- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда пестицид, азот және фосфор тыңайтқыштарын өндіру көлемі артып келеді
Қазақстанда пестицид, азот және фосфор тыңайтқыштарын өндіру көлемі артып келеді
2020 жылғы қаңтар-сәуір айларында елімізде пестицидтер өндірісі көлемі 2,2 есеге, яғни 2,3 млрд. теңгеден 5,1 млрд. теңгеге дейін, азот тыңайтқыштары 118,7 мың тоннадан 149,4 мың тоннаға дейін, фосфор тыңайтқыштары 55,6 мың тоннадан 64,2 мың тоннаға дейін артты.

Минералдық тыңайтқыштардың негізгі өндірушісі - «Казфосфат» ЖШС. Кәсіпорынның фосфор тыңайтқыштарын өндіру бойынша орташа жылдық қуаты – 405 мың тонна. Аммофос, суперфосфат, трикальцийфосфат, сульфоаммофос, нитроаммофос, фосфогипс сияқты өнім түрлерін шығарады. «Қазфосфат» ЖШС өнімінің ішкі нарықтағы үлесі 99% асады. Ал «ҚазАзот» АҚ-ның азот тыңайтқыштарын өндіру бойынша орташа жылдық қуаты – 398,9 мың тонна. МЕМТ 2-2013 талаптарына сәйкес аммиак селитрасын шығарады.
2015-2019 жылдар кезеңінде Индустрияландыру картасы шеңберінде «Қазфосфат» ЖШС және «ҚазАзот» АҚ кәсіпорындарын жаңғырту жүргізілді. Бұл фосфор өндірісін 4 есе, азот тыңайтқыштарын шығаруды 2 есе ұлғайтуға әсер етті.
Қазақстанда пестицидтер немесе өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын келесі кәсіпорындар шығарады: «Астана-Нан» ЖШС, «Щелоковоагроагрогим-Қазақстан» ЖШС (Ақмола облысы), «Агрохимия» ЖШС (Алматы қаласы), «Косагрокоммерц» ЖШС (Алматы облысы), «АгроХимПрогресс» ЖШС, «Казтрасткем» ЖШС (Павлодар облысы).
Отандық өндірушілер негізінен гербицидтер, фунгицидтер, инсектицидтер, десиканттар, дефолианттар, өсу реттегіштері және т.б. шығарады. Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдерді өндіру бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың орташа жылдық қуаты - 27,3 мың тонна дайын өнімді құрайды.
Индустрияландыру картасы шеңберінде Павлодар қаласында «АгроХимПрогресс» ЖШС және «Астана-Нан» ЖШС Степногрскідегі филиалында өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын шығару көлемі 4,5 есеге дейін артты.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы

