• Басты
  • Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша шарт ұзарды
22 Мамыр, 2020 17:35

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша шарт ұзарды

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша қолданыстағы шарттардың мерзімі ұзартылды.Бұл туралы ҚР ЭМ баспасөз қызметі хабарлайды.


Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша  шарт  ұзарды

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ЖЭК пайдаланатын және қаржы-есеп айырысу орталығының қолданыстағы сатып алу шарттары бар энергия өндіруші ұйымдар үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін және (немесе) ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімге ұсыну мерзімдерін ұзарту көзделгенін хабарлайды.

ЖЭК ТЖ кезеңінде бизнесті қолдау шараларын іске асыру мақсатында ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕАО» ЖШС атына ұзарту мерзімін көрсете отырып, тиісті өтініш беруге құқылы.

«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығы ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін қолданылады.




ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды