• Басты
  • Қазақстанда 5G желісі іске қосылды
24 Қазан, 2019 12:07

Қазақстанда 5G желісі іске қосылды

"Қазақтелеком" компаниясы еліміздегі алғашқы 5G коммерциялық желісін іске қосты. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Digital Bridge 2019 халықаралық технологиялық форумында "Қазақтелеком" АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 
Қазақстанда 5G желісі іске қосылды

"Бүгін іске қосылған желі Astana Hub аумағында тұрақты түрде жұмыс нее5е 5G базасында жаңа сандық өнімдері еі жобаларды сынай алады және іске асыра алады",- деді Нұрлан Мейірманов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, биыл жыл соңына дейін Шымкентте де FWA бизнес-кейсін іске асыру үшін коммерциялық технология іске қосылады.

photo5298623582127106772.jpg

Бұдан бөлек, ол аталған технологияның әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін IoT құрылғыларын жаппай қосу мүмкіндігімен ерекшеленетінін атап өтті.

"5G технологиясы жоғары жылдамдықпен, үлкен сыйымдылықпен, төмен кідіріспен  және әртүрлі тапсырмалар үшін IoT құрылғыларын жаппай қосу мүмкіндігімен ерекшеленеді",- деді ол.

Сонымен қатар, таныстырылым барысында "Қазақтелеком" АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры 5G технологисяы қосылған телефонның қаншалықты тез жылдамдықпен жұмыс істейтінін көрсетті.

Сонымен қатар, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС Бас директоры Роман Володин 5G коммерциялық желісі Altel және «Қазақтелеком» АҚ инфрақұрылым базасында іске қосылғанын айтты.

photo5298909545344642087.jpg

"5g коммерциялық желісі Altel және «Қазақтелеком» АҚ инфрақұрылым базасында іске қосылды. Altel көптеген жылдар бойы мобильді интернет және деректерді беру саласындағы технологиялық көшбасшы болып табылады. Жаңа технология дәуірі басталды және біз саладағы пионер атағын сақтауға тырысамыз», – деп толықтырды Роман Володин.

Сонымен қатар, Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің атқарушы директоры Әділет Нұрғожин бүгінгі күні 5G желісі әлемнің 2-3 елінде ғана енгізілгенін, және оның Қазақстанда қол жетімді болуы үлкен жетістік деп атап өтті.

"Алғаш рет 5G желісі EXPO іскерлік орталығының аумағында іске қосылады және қазірдің өзінде Astana Hub технопаркі аумағында қолжетімді болып отыр. Бүгінгі күні 5G желісі әлемнің 2-3 елінде ғана енгізілген және бізде Қазақстанда қол жетімді болып отыр. Digital Bridge форумы кезінде желі тұрақты түрде қолжетімді болады. Бұл жағдай форумға қатысып отырған ІТ-мамандар мен стартаптар үшін тамаша жаңалық. Біз «Қазақтелеком» АҚ Digital Bridge технологиялық форумы қарсаңында 5G желісін іске қосқанымызға өте қуаныштымыз", – деді Әділет Нұрғожин.

Айта кетейік, аталған форум IT-технологиялар, инновация, медиа саласында дамыту бойынша тәжірибе және ұсыныстар алмасатын, сондай-ақ, Орталық Азия мен басқа әлем арасында Цифрлық көпір құратын алаң.

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды