• Басты
  • «Нұр Отан» праймеризіне дауыс беру басталды
1 Қазан, 2020 12:10

«Нұр Отан» праймеризіне дауыс беру басталды

Бүгін Қазақстанда «Нұр Отан» партиясының праймеризіне дауыс беру кезеңі басталды. Дауыс беру 1 мен 3 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

«Нұр Отан» праймеризіне дауыс беру басталды

Праймеризде тек партия мүшелері ғана дауыс бере алады. Сайлау 3 күн, яғни 1 қазан сағат 00: 00-ден 3 қазан 14: 00-ге дейін жалғасады. Партия мүшелері таңдаған кандидатқа өз дауысын қашықтан және офлайн түрде бере алады.

«Нұр Отан» партиясының ішкі сайлауында онлайн дауыс беру мобильді қосымша немесе primaries.kz сайты арқылы кез келген интернет қолжетімді өңірде жүзеге асады.

Сонымен қатар, Интернеті әлсіз немесе жоқ елдімекендер үшін, сондай-ақ дауыс бергісі келетіндер үшін 3 қазан күні сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін республика бойынша сайлау учаскелері жұмыс істейді. Онда онлайн-терминал арқылы дауыс беруге болады, ал интернеті жоқ алыс аймақтарда партия мүшелеріне қағаз бюллетенімен дауыс беру мүмкіндігі беріледі.

Праймериздер 5 кезең, яғни үміткерлерді ұсыну және тіркеу, кандидаттарды үгіт-насихат жұмыстарына дайындау, үгіт-насихат жұмысы, дауыс беру, тізімдерді дайындау бойынша өтеді.

«Праймериз» сөзін қазақ тіліне аударғанда «бірінші сайлау» немесе «алдын ала сайлау» деген мағынаны береді. Көбінесе мұндай саясатқа байланысты терминдерді демократиясы қалыптасқан АҚШ секілді мемлекеттердегі саяси оқиғаларға қатысты естиміз. Деректерге сүйенсек, алғашқыда осы АҚШ-та, содан соң Еуропа елдерінде қолға алына бастаған. Бірінші партиялық ішкі сайлау 1901 жылы АҚШ-тың Флорида штатында өтіп, сол жылы бұл термин заңды түрде енгізілген.

Жалпы бұндай сайлаудың басты мақсаты – партия қатарына қатарына мықты, білікті кандидаттарды іріктеу. Алдағы мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау.

«Елімізде праймериз өткізу - бұл билікке жаңа адамдарды, яғни өз саласының мамандарын, беделді көшбасшыларды, ел тағдыры алаңдап, дұрыс шешім қабылдай алатын және өзінің пікірі ба, нақты ұсыныстар жасай алатын азаматтарды тарту. «Нұр Отан» «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» бағдарламасын қабылдады. Осы орайда бұл партияаралық сайлау, нағыз әлеуметтік лифт болмақ», - деді елбасы өз үндеуінде.

Еске салайық, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстанның барлық аймақтарында праймериз өткізу жөніндегі қаулыға қол қойылғанын хабарлаған еді. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия iшіндегі ең белсенді мамандарды iріктеудi биыл 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өткiзу туралы құжатты бекіткен болатын.

Барлық жаңалықтар