• Басты
  • Қазақстанда сайлау туралы заңға өзгерістер енгізілді
22 Сәуір, 2020 12:13

Қазақстанда сайлау туралы заңға өзгерістер енгізілді

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» заң жобалары қаралды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Қазақстанда сайлау туралы заңға өзгерістер енгізілді

Бұл заң жобасы Мемлекет Басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленген болатын. 

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, алғаш рет партиялық сайлау тізіміне әйелдер мен жастарға 30 пайыздық міндетті квота қаралып отыр. Осы ретте Нұрлан Нығматулин жастар квотасына ерекше назар аударды.

"Шынын айту керек, бұл мәселе қоғамда және жұмыс тобында көп талқыланды. Біріншіден, көптеген елдерде сайлау кезінде партиялық тізімде жастарға арналған квота міндетті түрде бекітілген. Екіншіден, қай кезде болса да, қандай қоғамда болса да жастарға деген сенім өте зор. Әрине, жастардың өмірлік тәжірибесі аздау да болуы мүмкін, бірақ олардың заманға сай идеялары, олардың заманға сай ұсыныстары өте көп. Қазақ халқы осындайда «Асыл – тастан, ақыл – жастан» дейді. Сондықтан меніңше, жастар квотасы партиялық тізімде заң бойынша міндетті түрде болу керек. Әрине, 29 жасты біреулер жастау дейді, біреулер жасы жетті дейді, бірақ олардың заманға сай жаңа креативті идеялары бар, ұсыныстары бар. Сондықтан, меніңше, одан қорықпауымыз керек", - деді Нұрлан Нығматулин.   

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы саяси партияларды тіркеу үшін  партия мүшесiн 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендетудің маңыздылығына тоқталып, бұл нормалар әйелдер мен жастардың саясатқа белсенді қатысуын ынталандырып қана қоймай, еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға жаңа серпін беретінін атап өтті. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды