- Басты
- Қазақстанда «Ózgerіs ustasy» бірінші республикалық сыйлығы өтеді
Қазақстанда «Ózgerіs ustasy» бірінші республикалық сыйлығы өтеді
Қазақстанда креативті, гуманистік және шығармашылық адамдар арасында жаңа бағыт – әлеуметтік кәсіпкерлік дамуда. Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы көрнекті мамандардың еңбегін қоғамдық мойындау, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік институтына назар аудару мақсатында алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Ózgerіs ustasy республикалық сыйлығы өткізілмек.

Сыйлықтың мақсаты мен міндеттері, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген азаматтық қоғамды қалыптастыру маңызының негізгі элементтерін көрсетеді.
Сыйлық әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), сондай-ақ Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесетін ұйымдар (халықаралық ұйымдар, корпоративтік бизнес, мемлекеттік институттар, БАҚ) арасында бірінші рет өткізіледі.
Сыйлық шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, экология, мәдениет және өнер, осал топтарға қолдау көрсету және аумақтарды дамыту саласындағы 6 номинация бойынша ҮЕҰ арасында барлығы
15 жеңімпаз іріктеліп, үздік атақтан басқа 500 000 теңге көлемінде сыйақы алады.
Бүгінгі күні Ózgerіs ustasy сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау аяқталды. Ұйымдастырушылар қоғамдық дауыс беру арқылы үздік әлеуметтік кәсіпкерлер анықталатын екінші кезеңге кірісті. Дауыс беру 2019 жылғы 14 қазаннан 30 қазанға дейін voting.ozgeris-ustasy.kz сайтында жүзеге асырылды.
Аталған сыйлықты ұйымдастырудың шарықтау шегі ретінде 2019 жылы 15 қарашада Алматы қаласында өтетін марапаттау рәсімі ұйымдастырылатын болады.
Сыйлықты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мен «Act for Impact» (Impact Hub Almaty) КҚ бірлесіп гранттық жобаны іске асыру шеңберінде өткізеді.
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Фейк: “Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейді»
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады
-
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі
-
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун

