• Басты
  • Қазақстанда осы жылы 1950 заңсыз есірткі сату фактісі анықталды
9 Қараша, 2020 12:00

Қазақстанда осы жылы 1950 заңсыз есірткі сату фактісі анықталды

Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз мәжілісінде есірткі қылмысына қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Қазақстанда осы жылы 1950 заңсыз есірткі сату фактісі анықталды

Брифинг басында ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз өткен аптада орын алған жаңалықтармен таныстырды.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Olx.kz арқылы жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқты ұстады. Қылмыскер сайт арқылы бірнеше адамның сеніміне кіріп олардан ақша алып, табыс табуды көздеген. Ол осылай 5 адамды алдап, 356 000 теңге иемденген. Ақша «Qiwi-әмиянға» түскеннен кейін ол қоңырауларға жауап бермеген. Қазір алаяқ ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігі республика аумағында «Hi-tech» жедел алдын алу шараларын өткізді. Нұрділдә Ораздың айтуынша, бұл шаралар киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтан ескерту, оларды әшкерелеуге бағытталған. Операция жүргізілген бірнеше күннің ішінде осы жағдайлар бойынша 155 заңбұзушылық тіркелді. Бұған дейін жасалған 161 қылмыстың да беті ашылған. Көбі интернет-алаяқтардың қылмыстары.

Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы тұрғынының қайырымдылыққа қаражат жинау арқылы интернет-алаяқтық жасаған адамның қылмысын анықтаған. Жалған қордың бастығы кәсіпкерлердің сеніміне кіріп, олардан 2 млн 300 мың теңге жымқырған. Енді 15 коммерциялық компаниялардың басшылары полиция бөліміне шағым түсіріп отыр.

Брифингтің негізгі бөлімі ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткеновтің Қазақстанда есірткіге қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасы тыңдалды.

Оның айтуынша, Қазақстанда 21 тонна есірткі заңсыз айналымнан шығарылды.

Осы жылдың 10 айында полиция 1950 заңсыз есірткі саудасын әшкереледі. Оның ішінде елге заңсыз есіркі өткізу фактісі 1123 болса, 87 контрабанда фактісі анықталған. Бұл қымыстық істердің нәтижесінде 3 тонндан аса есірткі тәркіленді. Сонымен қатар 7 есірткі зертханасынан 65 келіден астам дайын есірткі табылды.Оның ішінде синтетикалық түрі 90 келіден асады. 6 ұйымдастырылған есірткі топтың қызметі анықталды. ҰҚТ-ның 5 көшбасшысы мен 21 мүшесі ұсталды. Оларға қатысты 33 қылмыстық іс қозғалды, - деді спикер.

Сонымен қатар 6 есірткі сататын топтың жолы кесіліп, осы топтардың бес басшысы мен ұйымдасқан қылмыстың топқа мүше 21 мүшесі жауапқа тартылған. Оларға қатысты 33 қылмыстық іс қозғалған. Зертханалардан 140 литр прекурсор тәркіленді. «Қара нарықта» олардың құны 1 миллиард теңгеге жететінін де Маткенов айтты.

Ресейлік әріптестермен бірігіп жүргізілген рейд нәтижесінде Алматы қаласында спирт шығаратын лаборотория анықталған. 3 алматылықтан 10 келі мефедрон табылды. Олар қылмыстық топ мүшесінің пәтерінде әзірлеген.

Төлеген Маткеновтің айтуынша, ауқымды «Қарасора» операциясы аяқталды.

Ол жыл сайын маусым-қазан айларында жүзеге асырылады. Бұл кезде оңтүстік аймақтарда өсірілетін қарасораны өсіріп, таратпау шаралары жүзеге асырылады. Есірткіні сатумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкерелеп, жұмысын тоқтатумен айналысады. Осы жылғы операция кезінде 830 қылмыстық істің беті ашылды. Оның ішінде 383 шығару фактісі, 162 есірткі заңсыз сақтау дерегі мен 233 қарасораны өсіру дерегі тіркелді. 3 қылмыстық топ ұсталып, оларға қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық жауапкершілікке топтың 2 көшбасшысы мен 16 қатысушысы тартылды. Заңсыз айналымнан 21 тонна әртүрлі есірткі түрлері алынды, - деді ол.

 Тілеген Маткенов журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында жасөспірімдердің есірткіге әуестігі туралы айтты.

Жастар есірткі жайлы интернеттен, қолдарындағы гаджеттен біледі. Әке-шеше тарапынан бақылау жасалмайды. Қазір барлық тауар ғаламтор арқылы қолжетімді. Арнайы есірткі сататын сайтқа кірмесе де, кез келген сайтта жарнама боп шығуы мүмкін. Басында сағыз сияқты жылтыр қорапқа салып сататын құрамында синтетикалық есірткі бар сағыздар сатылады. Синтетикалық есірткіге адам ағзасы тез үйренеді. Бір рет қолданып көрген адам оған тәуелді болады. Нашақорлар синтетиканы өз қолымен жасайды. Дозасын көбейтіп, өліп кетіп жатқандар бар, - деді ол.

Маткенов есірткіге қарсы қолданылатын шаралар ғаламторда да жүргізіліп жатқанын айта кетті.

Барлық өңірде ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Олардың құрамына Ішкі істер минстрлігі мен басқа да құқық қорғау органдардың қызметкерлері кірген. Өткен жылы ютубта «есіркіге жол жоқ» деген арна ашылды. Бірқатар әлеуметтік роликтер жасалып, оған нарокологтар, психологтар, дәрігерлер тіпті эстрада жұлдыздары да қатыстырылды. Барлық әлеуметтік желіде ашық ресми парақшалар бар, мұнда да нашақорлыққа қарсы мәліметтер жүктеліп отыр, - деді ол.

Барлық жаңалықтар
66.249.70.90, 192.168.88.100