• Басты
  • Қазақстанда Волонтер жылы қалай өтеді
27 Қыркүйек, 2019 14:15

Қазақстанда Волонтер жылы қалай өтеді

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңес отырысында «Волонтер жылын өткізу туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Қазақстанда Волонтер жылы қалай өтеді

Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова «Волонтер жылын өткізу туралы» заң жобасы туралы айтып берді.

«2020 жыл ҚР Президентінің Жарлығымен Волонтер жылы деп бекітілді. Еліміздегі волонтерлік қызметті дамыта отырып, жаңа белестерге жететінімізге үмітіміз мол. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі волонтер жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары әзірледі. Жоспар жобасы Қоғамдық даму комиссиясының талқылауына екі рет ұсынылды. Комиссия мүшелері мен волонтерлық ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес, Волонтер жылын ақпараттық сүйемелдеу бойынша Ақпарат комитеті өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды», - деді ол.

Ә.Ғалымованың айтуынша, жоспар бойынша 7 бағытты жүзеге асыру қарастырылып отырғанын айтты.

«Оның ішінде волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы орта әзірлеу бар. Осы бағыт аясында «Волонтерлік қызмет туралы» заң жобасын әзірлеу қарастырылған. Колледждер мен ЖОО-ларға түсу кезінде волонтерлікті енгізу бойынша нормалар жасақтау жоспарланған. Сондай-ақ, волонтерлік жұмысты еңбек өтіліміне қосу мәселесін қарастырамыз. Волонтерлік қызмет бойынша әдістеме әзірленеді. Оны кейін статистикалық есепке енгізу көзделген», - деді ол.

Сондай-ақ, ол «QQazvolonteer.kz» атты волонтерлердің бірыңғай платформасы құрылатынын айтты.

«Тұрақты дамуды жүзеге асыратын 7 жалпыұлттық жоба жүзеге асырылады. Олар: «Birgemiz:Bilim», «Birgemiz Saylyq», «Birgemiz:Sabaqtastyq», «Birhgemiz: Taza Qazaqstan», «Birgemiz: Asyl mura», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Umit»», - деді ол.

Өз кезегінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев аталған жобалар волонтерліктің салалық бағыттары бойынша әзірленді.

«Волонтерлік– жанның қалауы. Салалық бағыттар бойынша біз, мәселен, «Birgemiz: Saylyk» бойынша дәрігерлер ауылдарға адамдарды емдеуге, «Birgemiz:Bilim» бойынша ұстаздар ауылдық жерлердің оқушыларына ағылшын тілін үйретеді деген әсер күтеміз», - деді Д.Абаев.

Министр атап өткендей, әр бағыт бойынша 1500 адамды тарту жоспарланған.

Қоғамдық кеңес отырысында аталған заң жобасы мақұлданды. Енді Парламентке жолданбақ.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды