• Басты
  • Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

21 Желтоқсан, 2020 11:07

Қазақстанда 2 млн доза коронавирусқа қарсы вакцина өндірілетін болды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді. Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі.

«Қазақстанда өндірілген “Спутник V”-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады», — деді А. Мамин.

ҚР Премьер-Министрі Қазақстанда «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

3.JPG

1 (1).JPG

ҚР Президенті атап өткендей, 2021 жылдың 1-тоқсанынан бастап-ақ жаппай халықты ерікті вакциналау жоспарлануда.

 ҚФК бас директоры Сергей Баронның айтуынша, вакцина дайын үлгі бойынша жасалған.

«Біздің алдымызға қысқа мерзім ішінде трансфер жасап, «Спутник V» ресейлік вакцинасының дайын үлгісінің өндірісін біздің өндірістік алаңда іске қосу міндеті қойылған болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 4 желтоқсан күні технологиялар және ноу-хау иегері - РФ мемлекеттік компаниясы - «Ресейлік тікелей инвестициялар қорымен» (РТИҚ) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, және 13 желтоқсан күні дайын өнімнің валидациялық серияларын өндіру үшін субстанция жеткізілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құрған жұмыс тобының құрамын ҚР ДСМ, РТИҚ бейіндік ведомстволарының басшылары және ҚФК мамандары енді. Күн сайынғы режимде барлық сұрақтар талқыланады. Қысқа мерзімде біз технология трансферін, өндірісті дайындауды, персоналды оқытуды жүргіздік. Қазіргі сәтте кәсіпорын сапасын зерттеу және ары қарай Қазақстанда тіркеу үшін вакцина шығаруға дайын.

Кесте бойынша біздің алаңда өндірілген вакцинаны тіркеуді аяқтау және алғашқы партияны РТИҚ-ға беру 2021 жылғы 12 ақпанға дейін жоспарланып отыр. РТИҚ вакцина иесі және жеткізуші болып табылады.

 «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС (ҚФК) – жаңа технологиялық жабдықтармен жасақталған алғашқы отандық инновациялық биотехнологиялық фармацевтикалық кәсіпорын. Кәсіпорынның өндірістік цехы халықаралық стандарттарға сәйкес тиісті өндірістік тәжірибе талаптары есебімен жобаланған және салынған.

Компания миссиясы – халық денсаулығын қорғау сұрақтарында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыра отырып, Қазақстан халқын отандық сапалы, қолжетімді, қауіпсіз және тиімді дәрілік құралдармен қамтамасыз ету.

Бірегей, бәсекеге қабілетті инъекциялық препараттар өндірісіне арналған  ҚФК кәсіпорны құрылысының бірінші кезегі ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2005 жылы аяқталды. Кешен құрылысын салу бойынша жобаны ҚР фармацевтикалық өнеркәсібін дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасына енгізу стратегиялық серіктес – Ресейдегі көшбасшы фармацевтикалық компания «Фармстандарт» компаниялар тобын тартуға мүмкіндік берді.

Дәрілік препараттарды шығару үшін BOSCH, GEA және Optima сынды еуропалық өндірушілерден жабдық алынды. Технологиялық шешімдер тұрғысынан өндірістік желілер Қазақстанда аналогы жоқ, бірегей болып табылады.

ҚФК өндірісін дамытуға инвестициялардың көлемі 2012 жылдан бері $100 млн. астам соманы құрады, 200-ден жоғары жоғары білікті жұмыс орындары құрылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай дистрибьюторы «СК-Фармация» ЖШС-мен отандық дәрілік препараттарды жеткізуге ұзақ мерзімдік шарттар жасалды. 

ҚР ДСМ 2020 ж. инспекция қорытындысы бойынша ҚФК-ға GMP сертификатын қайтадан берді, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өндірістің тиісті ұйымдастырылуын және дәрілік құралдардың сапа бақылауын растайды.

Кәсіпорын гемофилия, онкологиялық аурулар, вирустық гепатиттер қант диабеті және т.б. сияқты әлеуметтік-мәнді ауруларды емдеуге арналған биотехнологиялық дәрілік препараттардың өндірісі технологиясының трансферін іске асырады, бұлар бұрын Қазақстан Республикасында өндірілмеген.

Биотехнологиялық дәрілік препараттарды өндіретін ресейлік және шетелдік жетекші өндірушілермен серіктестік қатынастар орнатылды.

Отандық биотехнологиялық дәрілік препараттарды жергіліктендіру өндірістің өзіндік құнын импорттық дәрі-дәрмектердің құнымен салыстырғанда 10-нан 30% дейін азайтуға мүмкіндік берді, бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бюджеттік қаражаттан жыл сайын 1 млрд. теңгеден астам соманы үнемдеуге және осылайша халықтың қымбат және өмір сүруге аса қажетті дәрілерге қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қарағанды фармацевтикалық кешені тиімділігі жоғары жаңа заманауи дәрілік препараттардың өндірісін игеру бойынша жұмыстарды жалғастыруда және орта мерзімдік келешекте өз өнімімен шет мемлекеттердің нарығына шығу жоспарында бар.

Барлық жаңалықтар