілері өнер көрсетеді.

   фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар