• Басты
  • Қазақстанда отандық туризмге қызығушылар саны өсті
12 Қазан, 2020 18:33

Қазақстанда отандық туризмге қызығушылар саны өсті

ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі кезекті баспасөз мәжілісі «Қазақстанда белсенді демалысты дамыту» тақырыбында өтті. Сараптамалық баспасөз мәслихаты Алматы облысының туристік кластері қауымдастығының мүшесі, «Жибек Жолы» ЖШС директоры Дүйсенғалиев Тимур Талашұлы, “CAMPIT” қоғамдастығының негізін қалаушы. «Anytravel» ЖШС директоры Лукянчук Денис Александрович, Блогер, эко-турист Сайлаубекова Әсселина Мейрабекқызы қатысып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Қазақстанда эко туризмді дамыту үшін сарапшылар қандай ұсынысты талқылағаны туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар.


Қазақстанда отандық туризмге қызығушылар саны өсті

«CAMPIT» белсенді демалыс жөніндегі коммьюнитидің негізін қалаушы, «Anytravel» ЖШС директоры Денис Лукянчук эко туризмді дамытудың басты жолы белсенді үгіт жұмыстарын жүргізу деп санайды.

Соңғы уақытта Қазақстанның көрікті жерлеріне қызығушылық артқанын байқап отырмыз. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Дегенмен ішкі туризмге аттанып, қараусыз екен деп флора мен фаунаға кері әсерін тигізіп кететін саяхатшылар болады. Сондықтан мен азаматтарды саналы демалысқа, айналаны қоршауға шақырғым келеді. Бұл қағидат тек табиғатты сақтап қалу емес, сонымен қатар эко-демалыстың дамуына, ішкі туризмнің дамуына септігін тигізеді, - деді.

Қазір табиғат аясында белсенді демалыс ұйымдастыру – тренд. Жаңа тенденция бойынша қазақстандықтар Отанын жаңадан танып, бұрын зерттелмеген жерлерді аралайды. Қазақстан ішінде эко-демалысты ұйымдастыру үшін смартфонға арнайы қосымшалар жүктеу керек. Арнайы қосымшада саяхаттың бірнеше түрі бар. Ол: таулар, көлдер, өзендер, шөлдер, жазғы және тау шаңғысы. Кез келген саяхатшы өзінің қалауына қарай кез келген демалыс түрін таңдайды. Қазіргі таңда Қазақстанның эко аймақтарында инфрақұрылымды дамыту үшін арнайы шаралар жасалып жатыр. 2 ГИС қосымшасы арқылы Қазақстанда 68 тау жолын табуға болады.

Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі көрікті жерлерді аралауға қызығушылық білдіріп отыр. Бұл эко-туризмді дамытуға себеп болуы тиіс. Алайда кейбір саяхатшылар демалыс кезінде өзін-өзі ұстау, демалған жерлерді жинап кету сияқты қарапайым ережелерді білмейді. Осы ережелерді түсіндіру жұмыстарын қолға алуымыз керек, - деді Денис Лукянчук.

Алматы өңірінің туристік кластері қауымдастығының мүшесі, «Жібек Жолы» ЖШС директоры Тимур Дүйсенғалиевтің айтуынша, тауда белсенді демалыс ұйымдастыратын қазақстандықтардың қарасы көбейген.

Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) таулы жерлерге қызығушылықты туризм нысаны ретінде қарастырады. Статистика бойынша соңғы жылдары экологиялық таза аймақтарда табиғатпен тілдесу үшін, урбанизация әсеріне минималды әсер етілген жерлерге келушілер саны өсіп отыр. Біз Kazakh Alpine Club клубын құруға мүдделіміз. Мұнда БҰҰ Тұрақты Даму Мақсаттарын қолдайтын және антропогендік жүктеудің өсу жағдайында таулы аймақтардың осалдығын түсінетін қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар кіреді. Адамдар клубқа өмір бойы мүше болады. Мысалы, альпинизм жабдықтарын сатып алу кезінде сақтандыру және жеңілдіктер жасау секілді басқа да бірқатар артықшылықтар бар, - деді Тимур Дүйсенғалиев.

Kazakh Alpine Club экологияны сақтау мен халықаралық стандарттарға сәйкес болу мақсатында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы мақсатта тиісті инфрақұрылыммен бірге белсенді демалыстың бірқатар түрін дамыту үшін арнайы жұмыс жоспарын құрып, сол бойынша әрекет етеді. Тау Омбудсмені ретінде барлық мемлекеттік және басқа да ұйымдармен аккредиттеу, салалық және қоғамдық кеңестерге кіру арқылы таулы аймақтарды игеру жобаларын, соның ішінде Ұлттық табиғи саябақтарды, бастамашыларының меншік түріне қарамастан ашық, заңды түрде талқылау үшін ынтымақтастық орнатылатын болады.

Брифинг барысында экотуристердің 7 «алтын» ережесі айтылды. Бұл ережелер батыс елдерінде әр турист үшін таңсық емес. Бұл ережелер:

- Демалысты алдын ала жоспарлау;

- Тұрақты жерлерді пайдалану;

- Қалдықтарды дұрыс жою;

- Тапқанды қозғамай қалдыру;

- Оттың әсерін азайту;

- Жабайы табиғатты құрметтеу;

- Басқа демалушыларға сыйлы болу.

 Қазақстандық туристер ескере бермейтін бұл ережелерді түсіндірген блогер, эко-турист Асселина Сайлаубекова нағыз экотурист демалу іздерін өзінен кейін де, өзгелерден кейін де жинайтынын айтты.

Табиғатқа тұтынатын зат ретінде қарауды қою керек. Табиғат біздің өсуіміз үшін, өмір сүруіміз және рухани дамуымыз үшін бізге қызмет етеді. Оны сақтау үшін барымызды салатын кез келді, - деді эко белсенді.

Барлық жаңалықтар