• Басты
  • Қазақстанда "StopMusor" әлеуметтік жобасы іске қосылды - А.Соловьева
4 Маусым, 2020 17:30

Қазақстанда "StopMusor" әлеуметтік жобасы іске қосылды - А.Соловьева

Қазақстанда "StopMusor" әлеуметтік жобасы іске қосылды. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, айтты деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстанда "StopMusor" әлеуметтік жобасы іске қосылды - А.Соловьева

 Басқарма төрағасының айтуынша, "StopMusor" жобасы 2021 жылдың наурызына дейін жалғаспақ. 

"Жоба аясында негізгі екпiн Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларының тұрғындарына бағытталады. Біз елдің ірі мегаполистерінде пилоттық жобаларды iске асыруды бастаймыз. Азамaттарды әлеуметтiк жауапты өмiр сaлтына шақыра отырып, жұртшылықтың нaзарын тұрмыстық қалдықтар прoблемасына аудaра келе, біз жoбаның соңына қарай Нұр-сұлтан мен Алматыдa қоқыс тастау деңгейінің төмендейтiніне сенемiз", - деді Айгүл Соловьева.


Оның сөзінше, аталмыш жобаны кеңінен насихаттау мақсатында бірқатар шара қолға алынған. 

"Жоба шeңберінде кең ауқымды түсiндіру aқпараттық кампаниясын, экологиялық акциялар мен іс-шараларды өткізу, сайт, әлеуметтік желiлердегі беттер және eл тұрғындарын жaппай тарту үшін жобаның мобильді қосымшаларын іске қосу жоспарлануда. Жоба көшелерде шaшылған қoқыстың қоршаған ортаға және адам денсаулығына теріс әсері туралы халықтың кeң ауқымының хабардар болуына мүмкiндік бередi", - деді басқарма басшысы.

Сонымен қоса ол биыл Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы "StopMusor" жобасын жүзеге асыруда елдің барлық эко-волонтерлерінің күш-жігерін біріктіруге ниетті екенін тілге тиек етті.

"Бұл бастама мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 11 желтоқсанда Жастар жылының жабылуында сөйлeген сөзінде атап өткен "Таза әлем" бағытының ажырамас бөлігі. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қaуымдастығы қоғамдық пікір көшбасшыларын, эстрада жұлдыздaрын, aктерлерді, қоғам белсенділерін, жaстар көшбaсшыларын және Қазақстaнның барлық азаматтарын таза қала идеясын танымал етуге және еріктілер жылында қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосуға шақырады", - деді Айгүл Соловьева.


Айта өтейік, аталмыш жоба халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сонымен қатар азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеуге бағытталған.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды