• Басты
  • Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 5,7%-ға азайды
27 Мамыр, 2020 10:49

Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 5,7%-ға азайды

2020 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында республиканың кәсіпорындарында 365 жазатайым оқиға тіркелді. Салдарында 413 адам жарақат алды, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 5,7%-ға төмен, деп хабарлады Strategy2050.kz министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 5,7%-ға азайды

Экономика салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында - 77 немесе 22,5% және құрылыс индустриясында - 33 немесе 9,6% байқалған.

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағандыда (73 адам жарақат алған), Шығыс Қазақстан (40 адам), Қостанай (35 адам), Ақтөбе облыстарында (25 адам) және Алматы қаласында (14 адам) сақталып отыр.

Еңбекті қорғау саласында жиі кездесетін бұзушылықтар келесі: қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу - 25,6% (127); қызметкерлерге оқыту мен нұсқау беру өткізбеу - 14,5% (72); жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқкиіммен қамтамасыз етпеу - 7% (35).

Оқиға түрлері бойынша жазатайым оқиғалардың көбісі жәбірленушінің биіктіктен құлауы (90 немесе 26,4%); қозғалмалы, айналмалы заттардың әсері (35 немесе 10,2%); құлау, көшкін, заттардың, материалдардың құлауы (26 немесе 7,6%) салдарынан болған.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2020 жылдың 4 айында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында 1299 тексеру жүргізді, олардың барысында 529 бұзушылық анықталды.

Жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтарды жою туралы 51 нұсқама шығарылып, 3,2 млн. теңге көлемінде 36 әкімшілік айыппұл салынды.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың 230 өтініші қаралды, өндірістегі жазатайым оқиғаларға 342 арнайы тергеу жүргізілді.

Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына төнген нақты қауіпке байланысты мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін кінәлі 5 лауазымды адамды қызметтен босатты. 1 ұйымның қызметіне тыйым салынды.

263 іс құқық қорғау органдарына жолданды, олар бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласындағы қабылдаған кешенді шаралары өндірістік жарақаттануды азайтудың оң үрдісін сақтауға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылғы 1 мамырдан бастап кәсіби тәуекелдерді басқарудың заманауи жүйесін енгізу мақсатында еліміздің 2 635 кәсіпорны еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау стандарттарын (OHSAS 18001, МОТ-СУOT) енгізді.

Республика кәсіпорындарында 15 575 өндірістік кеңес құрылды және жұмыс істейді, олардың міндеттері өндірістік жарақаттанудың алдын алуды, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын тексеруді ұйымдастыруды қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап Қазақстанда Өндірістік жарақаттану мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған жол картасы жүзеге асырылуда, ол келесі бағытарды қарастырады:

- кәсіпорындарда өндірістік тәуекелдерді бағалау мен басқаруға негізделген еңбекті қорғауды басқарудың заманауи жүйесін енгізу;

- жұмыс орындарындағы еңбек жағдайының нақты ахуалын бағалау және еңбекті қорғау бойынша бірқатар іс-шараларды жүргізу үшін жұмыс жағдайларына сәйкес жұмыс орындарын аттестаттау;

- алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, жағдайды қайта қарастыру:

- жұмысшыларды қауіпсіздік техникасы және еңбек нормалары бойынша оқыту, сүт және басқа балама өнімдермен, арнайы киіммен және өзге де жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

- жұмыс берушілердің еңбек жағдайларына сәйкес өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізуі.

2019 жылы зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарының санын азайту үшін 397 өндірістік нысан аттестациядан өткізілді.

 
 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды