• Басты
  • Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты

Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты

16 Шілде, 2021 17:07

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Жиынға қатысқан ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ауырғандар саны 4 есеге арқанын атап өтті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Әлемде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалып отыр. Пандемия басталғаннан бері КВИ-дің 189 миллионнан астам жағдайы тіркелді, тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркелуде. Соңғы аптада ауырғандардың саны есе көбейген, яғни 2 млн-нан 4 млн жағдайға дейін. 4 миллионнан астам адам қайтыс болды.

ДСМ-нің мәліметінше, Қазақстанда 16 шілдедегі жағдай бойынша COVID-19-ға оң нәтижемен  477 754 науқас және КВИ- 58 335 жағдай тіркелген. КВИ-мен ауыратын науқастардың шамамен 91%-ы сауығып шықты, оның ішінде КВИ+ 423 996 науқас және КВИ- 53 252 науқас.

Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бастап «қызыл» аймақта.

Ал, өңірлерге қарайтын болсақ, «қызыл» аймақта 13 өңір бар. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары.

«Сары» аймақта 2 өңір және «жасыл» аймақта 2 өңір бар.

Айжан Есмағамбетованың дерегінше, соңғы екі аптаны алдыңғы екі аптамен салыстырғанда «Delta» штамының таралуы салдарынан жалпы республикада аурушаңдық барлық аймақта өскен. Аурудың өсуі 2,3 есе (21 780 жағдайдан 49 591 жағдайға дейін) артты, аурудың ең көп өсуі Маңғыстау облысында (3,5 есе), Шымкент қаласында (3,4 есе), Атырауда (3,3 есе), Ақмола облыстарында (3,1 есе) байқалып отыр.

«Маусыммен салыстырғанда бір тәуліктегі жұқтырғандардың орташа саны 4,4 есеге өсті. Маусымда 1263 жағдайдан шілдеде 5600 жағдайға дейін артып отыр», - деді Бақылау комитетінің төрағасы.

Сонымен қоса, ол ағымдағы жылдың 16 шілдесіндегі жағдай бойынша төсек-орын қорының аймақтарға қатысты күнделікті мониторингіне сәйкес. республикада жұқпалы төсектердің 46%-ы (16186 кереует), реанимациялық төсектердің - 36%-ы (1159 төсек) пайдаланылып жатыр.

Тестілеу

Айжан Есмағамбетова халықтың тестілеуге қол жетімділігі қамтамасыз етілгенін, бүгінгі таңда COVID-19 диагнозына 157 зертхана мен биологиялық материалдарды жинауға арналған 66 пункт тартылғанын атап өтті. Оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің зертханалары - 27, жеке зертханалар - 63 , медициналық ұйымдардың зертханалары - 66, ветеринариялық зертханалар – 1. Оның айтуынша, Күніне 120 мың зерттеу жасауға мүмкіндік бар.

«Пандемия басталғаннан бері зертханалар 13 506 769 зерттеу жүргізді, оның 586 020-ы оң нәтиже берді. Бүгінгі күні тестілеудің қолжетімділігі күніне 6 мыңнан 67 мыңға дейін өсті», - деді ол.

Сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен қызмет көрсететін қызметкерлерді вакциналау мерзімдері бекітілгенін де еске салды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнестің бірінші компонентімен вакцинациялау мерзімдері 2021 жылдың 15 шілдесінен 10 тамызына дейін, екінші компонентімен вакцинациялау 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін өзгертілді. Медициналық көрсетілімдері бар және соңғы 3 айда COVID-19-бен ауырған адамдарға қатысы жоғын атап өтті.

«Ашық» жобасы

ДСМ-ның дерегінше, «Ашық» жобасына барлық қызмет салаларының 15 мыңнан астам объектілері кіреді, 4 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген.

«Бірнеше рет жасалған ескертулерге қарамастан, халық әлі де тәртіп бұзып отыр. «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар әлі де анықталуда, олар үй карантинінде болуы керек, сол арқылы инфекцияның таралмауына ықпал етеді», - деді Айжан Есамағамбетова.

Оның мәліметінше, карантинді бұзушылар саны азаймай отыр, мысалы, соңғы бір аптада олардың саны 4000 адамға көбейген. Жалпы алғанда, «Ашық» жобасы енгізілгелі бері 16000-ға жуық карантин бұзушы анықталған. Оның ішінде ПТР анализі оң нәтиже берген 8272 науқас және 7 272 адам науқаспен байланысқаны анықталған. 

«Тағы да бір рет еске салғым келеді, егер сізде ПТР анализі оң нәтиже берсе немесе сіз науқаспен тығыз байланыста болсаңыз, онда сіз үй карантинінде болуыңыз керек, өйткені сіз өзгелерге қауіп төндіресіз», - деді ол.

Бақылау топтары

Айжан Есмағамбетованың дерегінше, қазіргі кезеңде республикада 1860 мобильді мониторинг тобы жұмыс істейді. Сонымен бірге, ол кәсіпкерлік субъектілердің пандемия жағдайында әс-шаралар жүргізу талаптарын әлі күнге дейін сақтамайтынын жеткізді. 

«Мәселен, шілде айында мониторингтік топтар 38 598 объектіні қамтыды, оның ішінде 1104 объектінің бұзушылықтары анықталды, бұзушылықтары бар объектілер үлесі 2,8% құрады, бұл маусым айына қарағанда 1,5 есеге көп», - деп толықтырды ол.

Бұзушылығы бар объектілердің ең көп саны Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында анықталған, онда зерттелетін объектілер санынан бұзушылардың пайызы 4-тен 7% -ке дейін болып отыр.

Вакциналау

Бұдан бөлек, ол вакцинациялау науқаны жалғасып жатқанын атап өтті. Оның мәліметінше, бүгінгі күні 7,3 миллион доза вакцина қолданылған.

«Оның ішінде 4 776 755 адам 1 компонентпен егілді, бұл зерттелетін халықтың 48,2% құрайды. Екінші компонент 2 661 833 адамды қамтыды. Вакцинация орталықтарында бірінші компоненттің шамамен 570 мыңы және екінші компоненттің 1 миллион 280 мың дозасы бар», - деді Айжан Есмағамбетова.

Барлық жаңалықтар