• Басты
  • Қазақстанда мүгедек балалары бар ата-аналарға тегін психологиялық көмек көрсетіледі

Қазақстанда мүгедек балалары бар ата-аналарға тегін психологиялық көмек көрсетіледі

7 Тамыз, 2020 18:30

Нұр-Сұлтан қаласында «Ассоциация Қазақстан әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының инклюзивті білім алуға психологиялық дайындығы» атты тренинг өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Тренинг онлайн режимде жүргізілді. Шілде айынан бастап қарашаға дейін Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға және олардың отбасыларына арналған психологиялық көмек көрсету бағытындағы «Қазақстан әйелдері» қоғамдық бірлестігі «Ата-аналарға арналған кеңес беру орталығын» ашып, өз жұмысын бастап кеткен болатын. Бұл орталықта бірнеше көмек түрлері көрсетіледі Олар:

1. Ата-анарға арналған психологиялық көмек көрсету.

2. Баланың бейімделуіне орай психологиялық диагностика.

3. Стресс және депрессияға байланысты тренингтер.

4. Отбасындағы кекілжіңге байланысты психологиялық кеңестер тегін көрсетіледі.

Сонымен қатар    шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында білім саласында жұмыс жасайтын қызметкерлерге, отбасыларға арналған келесі тақырыптар бойынша тренингтер жопарланған. Олар:

«Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру сапасын арттыру факторы ретінде»

«Балалардың оқу-әрекетін қалыптастырудағы логопед және дефектолог мамандарының негізгі қызметтері»

«Мектептегі буллинг: себебі, салдары, комек»

«Ерте жүктілік және оның алдын алу жолдар» тақырыптарында өтеді.

Қазақстандағы мүгедектігі бар балалардың көбісі сапалы инклюзивті білім ала алмайтыны туралы көп айтылады. Бірлестіктің мақсаты – осы мәселені шешу. Демек ерекше туылған балалар өзгелермен тең дәрежеде білім алып, қоғамда өз орындарын анықтауға көмек береді.

Осы шаралардың ұйымдастырушысы, «Қазақстан әйелдері» қоғамдық бірлестігінің психологы Молдабекова Ақгүлдің айтуынша, «Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының инклюзивті білім алуға психологиялық дайындығы» тренингінің ата-аналарға психологиялық көмек көрсетеді.

Көп жағдайда баласының денсаулығында ауытқулар бар ата-аналар психологиялық соққы алады. Олар өз балаларын қабылдай алмай жатады. Бүгін біз сондай адамдарға ата-ана және қоғам болып баланың барлық ерекшеліктерімен қабылдау маңыздылығы түсіндірдік, - деді психолог.

Тренингтер тегін өтеді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен мектептердегі психологтарға, әлеуметтік педагогтарға, сынып жетекшілерге жән осындай балалармен жұмыс жасайтын адамдарға осындай тренингтерді жиі өткізу жоспарда бар. Карантинге байланысты қазір барлық тренинг онлайн режимде ғана өтіп жатыр. Індет басылған соң оқытушылармен, ата-аналармен бетпе бет кездесіп, психологиялық сабақтар өткіземіз, - деді Ақгүл Молдабекова.

Осы қоғамдық бірлестіктің «Бала және денсаулық» жобасы бойынша республика бойынша 6 оңалту орталықтары ашылған.

Нұр-Сұлтан қаласының Тәуелсіздік 11\1 мекенжайы бойынша орналасқан Балалар ауруханасының 6 қабатында арнайы мамандар отыр. Олардың қызметі – баласының денсаулығында ақауы бар ата-аналарды қабылдап, оларға психологиялық көмек көрсету. Дәл осындай орталық Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Қызылорда және Павлодар қалаларында жұмыс істеп тұр, - деп нақтылады бірлестік өкілі.

«Қазақстан әйелдері» қоғамдық бірлестігі қазір инклюзивті білім беру тақырыбында республикалық конкурс өткізуді жоспарлап отыр. Ұйым сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген балаларға, қиын өмірлік жағдайларға тап болған балаларға тегін көмек көрсетеді.

Психологиялық көмекке мұқтаж ата-аналар «Қазақстан әйелдері» ҚБ фейсбук парақшасына жазылып немесе +7 778 545 82 89 номері арқылы тегін психологиялық көмек алуларына болады.

Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар