- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сарапшылар кеңесінің Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын Комиссияның «Азаматтардың және өзге де адамдардың Қазақстан республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы әлеуметтік-экономикалық, еңбек, азаматтық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» арнайы баяндамасының жобасын талқылауға арналған жиыны өтті. Қазақстандағы адам саудасы мәселелері Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Қазақстанда адам саудасының құрбаны кімдер?
Жиынға қатысушылар Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы дайындаған арнайы баяндамасының жобасын тыңдады. Комиссияның Сарапшылар кеңесі отырысының жұмысына ҚР билігінің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары органдарының өкілдері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, дағдарыс орталықтарының, адвокатураның, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.
Адам саудасы – адамның қадір-қасиеті мен жаһандық қауіпсіздікке қауіп төндіретін аса ауыр қылмыс. Адам саудасы заң үстемдігін әлсіретеді, халықаралық қақтығыстар туғызып, тұрақсыздықты күшейтуі мүмкін. Ең сорақысы, әлем бойынша шамамен 25 миллион адамды құрбан етуді бизнеске айналдырған трансұлттық қылмыстық ұйымдарды байытады.
Жұмыс тобының жетекшісі, комиссия хатшысы Тастемір Әбішев баяндамасында Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес, адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау тиімділігін арттыру, сондай-ақ ҚР аумағында адам саудасы мен мәжбүрлі еңбектің құрбандары болған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, барлық адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында дайындалғанын атап өтті.
Тастемір Әбішевтің айтуынша, ҚР Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйек пен 22 қазандағы Ұлттық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін адам саудасымен күрес жолдарын жетілдіру, адам саудасына қатысты қылмыстарды жақсартудың алдын алу, адам саудасының құрбандарына әлеуметтік көмекті жақсартуға бағытталған баяндама жұмыс тобының біріккен отырыстарында талқыланып тұрады.
Адам саудасының құрбандары атаулы әлеуметтік көмек ала ма?
«Елімізде 2016 жылдан бастап адам саудасының құрбандарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Алайда бұл көмекті тек Қазақстан азаматтары, елімізде тұрғылықты тұрып жатқан шетелдік азаматтар мен қандастар ала алады. Ал, түрлі себептермен Қазақстанға уақытша келген еңбекші мигранттар адам саудасының құрбаны болғанда атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды», - деді ол.
Әбішевтің айтуынша, бұған себеп - халықаралық стандарттарға сай болмауында.
«Қазақстан 2008 жылы Палермо хаттамасы ратификациялаған. Хаттамаға сәйкес оған қатысушы әрбір мемлекет елінде тұрып жатқан өзінің азаматтарына, уақытша немесе тұрғылықты тұрып жатқан шетелдік азаматтарға мүмкіндігінше арнаулы әлеуметтік көмек көрсетуі қажет. Статистика бойынша 3 жылда 1100 қылмыс тіркелген. 242 адам адам саудасымен айналысқану үшін сотталды. Жылдан жылға бұл қылмыс Қазақстанда азайып келеді», - деді Әбішев.
Қазақстанда адам саудасына қатысты заң жобасының жоқтығын байқаған АҚШ 2019 жылы адам саудасына қатысты арнайы баяндама әзірледі. Ең жақсы көрсеткіш Норвегия, Щвейцария мен Голландияда бар. ТМД елдерін алсақ, Грузия, Литва мен Эстония бірінші деңгейде тұр. Олар адам саудасына қатысты заң қабылдаған. Түркменстан мен Арменияда да мұндай заң бар. Ал Қазақстанда мұндай заң жоқ»,-деді ол.
Әбішев баяндама талқыланғаннан кейін Мемлекет басшысына жіберілетінін мәлімдеді. Егер Президент тарапынан қолдау тапса, уәкілетті органдарға жіберіледі. Баяндама ұсынымдары іске асса, Қазақстан АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің баяндамасына кірмеуі мүмкін.
Адам саудасымен айналысатындардың табысы қандай?
Спикер өз баяндамасында Қазақстандағы ең басты құндылық – адамның өмірі мен бостандығы екенін атап өтті. Ал, адам саудасы адам құқығын бұзудың ең қауіпті түрі болып отыр. Табыс табу жағынан заңсыз бизнестің ішінде үшінші орынға ие. Заңсыз бизнес арқылы табыс табуды бірінші орында қару-жарақ сату, екінші орында заңсыз есірткі сату және үшінші орынға адам саудасы шыққан. БҰҰ көші-қон комитетінің есебі бойынша адам саудасымен айналысатындар жылына 150 млрд доллар табыс табады. Қазақстанда 2018-2020 жылдары аралығында адам саудасына қатысты 1 100-ге жуық қылмыс тіркелді.
Қазақстанда да адам саудасының алдын алып, онымен күрес жолдарын жетілдіру үшін және адам саудасының құрбандарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс деп есептейді Тастемір Әбішев. Қазіргі уақытта ол жетекшілік ететін комиссия мемлекеттік органдармен және дағдарыс орталықтарымен бірлесіп, баяндама әзіреген.
Заң ғылымдарының докторы, адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы Светлана Жаркенованың айтуынша, комиссия мүшелері дайындаған аналитикалық баяндама өте маңызды құжат.
«Бұл құжатта маңызды ұсыныстар өте көп. Ұсыныстар шетелдік мигранттардың еңбек қатынастарын реттеуге арналған, сонымен қатар адам саудасына қарсы бағытталған тармақтары да жетерлік. Қазақстанда адам саудасына қарсы Заңның жоқтығы мен үшін таң қаларлық жағдай. Сонымен қатар, менің ойымша, шетелдегі отандастарымызды мемлекеттік қорғау сияқты заң да қабылдану тиіс. ТМД елдерінің барлық мемлекетінде мұндай заңдар бар», - деді ол.
Жаркенованың айтуынша, мұндай заңнамалық құжаттардың болмауы Қазақстанның кейбір рейтингтерде төменгі орында болуына себеп болып отрыр. «Еңбек Кодексі» қабылданғаннан кейін кодекстің тармақтарын түсіндіру жөнінде бейнероликтер телевидениеден көрсетілу керек деген пікірлер айтылған. Жаркенованың айтуынша, бұл жақсы ұсыныс болғанымен, жүзеге асқан жоқ. Комиссия мүшелері бұл ұсынысты қайта көтеріп отыр.
Адам саудасымен күресте заңнамалық база қалай жаңартылмақ?
Қазақстан соңғы жылдары адам саудасымен күрес бағытындағы заңнамалық базаны қатаңдатуға көшті. Адам саудасына қатысты қылмыстық жауапкершілік 2006 басталды. АҚШ Мемлекеттік департаменті 2019 жылғы есебінде Қазақстанды адам саудасымен күресте «бақылаудағы елдер» қатарына енгізіп, елдегі заңнамалық жауапкершілікті әлсіз деп таныды. Осыған байланысты бұл бағыттағы қылмыс саны да азаймай отыр деп дабыл қақты.
Светлана Жаркенова өткен жылы Қарағанды қаласында орналасқан қандастарды интеграциялау мен бейімдеу орталығында болған.
«Бұл орталықта мен қандастардан 4 отбасыны ғана көрдім. Ал қалған тұрғындар әр түрлі себеппен азаматтық ала алмаған адамдар. Олар шетелден атажұртқа қоныс аударған оралмандар емес. Оралмандарды қазір қандас деп айтып жүрміз. Біз бұл жайтты да ескеріп, ұсыныстар әзірледік. Менің ойымша, біз дайындаған аналитикалық баяндама Мемлекет басшысының тарапынан қолдау табады», - деді ол.
ҚР Сыртқы істер министрлігінен келген өкіл, комиссия мүшесі Үсен Сүлейменнің айтуынша, бұл құжат ауқымды, маңызы жоғары әрі қолданысқа енуі тиіс баяндама.
«Қазақстан мен АҚШ арасында кеңейтілген серіктестік туралы комиссия бар. 2019 жылдың қарашасында осы комиссияның мұрындық болуымен адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына ҚР Әділет министрлігі мен Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі жетекшілік етті», - деді.
Спикердің айтуынша, жұмыс тобы бірнеше мәселелердің көтеріп, бірнеше заң жобаларына өзгеріс енгізген.
«Адам саудасы АҚШ-та да, Қазақстанда да өзекті мәселе болып табылады. 2019 жылы Қазақстан АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің Адам саудасы жөніндегі жыл сайынғы баяндамасында Екінші деңгейлі бақылау тізіміне енді, өйткені осы мәселелерді шешу үшін заңнамалық өзгерістер қажет. Бұл баяндама үкіметтерді адам саудасының барлық тұріне барынша жан-жақты және тиімді шаралар арқылы жауап беруге шақырады», - деді ол.
АҚШ Мемлекеттік департаменті «бақылаудағы елдерді» 4 санатқа бөліп қарайды..Қазақстан бұл есепте үшінші санаттағы елдер қатарына еніпті. Бұл санатқа қосылған елге халықаралық деңгейде шектеулер (халықаралық қаржы институттарының көмегін шектеу, гуманитарлық емес көмек түрлерін тоқтату т.б.) немесе АҚШ бастаған кейбір елдердің санкциясы салынуы мүмкін екенін айта кету керек.
Қорытынды: қандай заңдар қабылданбақ?
Сарапшылар «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын әзірлеп, қабылдауды және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізуді ұсынды. Комиссия мүшелері мен сарапшылар халықтың құқықтық сауаттылығы мен ақпаратқа қолжетімділігі деңгейін арттыру және адам саудасына қарсы күрес саласында цифрландыруды енгізу қоғамдағы қатыгездікке қарсы іс-қимл бойынша профилактикалық шараларды табысты іске асырудың қажетті және міндетті шарты болып табылатынын атап өтті.
Отырыс қатысушылары Комиссияның арнайы талдау баяндамасының барлық ұсынысын іске асыру Қазақстанға халықаралық стандарттар деңгейінде барлық санаттағы адам саудасы құрбандарының құқығын қорғаудық мемлекеттік және қоғамдық тетіктерін нығайтады деп есептейді. Сонымен қатар АҚШ мемлекеттік департаментінің бақылау тізіміне енін толығымен болдырмайтынын атап өтті. Енді бұл құжат ҚР Президентінің қарауына және бекітуіне жолданатын болды.
Комиссия басшысы Тастемір Әбішевтің айтуынша, ұсыныстар баяндамасын талқылау өте көп уақытты қажет етеді. Себебі, ол өте көлемді құжат.

-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады

