• Басты
  • Қазақстанда заңсыз дәрі-дәрмек сату азаймай тұр
23 Шілде, 2020 18:28

Қазақстанда заңсыз дәрі-дәрмек сату азаймай тұр

Елімізде заңсыз дәрі-дәрмек сатуға тыйым салынғанымен, медицина бұйымдарын сату азаймай тұр. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәжілісінде Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстанда заңсыз дәрі-дәрмек сату азаймай тұр

Елімізде тыйым салынса да дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жасырын түрде сатуды жалғастыруда. Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчидидің мәліметінше, карантин басталған 5 шілдеден бастап 537 заң бұзушылық анықталған. Қазіргі таңда 58 факті бойынша заңсыз кәсіпкерлікке қатысты қылмыстық бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

«Оның қалғаны айыппұлмен алынатын болады, ал полицияға 431 адам жеткізілді. Тергеу барысында заңсыз айналымнан 400 атаулы дәрінің 70 мыңнан астам пакеті алынды. Жарты миллионға жуық маска, 36 мың қолғап, термометр, дәрі тамызғыш және 700 литрден астам антисептикті сатуға тырысқан. Тәркіленген барлық тауар Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан, сонымен қатар Атырау және Жамбыл облыстарынан алынды. Барлық өнімдер науқастарды емдеу үшін медициналық ұйымдарға жіберілетін болады», - деді ІІМ орынбасары.

Бұдан бөлек Алексей Калайчиди Ұлттық гвардияның 14 мыңнан астам полицейі мен әскери қызметшісі күн сайын тек карантин талаптарын бұзушылармен күресуге шығады. Ал оларға мың ерікті жәрдем береді екен.

Сондай-ақ айта кетейік, ІІМ өкілінің мәліметінше, арнайы топтар бірден үш бағытта жұмыс істейді. Олар дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатушыларды, санитарлық-эпидемиологиялық карантин талаптарын бұзушыларды анықтайды, сонымен қоса дәрігерлерге коронавирус жұқтырған адамдармен байланысқа түсіп, қашып жүрген азаматтарды іздеп табуға көмектеседі.

Сондай-ақ Алексей Калайчиди сөзіне сүйенсек, бұған дейін 26 мыңнан астам тұлғаны анықталған, енді анықтау керек адамдар саны 10 мыңнан аз.

«Бұл мәселені де шешеміз деген ойдамын. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың қалай дамитыны азаматтарға байланысты. Біз осы мәселелерді сәтті шеше алған елдерді бақыладық, барлығы ең алдымен азаматтардың өзін-өзі тәрбиелеуімен байланысты. Біздің әрқайсымыздың және жақындарымыздың амандығы мен денсаулығы әрқайсымыздың қауіпсіздік шараларын сақтауымызға байланысты», - деп толықтырды ол.

Бұдан басқа айта кету керек, ІІМ өкілінің айтуынша, полиция қызметкерлері 199 инфекция ошағы мен 366 карантиндік объектіні қоршауға тартылған.

«Төрт облыстағы бас санитарлық дәрігерлердің жарлығына сәйкес, Атырау облысында, Қостанай мен Қызылордада 2 санитарлық және 7 бақылау бекеті құрылды», - деді Алексей Калайчиди.

Барлық жаңалықтар