- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
Бундестаг депутаты М. Хелданың сыртқы саяси сұрақтар жөніндегі кеңесшісі, Германияның сыртқы саудасы мен Федералды Ассоциациясының экономикалық даму кеңесшісі Урс Ункауф Қазақстандағы сайлау науқанының халықаралық стандартқа сәйкес өтіп жатқанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Урс Ункауфтың айтуынша, ол Қазақстанға халықаралық бақылаушы ретінде алтыншы рет келіп отыр.
«Бүгін таңнан бері Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау учаскелерінде байқауда отырдым. Дауыс беру барысында көргенім - Қазақстан сайлауы Ұлттық заңнамаға және халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр. Барлық дауыс берушіге тең құқық берілген. Адамдар бір орында көп шоғырланбауы үшін барлық шара қарастырылыпты. Бұл қуантарлық жағдай», - деп баға берді сарапшы.
Ункауф жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде Президент пен Парламент сайлауларында бақылаушы болып келеді. Бүгінгідей сайлауға тұңғыш рет бақылаушы болып отыр екен.
«Өткен жылы Әзербайжанда сайлауда бақылаушы болдым. Оңтүстік Африкада, Мадагаскарда, Конго демократиялық республикасында да халықаралық сарапшы ретінде сайлауларына қатыстым. Ол кезде әлемде коронавирус жоқ еді. Сондықтан ара қашықтықтың сақталуы мен бетперде кию міндеттелмеді. Бүгін Қазақстан пандемия кезінде қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін бүкіл әлемге көрсетті. Мен барған әрбір сайлау учаскесінде санитарлық нормалар қатаң сақталған», - деді ол.
Норвегиядан келген журналист халықаралық сарапшыға Президент Тоқаевтың сайлауға күзетсіз келгенін айтып, оның пікірін сұрады.
«Бүгін мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дауыс беруге пулемет асынған күзетті ертіп келмегенін байқадым. Таң қалдым. Еуропа елдерінде мемлекет басшыларының күзетсіз жүрмейтінін білеміз. Бұл жайлы не ойлайсыз?», - деп сұрады.
Бұған спикер Прездент пен халықтың арасындағы сенімді айтты.
«Меніңше, бұл Президенттің халыққа сенімін білдіреді. Халықтың да елдегі саяси бастамалар мен заңнамаларын жақсы білетінін көрсетіп тұр. Бұл да демократиялық дамуды білдіреді. Демек, халық пен билңк арасында еркін байланыс пен сенім орнаған», - деп пікір білдірді Германиядан келген сарапшы Урс Ункауф.
Айнара Байжан
фото:
Артем Чурсинов
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер