• Басты
  • Қазақстанда сақтандыру мәртебесін анықтайтын плагин жасалды
3 Қазан, 2019 10:08

Қазақстанда сақтандыру мәртебесін анықтайтын плагин жасалды

Халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы туралы көбірек хабардар болуы үшін МӘМС жүйесінде өзінің сақтандыру мәртебесін білуге мүмкіндік беретін құрал жасалды. Бұл құралды еліміздің кез келген тұрғыны пайдалана алады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақпараттық жүйелерді дамыту департаментінің директоры Айдар Айтуев арнайы плагиннің құрылғаны туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қазақстанда сақтандыру мәртебесін анықтайтын плагин жасалды

Айдар Айтуев айтып өткендей, функционалды тұрғыдан алғанда, құрал өте қарапайым.

 «Арнайы ресурсқа кіріп, әр тұрғын өзінің ЖСН нөмірін енгізсе болды, сақтандыру мәртебесін біле алады. Бүгінгідей барлық адам гаджет қолданатын заманда, бұл ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді. Егер «сақтандырылған» деген жауап келсе, онда алаңдамауға болады. Ал, егер жауап «сақтандырылмаған» болса, онда себебін анықтау керек. Мысалы, азаматтың «жалдамалы жұмысшы» деген мәртебесі бар және ол үшін төлемді жұмыс беруші жасайды. Жүйе арқылы жұмысшы өзі жұмыс істейтін ұйым ол үшін медсақтандыруға төлем жасап отырғанын немесе төлемнің жасалмай жатқанын анықтай алады», - деді ол. 

Сонымен қатар, маман еліміздің әрбір тұрғыны өзінің сақтандыру мәртебесін не үшін қадағалап отыруы қажеттігіне тоқталды.   

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесі басталады. Осы уақытқа дейін барлығымыз МӘМС жүйесі аясында сақтандыру мәртебемізді анықтап алуымыз керек. Мысалы, адамға қандай да бір сырқат бойынша диагноз қойылды және оған медициналық көмек қажет болды. Егер ол сақтандырылмаған болса, онда бұл адамға құрамына учаскелік дәрігер, жедел көмек, шұғыл стационарлық көмек, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) қолжетімді болады», - деді ол. 

Оның айтуынша, МӘМС пакеті бойынша берілетін медициналық көмек түрлері тек сақтандырылған азаматтарға ғана қолжетімді.

 «Осылайша, егер сіз МӘМС жүйесінде өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді анық білсеңіз, 2020 жылдан бастап өзіңізге қажетті барлық медициналық қызметтер спектрін ала аласыз», - деді ол.

 Сонымен қатар, плагин әмбебап форматта жасалған.

«Ол кез келген сайтқа тіркеуге ыңғайлы. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бұл мәселеге қызығушылық танытқан барлық сайт иегерлеріне айтарым: егер сіздер өздеріңіздің ресурстарыңызда плагинді орнатқыларыңыз келсе, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕАҚ-на өтініш жаза аласыздар», - деді ол.

   Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды