- Басты
- Қазақстанда тұңғыш рет жеңіл судың адам ағзасына әсері зерттелді
Қазақстанда тұңғыш рет жеңіл судың адам ағзасына әсері зерттелді

Әлемдік ғылым бойынша жеңіл суды зерттеу салыстырмалы түрде жақында басталды (60 жылдан аспайды). Толық клиникалық сынақтар Венгриядағы, Америкадағы, Украинадағы және Ресейдегі ғылыми-зерттеу институттарындағы онкологиялық клиникаларда жүргізілген. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін жеңіл суды зерттеу жүргізілген жоқ.
Жеңіл судың адам ағзасына емдік әсері бар екені белгілі - ол иммунитетті жақсартады, радиациядан қорғайды, метаболизмді жақсартады, организмнен токсиндерді шығарып, қартаю процесін баяулатады. Бүгінде жеңіл су ғарышқа ұшқаннан кейін ғарышкерлерді қалпына келтіру үшін белсенді қолданылады. Сондықтан жеңіл су «ғарышкерлер суы» деп те аталады.Сондықтан да зерттеуге қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов қатысты.
Табиғатта жеңіл су сирек кездесетін құбылыс. Ғылыми және медициналық мақсаттарда ол жасанды түрде зертханаларда шығарылады.
Asia waters ғылыми қызметінің гидрологі Евгений Пятков айтып өткендей, қазір тұщы суға қажеттілік жоғары.
“Көкшетау қойнауынан өндірілетін тұщы судың ерекшелігін ерекше айта кеткен жөн. Су экологиялық таза аймақтан өндіріледі. Су 100 метр тереңдіктен шығады.Ұңғыма арқылы өндіріледі.Су физиологиялқ тұрғыдан алғанда толыққанды, оны адам ішкен кезде жүрек, бүйрек, асқазан органдарының жұмысын жақсартады. Ащы суды біз минералды су деп атаймыз. Жер қойнауынан өндірілетін барлық су минералды деген атауға ие болады”, - деді ол.
Сонымен қатар, профессордың айтуынша, толыққанды деп адам ағзасына қажетті барлық концентратты заттарды қамтитын суды атайды.
“Соныен қатар судың құрамында кальций, магний, йод фтор сынды микро макро элементтер бар.Су адам ағзасына түскенде биохимиялық процестті жеңілдетеді.Қазір суды тазартудың бірнеше сатыдан тұратын үрдісі жүзеге асырылады. Мұндай су шөліңді қандырғаннан басқа ештеғеге әсер етпейді. Оның пайдасы аз.Таартылған суды қолдана отырып, біз организмдегі маңызды элементерді шайып, ауруға да шалдықтыруы мүмкін” - деді ол.
Сонымен қатар, ол адамзат алдында ащы судың қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті.
“Жер шарының үстіңгі қабатындағы барлық мұздықтар таза су.Бірақ тұщы су емес. Оны қолданудың алдында тұз қосу қажет. Ал, физиологиялық таза судың көздерін табу керек”,- деді ол.
Сонымен қатар, ол Көкшетаудан өндірілетін судың құрамында төмен дейтерия болады.
“Солтүстік өңірлерде қар мен судың таа болатыны белгілі. Қазақстанның да солтүстік өңірінде тұщы су баршылық. Көкшетаудан шығатын физиологиялық толыққанды судың ерекшелігі де осы.Ал, оңтүстік өңірлерде су ауырлау. Сонымен қатар, адам ағзасына беретін пайдасы аз. Тұщы су обаның алдын алуға да көмектеседі. Бұл су ұзақ өмір сүретіндерге арналған” - деді ол.
ҚР профилактикалық медицина академиясының академигі Ерболат Дәленов осыдан бір жыл бұрын жеңіл судың пайдасы туралы былтыр халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда да айтылғанын айтты.
“Судың адам өміріне әсері, оның изотопты күйі, ауыр және жеңіл су, минералға бай су т.б. критерийлермен суға қатысты зерттеу жүргізіліп келеді. Қазақстан, Ресей, алыс Еуропа және басқа да шетелдік ғалымдардың пікірімен, біз адам өміріне ең пайдалы су – жеңіл су деген қорытындыға келіп, зерттеу нәтижесінде соған көз жеткіздік. Қазақстанда жеңіл су шығатын көз бар. Міне, осыны зерттеу үшін шетелдік ғалымдар келді, таңғалды. Жеңіл судың адам өмірінің сапасына әсерін зерттеп жатырмыз. Бүгін осы зерттеу барысын айту үшін жиналдық. Әлі тағы көп зерттеу жүргізуіміз керек”, - деді ол.
Сондай-ақ ғалым ең бастысы, бұл зерттеуге ғарышкердің қатысып жатқаны қуантатынын айтты.
“Айдын Айымбетовке зерттеу туралы айтқанда, келісті... Жеңіл су деп айтқанымызбен, оны зерттеу «ауырлау» болды. Біз бұған дейін айтып жүрген пайдалы су – тағы айтқым келеді, ол – жеңіл су. Біз Америкада болғанда күнде тісті қалай жуу керек туралы айтады. Иә, біз де жеңіл судың пайдасы туралы айта беруіміз керек. Ең алдымен, «сусыз өмір жоқ», бұл – аксиома. Судың жеткіліксіздігі – ағзаның жұмысын қиындатады, кейін оны өлтіреді. Жеңіл су ДНК-ны құтқарады", - деп ғалым жеңіл судың пайдасына тоқталды.
Өз кезегінде зерттеу үрдісіне қатысқан ғарышкер Айдын Айымбетов жеңіл су зерттеуіне қатысу жеңіл әрі күрделі болғанын атап өтті.
“Бұл зерттеуге қатысқаныма өте қуаныштымын. Зерттеу өткеннен кейін адамдардың өзі бұл суды ішу, ішпеу керектігі туралы шешім қабылдайды деп ойладым. Бұл менің кәсіби өмірімдегі ең жеңіл зерттеу болды. Суды ішу ғана қаже болды. Бір жағынан, өте ауыр сынақтардың бірі болды. Себебі, ол тәулік бойы, өте ұзақ мерзіиге жалғасты. Мен күнделікті өмір сүре бердім. Тек, үнемі жеңіл суды қолдану қажеттігі жоғары болды”, - деді А.Айымбетов.
Сонымен қатар, қазақстандық ғарышкер зерттеудің нәтижесі таң қалдырғанын айтты.
“Себебі, өзім оңтайлы үрдісті байқадым. Менің ойымша, адам ағзасының 70 пайызы адамның тамақтануы мен не ішуіне байланысты. “Маған не жейтінің ді ат мен саған кім екеніңді айтам” деген сөз шындыққа саяды. Денсаулыққа 20-30 пайыз сыртқы фактор әсер етсе, қалған көрсеткіш тамақ пен суға байланысты. Егер, Жер шарының орбитасын алсақ, ас сублимацияланған күйде алынады. Бұл құрамында су болмайтын тағамдарға да қатысты”, - деді ол.
Сонымен қатар, ол айтып өткендей, қазір суды жерден алған пайдалырақ екеніне көз жеткен.
“Су біздің өміріміздің көп бөлігін алған соң,егер адам ағзасы күніне 2-3 келі тағам қолданса, бұл тағам құрғақ күйде 200-300 граммды құрайды. Сонда, судың тағамдағы көлемі өте жоғары. Су азық-түлікте де, өсімдікте де, көкністе де бар екенін атап өтті”, - деді ол.
Қазақстандық ғарышкер ғарышта 2,5 литр су ішуге болатынын айтты.
“Судың ортақ көлемі тағаммен бірге қолданылды.Менің ойымша, күніне 2,5 су ішу жүзеге асты деп ойлаймын”, - деді ол.
Аягөз Құрмаш
Фото: Гүлжан Раманқұлова
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Мүгедектігі бар адамдар растайтын құжаттарды енді онлайн ала алады
-
Фейк: “Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейді»
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады
-
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі

