- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек
Бүгінде әлемде 179 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Тәулігіне 275 мыңнан астам ауру тіркеледі. Ал, 3,8 миллионнан астам адам қайтыс болған. Еліміздегі де эпидемиологиялық жағдай мәз емес. Елорда әлі күнге «қызыл» аймақта. Сонымен қоса, коронавирустың «үнділік» штамының табылғаны белгілі болды. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі жағдайларды ескере отырып, ел астанасы мен басқа да аймақтардағы карантин шаралары күшейтілетінін атап өтті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Қазақстан "жасыл" аймақта
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 оң нәтижесімен 410,523 науқас тіркелген. Жалпы, Қазақстан Республикасы «жасыл» аймақта. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта қалып отыр. Қалған өңірлер «сары» және «жасыл» аймақта.
Министр Алексей Цойдың мәліметінше, соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 4%-ға артқан. Бұл өткен аптаға қарағанда Нұр-Сұлтанда тіркелген аурулар санының 40%-ға артуымен байланысты.
«Республикада жұқпалы төсек-орындардың жұмыспен қамтылуы 22 маусымға 25%, реанимациялық кереуеттер - 21%-ды құрап отыр», - деді министр.Оның сөзінше, ауру көрсеткіші жоғары болған 7 аймақта инфекциялық және қарқынды терапия төсектерінің жұмыспен қамтылуыны төмендеген.
Соңғы айда КВИ+ және КВИ- бойынша тіркелгендердің саны тәулігіне 2267-ден 943 жағдайға немесе 2,4 есеге азайған. Ал, стационарлық емделушілер саны 2 есеге, амбулаториялық емдеулер 1,4 есеге төмендеген.
Қазақстанда коронавирустың «Delta» штамы табылды
Сонымен бірге, Алексей Цой Нұр-Сұлтан қаласында КВИ-мен ауыратын науқастардан алынған зертханалық үлгілердің ПТР скринингінің нәтижелері бойынша «Delta» штамы анықталған болуы мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, коронавирустың «Delta» штамы өте жұқпалы және анықталған штамдарға қарағанда жұқтыру ықтималдығы 60% -ға жоғары, сонымен қатар екенімен ерекшеленеді.
Соңғы зерттеулер коронавирустың «үнділік» штамын жұқтырғандардың аурханаға жатқызылу деңгейі мен қайтыс болу ықтималдылығының жоғары екендігін көрсеткен.
«Сонымен қатар, буын мен іштің қатты ауыруы, ішектегі өзгерістер, есту қабілетінің төмендеуі сияқты жаңа клиникалық белгілер пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, SARS-CoV-2 «Delta штамы» әлемнің 74 елінде анықталған», - деді министр.Осы орайда, министр жұғу ықтималдығының жоғары, сонымен бірге жұқтырған жағдайда аурудың ауыр өтетінін ескере отырып, аймақтардың дәрі-дәрмектермен, механикалық желдету жабдықтары үшін материалдармен, жеке қорғаныс құралдарымен, резервтік төсектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуі керегін баса айтты. Жедел жәрдем қызметі мен мобильді топтардың коронавирус жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсетуге дайындығын тексеру қажеттігін еске салды.
4,5 млн вакцинаның дозасы пайдаланылған
Бұдан бөлек, министр халықты вакциналау жалғасып жатқанын, бүгінде шамамен 4,5 миллион доза вакцина қолданылғанын атап өтті. Оның мәліметінше, 2 809 449 адам бірінші компонентпен егілді, бұл вакцина алатын халықтың 28,4%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 715 750 адам қамтылған.
«Бүгінгі күні вакциналау орталықтарында вакцина мөлшерінің жеткілікті саны бар: бірінші компоненттің 1,1 млн дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн дозасы. Жеткізу кесте бойынша жалғасуда», - деді министр.
Сонымен қоса, ол Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында халықтың республика бойынша орташадан төмен саны вакцинаның 1 компонентін алған.
«Республика аумағында бар «үнді» штаммының таралуын ескере отырып, өңірлерде тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін жергілікті атқарушы органдар вакциналау қарқынын жоғарылатып, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі керек. Сонымен бірге, негізгі профилактикалық шараларды, атап айтқанда маска режимі, әлеуметтік арақашықтық сақтау қажет», - деді министр.

-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері

