• Басты
  • Қазақстанда Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр

Қазақстанда Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр

12 Тамыз, 2020 10:10

Бүгін, яғни 12 тамызда елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 17 депутатының сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтары сайлайды.

Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде (астана уақыты бойынша) сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.

Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер болып отыр.

Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген.

Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады:

таңдаушыларды тіркеу (астана уақыты бойынша сағат 10.00-11.00);

дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығару.

Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-каналында жарияланатын болады - https://t.me/electionelection.

Барлық жаңалықтар