• Басты
  • Қазақстанда жаңа мамандандырылған әкімшілік соттар құрылуы мүмкін
18 Маусым, 2020 11:44

Қазақстанда жаңа мамандандырылған әкімшілік соттар құрылуы мүмкін

Дәл қазір ҚР Парламенті сенатында бірқатар мәселелер қаралып жатыр. Сенатта көтерілген бастамалардың бірі сот жүйесіне қатысты болды. Қазақстанда жаңа мамандандырылған әкімшілік соттар құрылуы мүмкін, деп хабарлайды Strategy AA тілшісі, Парламент сенаты отырысына сілтеме жасап.

Қазақстанда жаңа мамандандырылған әкімшілік соттар құрылуы мүмкін

Сенат отырысында заң жобасының негізгі міндеттеріне мемлекеттік басқарудың көптеген салаларында сотқа дейінгі шағымданудың міндетті процедурасын, сондай-ақ сот ісін жүргізудің жаңа түрін енгізу, негізгі заңға сәйкес қоғамдық құқық саласындағы істерді қарайтын жаңа мамандандырылған әкімшілік соттардың атауы мен қылмыстық істердің сотта қаралуы туралы ережелерді реттеу кіретіні айтылды.

Сондай-ақ, Қазақстанда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және әкімшілік рәсімдер туралы заңдардың күші жойылуы мүмкін. Бұл туралы сенат отырысында айтылды.

Заң жобасының негізгі міндеттері әкімшілік процедураларды жүзеге асырумен байланысты қоғамдық қатынастарды жүзеге асырумен қатар, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық қызметін ұйымдастырады. Мемлекеттік басқару (әкімшілік сот төрелігі) саласындағы дауларды шешуге арналған әкімшілік іс жүргізуді реттейді.

Сенаторлар әкімшілік іс жүргізу кодексінің жобасына талқылады. Заң жобасының мақсаттары азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне шынымен қатысуға мүмкіндік беретін кепілдемелер жиынтығы, жоғары органдарда және сотта билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін құру.

Сондай-ақ, алдағы уақытта елімізде сот шешімін орындамаған азаматтар 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлды бірнеше рет төлеуі мүмкін. Сенат депутатттарына Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын таныстырған Әділет министрі Марат Бекетаев осындай жазалау тетігін енгізуді ұсынды.

Әділет министрінің сөзінше бүгінгі таңда атқарушы билік органдары дауларды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарастырады екен.

«Заң жобасында әкімшілік сот ісін жүргізу бөлігінде осындай негізгі ережелерді енгізу көзделеді. Сот ісін жүргізудегі жаңа түрінің артықшылығы  – дәлелдемелерді жинау жұмысында сот белсенділігін арттыруды көздейді. Дегенмен, қолданыстағы тәртіп бір жағынан билік органы мен азаматтың іс жүзінде тең еместігі ескеріле бермейді», - деді Марат Бекетаев сенат депутаттарына.

Қазіргі таңда сот дәлелдемелерді дербес жинап, даудың мән-жайын анықтауға міндетті. Сондықтан сот актілерінің орындалуын қадағалау үшін сот бақылау институты жұмыс істейді. Ол кезде соттың талаптарын уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында жүз айлық есептік көрсеткішке дейін ақшалай жазаларды бірнеше рет қолдану мүмкіндігі енгізіледі.


Барлық жаңалықтар
3.238.107.166, 192.168.88.100