- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ skills.enbek.kz қысқа мерзімді онлайн курстарға оқыту порталын іске қосты. Қазірдің өзінде онлайн курстардың 70 авторлары мен әзірлеушілері мүдделі азаматтар үшін өздерінің оқыту бағдарламаларын ұсынуға дайын.
Портал маркетплейс (қызметтер нарығы) қағидаты бойынша онлайн курстарға қолжетімділікті ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық баламасы болып табылады. Ресурс жалпы ел халқының білім деңгейі мен кәсібилігін арттыру, мансаптық дамуын ынталандыру және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында құрылды.
Іске қосу кезінде қазақстандық авторлар мен әзірлеушілер аспаздық және кулинариялық іс, косметикалық, заңдық және бухгалтерлік қызметтер, құрылыс, қонақүй және мейрамхана ісі, іс жүргізу, IT, SMM салалары бойынша курстар ұсынады.
Кез-келген азамат https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz Электронды еңбек биржасында «Онлайн оқытуды» таңдау арқылы талап етілетін біліктілікке оқытуға немесе біліктілікті арттыру курстарына қол жеткізе алады.
Курстардың авторлары мен әзірлеушілері қазақстандық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, соның ішінде оқу орталықтары, білім беру ұйымдары болып табылады. Олар қазірдің өзінде курстарды орналастыру үшін тегін алаң ұсынуда, онлайн оқытуды дамытуға жәрдемдесуде, қосымша кіріс көзін алуда порталдың артықшылықтарын көріп отыр.
Жаңа бастаған авторлар мен әзірлеушілер үшін порталда онлайн курстарды құру бойынша әдістемелік ұсынымдар және оларға қойылатын талаптар әзірленді және орналастырылды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын