- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда
2021 жылдың 7 қыркүйегінде Мәскеу халықаралық білім алаңында BCPD Ltd. басшысы Эльмира Обри және 2035 университетінің бас директоры және ректоры Нина Яныкина келісімдерге қол қою арқылы цифрлық трансформация басшыларын дайындауға арналған бірлескен бастамаларды жүзеге асыратындығын хабарлады. Осы орайда, елімізбен де кадр дайындау және цифрлық сауаттылықты жоғарылату бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті екендіктерін жеткізді.

Тараптар стратегиялық салалардағы цифрлық сауаттылықтан бастап цифрлық жетілуге дейінгі трансформацияның барлық деңгейлеріне бағытталған мамандарды дайындау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге ниетті.
Сонымен қатар, адами капиталды дамыту, технологиялық компанияларды жеделдету және цифрлық экономиканың қажеттіліктері үшін тиісті құзыреттілікті қалыптастыру саласындағы жобалар талқыланды.
BCPD басшысы Эльмира Обри BCPD мен 2035 университеті арасындағы ынтымақтастық «University of the Future», «Alpharabius білім беру плотформасы», сондай-ақ, «Qwant» бағдарламалау мектебі негізінде жүзеге асырылатынын хабарлады.
«CDO мен CDTO-ның дайындалуы – бұл біздің келісімімізді жүзеге асырудың алғашқы сатысы. Экономика үкімет деңгейінде де, корпоративтік сектор деңгейінде де білікті цифрлық мамандарға өте мұқтаж. Бұл - біздің басымдық»,-деді BCPD басшысы Эльмира Обри.
Сондай-ақ, ол цифрландыру саласындағы кәсібилікті арттырудың көптеген қосымша жолын бақылау қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, нарық қажеттіліктеріне қарай жүзеге асады. Осы орайда, 2035 университеті – мақсаттарға жету күші екенін атап өтті.
2035 университетінің бас директоры Нина Яныкина 2035 университеті ақпараттар мен жасанды интеллектіге сүйене отырып, оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін қызмет етуде. Сондай-ақ, тәжірибеге жеке оқу бағдарламасын енгізіп, технологиялар арқылы университеттер арасындағы желілік байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бірнеше цифрлық қызметтер мен оқу форматтарын жасап шығарды. Антикризистік лидерлердің дамуы мен цифрлық экономика командаларының акселерационды оқу программалары да әзірленді. Ендігі кезекте Қазақстандағы әріптестерімізбен кадр дайындау және цифрлық сауаттылықты жоғарылату бойынша бірлескен жобаларды іске асырғымыз келеді,-деді 2035 университетінің бас директоры Нина Яныкина.
Ол өз сөзінде 2035 университеті біраз тәжірибе жинақтағанын және онымен бөлісу дайын екендіктерін жеткізді. Оның айтуынша, бұл ең алдымен басқарушылық кадр мен цифрлық экономика педагогтерін дайындау үшін маңызды. Сондай-ақ, ол екі жақ та бұл келісім бизнес пен мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясын белсенді түрде жүргізуге мүмкіндік беретін нарыққа бағытталған жаңа леп болады деп сенім білдіріп отыр.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді
-
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады
-
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды
-
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша
-
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады
-
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды
-
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады
-
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты

