• Басты
  • Қазақстанда коронавирусты жұқтырған адамдардың саны 44-ке жетті – ДСМ
19 Наурыз, 2020 14:24

Қазақстанда коронавирусты жұқтырған адамдардың саны 44-ке жетті – ДСМ

Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталған 7 науқастың бәрі бұрын ауырғандармен байланыста болған, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қазақстанда коронавирусты жұқтырған  адамдардың саны 44-ке жетті – ДСМ

Коронавирус жұқтырған адамдардың саны өзгерді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тағы 7 науқас тіркеліп отыр. Олардың барлығы Қазақстан азаматы. 25 пен 52 жас аралығында. Барлығы бұрын ауырған адамдармен тікелей байланыста болған. Қазір олар стационарда, карантинде емделіп жатыр. Жағдайлары жақсы. Осы сағатта Алматы бойынша – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25, барлығы 44 науқас тіркелді, - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 

 

 

Барлық жаңалықтар
100.24.113.182, 192.168.88.100